Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 40-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 26.02.2014 № 21-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1384 Заңды бұзуды жою туралы ұсынысы негізінде Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жәнібек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 26.02.2014 № 21-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Жәнібек аудандық мәслихаттың "Жәнібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 4 тамыздағы № 26-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-112 тіркелген, 2010 жылғы 10 қыркүйекте "Шұғыла" газетінде № 36 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Т. Сәриев |
Мәслихат хатшысы | Т. З. Кадимов |
Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 14 қарашадағы № 7-3 шешімімен бекітілген |
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 26.02.2014 № 21-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Жәнібек ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері және тәртібін айқындау
Қағидасы
Жәнібек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 26.02.2014 № 21-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде (отбасының азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматының) жиынтық табысы-тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы-кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге,жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға,орнатуға,пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндеті сомасы,сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жәнібек ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйі-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 26.02.2014 № 21-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. "Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін төлемақыға шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының бес пайызы мөлшерінде аз қамтылған отбасылар (азаматтар), ерлі-зайыпты зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты мүгедектер, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар үшін белгіленеді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
8) банктік шоты;
9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 5-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-2. Осы Қағидасының 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Қағида 5-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Қағида 5-3-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Қағида 5-4-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. Қағида 5-5-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. Қағида 5-6-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 25.08.2018 № 23-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. Тұрғын көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
7. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабардар етуге қажет, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда өтініш берушіге тағайындалған тұрғын үй көмегінің төлеу тоқтатылады.
Артық төленген соммалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.