Қаратөбе ауданы бойынша 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 86 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 маусымда № 7-9-120 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 238 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Қаратөбе ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар практикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
      2. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин

Об организации молодежной практики по Каратобинскому району на 2012 год

Постановление акимата Каратобинского района Западно Казахстанской области от 15 мая 2012 года № 86. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 июня 2012 года № 7-9-120. Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 28 декабря 2012 года № 238

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 28.12.2012 № 238

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", Каратобинский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать молодежную практику для зарегистрированных безработных из числа выпускников организаций образования, реализующих профессиональные образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, не старше двадцати девяти лет.
      2. Государственному учреждению "Каратобинский районный отдел занятости и социальных программ" и государственному учреждению "Центр занятости Каратобинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Умурзакова.

      Аким района                            Н. Карагойшин