Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 18.12.2012 № 19-6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 2 наурыздағы № 10-8 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-9-78 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда аудандық газетінің "Қаратөбе өңірі" № 12 жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
"8) Ұлы Отан соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. Оразова
Мәслихаты хатшысы Б. Тойшыбаев