"Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда 8526 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы»;
      2) қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі бекітілсін.»;
      3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiнде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек «Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға берiледi. Саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдалануға байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығын саяси партияның басшысына немесе партияның алқалық органының шешiмiмен уәкiлеттi адамға беріледі.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат немесе саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия қамтамасыз етеді.»;
       8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: қаражаттың шотқа келiп түскен күнi, қаражаттың банктен алынған күні қаражат сомасы, қаражат жұмсалған іс-шаралар, қаражаттың түскенiн және жұмсалғанын растайтын құжаттар жазылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлау алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады.
      Қайта дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржылық операциялар қайта дауыс беру күні тағайындалған күні қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен белгіленген шектен аспауға тиіс.
      Әкімдікке кандидаттың сайлау қорына құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі – Сайлау қағидалары) сәйкес белгіленген шектерден аспауға тиіс.»;
      1234-қосымшалар осы қаулыға 1234-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін.
      3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                         Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                             Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы    
Орталық сайлау комиссиясының 
2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214
қаулысына 1-қосымша      

Сайлау қорларының    
қаражатын жұмсаудың ережесіне
1-қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты,
мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттардың және
саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі туралы
анықтама

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттарына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә. немесе саяси партиялардың толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған.
      2. 201 __жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _____ теңге.

Түскен
күні

Сомасы (теңгемен)

Түсім көзі

Түскенін растайтын құжаттар

1




2




3




4




5




      Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.

      Қолдар:

      Банк мекемесінің басшысы:    /Т.А.Ә./

      Бас бухгалтер:               /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының 
2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214
қаулысына 2-қосымша      

Сайлау қорларының    
қаражатын жұмсаудың ережесіне
2-қосымша         

Нысан

Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен,
кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім
қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну
немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты
қайтару туралы анықтама

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған.

Түскен
күні және сомасы теңгемен

Түсім көзі

Қаражаттың банкке түскенін растайтын құжат

Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат

1




2




3




4




5




      Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақша қаражатының дереу қайтарылу шамасына қарай береді.

      Банк мекемесінің басшысы:     /Т.А.Ә./

      Бас бухгалтер:                /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының 
2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214
қаулысына 3-қосымша      

Сайлау қорларының     
қаражатын жұмсаудың ережесіне
3-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың
және саяси партияның сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы
анықтама

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған.
      2. 201 ___ жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы ____ теңге.

Күні

Сомасы
(теңге)

Қаражат жұмсалған
іс-шаралар

Қаражаттың жұмсалғандығын растайтын құжаттар
(төлем қағазының немесе чектің берілген күні мен нөмірі)

      Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.

      Банк мекемесінің басшысы:    /Т.А.Ә./

      Бас бухгалтер:               /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы    
Орталық сайлау комиссиясының 
2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214
қаулысына 4-қосымша      

Сайлау қорларының     
қаражатын жұмсаудың ережесіне
4-қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының
мәслихаттының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың, саяси
партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі сайлау
қоры қаражатын пайдалануы туралы есебі

      1. Қорға түскен ақшалай түсімдердің көздері: (анықтамалар қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі).
      2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: (анықтамалар қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі).
      3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 201 __ жылғы ______ жағдай бойынша -________ теңге.
      4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге мөлшерінде республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының № мен күні).
      5. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының № мен күні).

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, банк растаған жеке шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.

      Есепті растап қол қоюшылар:

      Банк мекемесінің басшысы:                    /Т.А.Ә./

                         М.О.

      Президенттікке, Парламент Сенаты,
      мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат:  /Т.А.Ә./

                         М.О.

      Партия жетекшісі немесе
      партияның ұжымдық органы
      уәкілеттік берген адам:                      /Т.А.Ә./

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы:                                    /Т.А.Ә./

                         М.О. 

