Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.01.2013 № 50 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеленов аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Зеленов ауданының аумағында № 3 Зеленов сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Зеленов ауылдық округінің әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К. Темировқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі М. Унгарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Зеленов аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
_____________Г. Құлжанова
10.09.2012 ж.
Зеленов аудан әкімдігінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 412 қаулысына қосымша
Зеленов ауданының аумағында
№ 3 Зеленов сайлау округі бойынша
шығып қалған депутаттың орнына
аудандық мәслихаттың депутаттығына
барлық кандидаттарының үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындар
Ауылдық округ атаулары |
Елді мекеннің атаулары |
Үгіттік баспа |
Переметный |
Переметный |
"Переметнинский Элеватор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауданындағы стенді |
Забродин |
Бұрынғы мектеп ауданындағы стенді |
|
Поливной |
Фельдшерлік пункт |
|
Зеленов |
Зеленов |
Клуб ауданындағы стенді |
Егіндібұлақ |
Егіндібұлақ |
"Алан" шаруа қожалығы ауданындағы стенді |
Чесноков |
Кітапхана ауданындағы стенді |