Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 7-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1380 ұсынысы негізінде, Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Жазықбай
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев
Ақжайық аудандық
мәслихаттың 2012 жылғы
№ 4-6 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін
айқындау Қағидасы
Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй корынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматының) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі уәкілетті орган);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы,сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар)- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй қөмегін алуға құқығы бар адамдар.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–үстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–үстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп үстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.
4. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
6. Тұрғын көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
7. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-үстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда өтініш берушіге тағайындалған тұрғын үй көмегінің төлеу тоқтатылады.
Артық төленген соммалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, өзін-өзі жұмыспен азқамтыған тұлғаларды, зейнеткерлерде, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.