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 7 августа 1999 года № 19/222 "Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов и представления отчетов об их использовании при выборах Президента, депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан"

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 27 июня 2013 года N 14/214. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июня 2013 года N 8526

      В соответствии со статьей 34 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан», подпунктом 37) пункта 15 Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205, Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 7 августа 1999 года № 19/222 «Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов и представления отчетов об их использовании при выборах Президента, депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 870), следующие изменения:
      1) наименование изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов»;
      2) пункт 1 постановления изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила расходования средств избирательных фондов.»;
      3) в Правилах расходования средств избирательных фондов и представления отчетов об их использовании при выборах депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      наименование изложить в следующей редакции:
      «Правила расходования средств избирательных фондов.»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Право распоряжения средствами избирательного фонда принадлежит исключительно кандидату в Президенты, депутаты Сената Парламента, маслихата, акимы городов районного значения, сельского округа, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа Республики Казахстан (далее – акимы) или политической партии, выдвинувшей партийный список. Правом подписи на финансовых и других документах, связанных с использованием средств избирательного фонда политической партии, наделяется руководитель политической партии или лицо, уполномоченное решением коллегиального органа партии.»;
      в пункте 2
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      «2. Кандидат в Президенты, депутаты Сената Парламента, маслихата, акимы или политическая партия из средств своих избирательных фондов оплачивают расходы:»;
      подпункт 6) исключить;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Целевое расходование средств избирательных фондов обеспечивают кандидат в Президенты, депутаты Сената Парламента, маслихата, акимы, политическая партия.»;
      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:
      «8. Кандидат в Президенты, депутаты Сената Парламента, маслихата, акимы, политическая партия ведет учет поступления средств в свой избирательный фонд, а также учет их расходования. Учет ведется по каждому виду поступления с указанием даты, суммы в тенге и наименования конкретного физического и юридического лица, перечислившего эти средства. В реестре расходов записывается: дата поступления средств на счет, дата снятия средств в банке, сумма средств, мероприятия, на которые израсходованы средства документы, подтверждающие поступление и расходование средств.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Все финансовые операции по специальным временным счетам прекращаются с 18 часов в день, предшествующий дню выборов.
      При проведении повторного голосования финансовые операции по специальным временным счетам кандидатов, в отношении которых проводится повторное голосование, возобновляются в день назначения дня повторного голосования и прекращаются в восемнадцать часов в день, предшествующий дню выборов. Общая сумма денег, поступивших в избирательный фонд с момента его образования, не должна превышать пределы, установленные Конституционным законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан», за исключением случаев, предусмотренных частью третьей настоящего пункта.
      Общая сумма денег, поступивших с момента образования в избирательный фонд кандидата в акимы, не должна превышать пределы, установленные в соответствии с Правилами избрания на должность, прекращения полномочий и освобождения от должности акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 555.».;
      приложения 1234 изложить в новой редакции согласно приложениям 1234 к настоящему постановлению.
      2. Отделу управления персоналом аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан направить настоящее постановление областным избирательным комиссиям для руководства.
      3. Областным избирательным комиссиям довести настоящее постановление до сведения районных (городских) избирательных комиссий.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Центральной избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       К. Турганкулов

      Секретарь
      Центральной избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       Б.Мельдешов

Приложение 1      
к постановлению Центральной
избирательной комиссии  
Республики Казахстан    
от 27 июня 2013 года № 14/214

Приложение 1       
к Правилам расходования средств
избирательных фондов    

Форма           

                              Справка
            о поступлении средств в избирательные фонды
      кандидатов в Президенты, депутаты Сената Парламента,
   маслихатов, акимы Республики Казахстан и политических партий

      1. Ф.И.О. кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
маслихатов, акимы Республики Казахстан или полное наименование
политических партий, в каком банковском учреждении открыт счет.
      2. Общая сумма избирательного фонда ___________ тенге по
состоянию на ___________ 201___г.


Дата поступления

Сумма (в тенге)

Источник поступления

Документы, подтверждающие поступления

1





2





3





4





5





      Примечание: Представляется банковским учреждением в
соответствующую избирательную комиссию еженедельно, а по запросу
соответствующей избирательной комиссии в течение двадцати четырех
часов.

