Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 18.12.2012 № 19-6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 2 наурыздағы № 10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-9-78 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда аудандық "Қаратөбе өңірі" газетінде № 12 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – 50 000 (елу мың) теңге;
Ауған соғысының қатысушыларына – 10 000 (он мың) теңге;
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайталап некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 5 000 (бес мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Совет Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 3 000 (үш мың) теңге;
Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 10 000 (он мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 10 000 (он мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталған адамдарға – 5 000 (бес мың) теңге;
Совет Армиясының мүгедектері мен Семей ядролық сынақ полигонының мүгедектеріне - 10 000 (он мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларына - 10 000 (он мың) теңге;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, психоневрологиялық аурулардың және мүгедек баланың емделуі үшін бір жолғы көмек 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) жан басына шаққанда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға, азаматтың қайтыс болған кезіндегі бір жолғы көмек 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған туберкулез ауруымен ауыратындарға біржолғы көмек 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) "Капустин-Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Қаратөбе аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Есендосов
Мәслихат хатшысы Б. Тойшыбаев