Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013.01.31 № 28 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Халелов
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 57 қаулысына
қосымша
Шыңғырлау ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарға жататын тұлғалардың қосымша
тізбесі
1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
3. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері;
4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.