      Подписи:

      Руководитель банковского учреждения: /Ф.И.О/

      Главный бухгалтер:                  /Ф.И.О/

Приложение 2       
к постановлению Центральной 
избирательной комиссии   
Республики Казахстан     
от 27 июня 2013 года № 14/214

Приложение 2         
к Правилам расходования средств
избирательных фондов    

Форма           

                              Справка
        о возврате средств в случае превышения установленных
        предельных размеров взносов, снятия кандидатом своей
          кандидатуры, отзыва партийного списка или отмены
          решения о выдвижении или регистрации кандидата,
                          партийного списка

      1. Ф.И.О. кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
маслихата, акимы Республики Казахстан, полное наименование
политической партии, в каком банковском учреждении открыт счет.


Дата и сумма поступления в тенге

Источник поступлений

Документ, подтверждающий поступление средств в банк

Дата возврата средств и документ, подтверждающий их возврат

1





2





3





4





5





      Примечание: Представляется банковским учреждением в
соответствующую избирательную комиссию по мере безотлагательного
возврата внесенных денежных средств.

      Руководитель банковского учреждения:      /Ф.И.О./

      Главный бухгалтер:                       /Ф.И.О./

Приложение 3     
к постановлению Центральной
избирательной комиссии  
Республики Казахстан    
от 27 июня 2013 года № 14/214

Приложение 3         
к Правилам расходования средств
избирательных фондов    

Форма           

                                Справка
             о расходовании средств избирательного фонда
            кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
                 маслихата, акимы Республики Казахстан
                         и политической партии

      1. Ф.И.О. кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
маслихата, акимы Республики Казахстан, полное наименование
политической партии, в каком банковском учреждении открыт счет.
      2. Остаток избирательного фонда _______________ тенге, по
состоянию на ___________ 201___ год.


Дата

Сумма (в тенге)

Мероприятия, на которые израсходованы средства

Документы, подтверждающие расходование средств (номер и дата платежного поручения или чека)

1





2





3





4





5





      Примечание: Представляется банковским учреждением в
соответствующую избирательную комиссию еженедельно, а по запросу
соответствующей избирательной комиссии - в течение двадцати четырех
часов.

      Руководитель банковского учреждения:            /Ф.И.О./

      Главный бухгалтер:                             /Ф.И.О./

Приложение 4         
к постановлению Центральной  
избирательной комиссии   
Республики Казахстан     
от 27 июня 2013 года № 14/214 

Приложение 4         
к Правилам расходования средств
избирательных фондов      

Форма           

                               Отчет
        кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
        маслихата, акимы Республики Казахстан, политических
       партий об использовании средств избирательного фонда
               после установления итогов выборов

      1. Источники денежных поступлений в фонд:
(представляются справки с приложением документов, подтверждающих
поступление средств).
      2. Затраты, совершенные в целях предвыборной агитации:
(представляются справки с приложением документов, подтверждающих
расходование средств).
      3. Остаток средств избирательного фонда ________ тенге по
состоянию на ________ 201__год.
      4. Перечислено в республиканский бюджет две трети остатка в
сумме_______тенге (дата и № платежного документа).
      5. Возвращено кандидату в Президенты, депутаты Сената
Парламента, маслихатов, акимы, политической партии одна треть остатка
в сумме ________тенге (дата и номер платежного документа).

      Примечание: Представляется кандидатом в Президенты, депутаты
Сената Парламента, маслихата, акимы Республики Казахстан,
политической партией в Центральную избирательную комиссию не позднее
пяти дней после установления итогов выборов с копией лицевого счета,
заверенной банком.

      Отчет заверяется

      Подписью руководителя банковского учреждения:         /Ф.И.О/

      М.П.

      Подписью кандидата в Президенты, депутаты Сената Парламента,
маслихата, акимы:                                          /Ф.И.О/

      М.П.

      Подписью руководителя партии
      или лица уполномоченного коллективным
      органом партии:                                        /Ф.И.О/

      Подписью Председателя Центральной
      избирательной комиссии Республики Казахстан:           /Ф.И.О/

      М.П.