Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8549 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 211) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.07.2024 № 428/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
1-қосымша

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мен ұсыну тәртібін регламенттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.07.2024 № 428/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.07.2024 № 428/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат жинау, талдау және ұсынымдар әзірлеу жөніндегі қызметі;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;

      7) алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.02.2024 № 68/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2020 № 19/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2024 № 68/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Есепті қалыптастыру тәртібі

      5. Есеп:

      орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі негізгі бағыттары туралы;

      көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру, автоматтандыру бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметінің нәтижелері туралы;

      көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс тетігі туралы (соның ішінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізілген тыңдалымдар саны);

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.02.2024 № 68/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Есеп үшін ақпараттар көзі:

      1) статистикалық деректер;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген "Мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері;

      6) көрсетілетін қызметті алушылар сұрауларының нәтижелері болуы мүмкін.

      7. Есепті әзірлеу кезінде қолданылған ақпарат мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:

      1) шынайылық (мониторинг процесінде алынған деректердің нақтылығын тексеру мүмкіндігімен деректерді жинау тәсілі және өңдеу қолданылады);

      2) салыстырмалылық (әртүрлі мерзімдегі кезеңдегі салыстырмалы деректер қолданылады);

      3) объективтілік (бірнеше тәуелсіз көздерден алынған деректер қолданылады);

      4) экономикалық (деректерді алу ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерін қолдана отырып минималды мүмкін болатын шығындармен жүргізіледі);

      5) болжамдылық (стратегиялық жоспарларда, бағдарламаларда, іс-шаралар жоспарларында және тағы басқаларында бар индикаторлар, көрсеткіштер қолданылады);

      6) толықтылық (есепке деректерді тексеру және талдау дайындау үшін қолданылатын барлық ақпараттар көздерінің тізбесі қоса беріледі).

      8. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері есепті қалыптастыру кезінде таблицаларды, диаграммаларды, таныстырылымдарды, фотоларды, слайдтарды қолданады.

      9. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері "электрондық үкімет" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей осы бұйрықпен бекітілген үлгі нысанға сәйкес алдыңғы жылға есебін орналастыру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны

      Ескерту. Үлгі нысан жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

      2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

      көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;

      тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

      қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2020 № 19/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2024 № 68/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

      2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2020 № 19/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.02.2024 № 68/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

      5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Об утверждении Правил формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг и его типовой формы

Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 193. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2013 года № 8549.

      В соответствии с подпунктом 211) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 16.07.2024 № 428/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить:

      1) Правила формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Типовую форму отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития системы государственного управления Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан (Кудайбергеновой А.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего приказа на официальное опубликование в средствах массовой информации в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) опубликование настоящего приказа на официальном

      интернет-ресурсе Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Абылкасымову М.Е.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

Министр

Е. Досаев


  Приложение 1
к приказу Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 25 июня 2013 года № 193

Правила формирования и представления отчета деятельности
центральных государственных органов, местных исполнительных
органов областей, городов республиканского значения, столицы,
районов, городов областного значения, акимов районов в городе,
городов районного значения, поселков, сел, сельских округов
по вопросам оказания государственных услуг
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг (далее – Правила) определяют порядок формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг (далее – отчет).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 16.07.2024 № 428/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Исключен приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 16.07.2024 № 428/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Отчет формируется в целях повышения прозрачности и подотчетности деятельности государственных органов, совершенствования процесса оказания государственных услуг.

      4. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) услугополучатель - физические и юридические лица, за исключением центральных государственных органов, загранучреждений Республики Казахстан, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      2) услугодатель - центральные государственные органы, загранучреждения Республики Казахстан, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимы районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также физические и юридические лица, оказывающие государственные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) государственная услуга – одна из форм реализации отдельных государственных функций или их совокупности, осуществляемых по обращению или без обращения услугополучателей и направленных на реализацию их прав, свобод и законных интересов, предоставление им соответствующих материальных или нематериальных благ;

      4) общественный мониторинг качества оказания государственных услуг - деятельность физических лиц, некоммерческих организаций по сбору, анализу информации об уровне качества оказания государственных услуг и выработке рекомендаций;

      5) оценка качества оказания государственных услуг - деятельность по определению эффективности мер по обеспечению услугополучателей доступными и качественными государственными услугами, оказываемыми центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      6) автоматизация процесса оказания государственной услуги - процедура преобразования административных процессов услугодателя для обеспечения оказания государственной услуги в электронной форме;

      7) исключен приказом и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.02.2024 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      8) веб-портал "электронного правительства" – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказами Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.01.2020 № 19/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 13.02.2024 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок формирования отчета

      5. Отчет должен содержать сведения:

      об основных направлениях деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг;

      о количестве оказанных государственных услуг;

      о результатах деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по совершенствованию, автоматизации процесса оказания государственных услуг

      о механизме обратной связи с услугополучателями (в том числе количество проведенных заслушиваний в соответствии с 73 статьей Административным процедурно-процессуальным Кодексом Республики Казахстан. );

      о мерах, принятых по обращениям физических и юридических лиц, направленных на повышение качества государственных услуг.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.02.2024 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Источниками информации для отчета могут являться:

      1) статистические данные;

      2) результаты оценки эффективности деятельности государственных органов по направлению "Оказание государственных услуг", проведенной уполномоченными государственными органами;

      3) результаты контроля за качеством оказания государственных услуг;

      4) результаты внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг;

      5) результаты общественного мониторинга качества оказания государственных услуг;

      6) результаты опросов услугополучателей.

      7. Информация, используемая при разработке отчета, должна соответствовать следующим критериям:

      1) достоверности (используются способы сбора и обработки данных с возможностью проверки точности полученных данных в процессе мониторинга);

      2) сопоставимости (используются сравнительные данные за различные временные периоды);

      3) объективности (используются данные из нескольких независимых источников);

      4) экономичности (получение данных производится с минимально возможными затратами, с использованием существующих методов сбора информации);

      5) прогнозируемости (используются индикаторы, показатели, содержащиеся в стратегических планах, программах, планах мероприятий и так далее);

      6) полноты (к отчету прикладывается весь перечень источников информации, которые используются для проверки данных и подготовки анализа).

      8. Центральные государственные органы, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районы, города областного значения, акимы районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов при формировании отчета используют таблицы, диаграммы, презентации, фотографии, слайды.

      9. Центральные государственные органы, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов ежегодно, не позднее 30 апреля года следующего за отчетным, размещают на веб-портале "электронного правительства", интернет-ресурсах и в других средствах массовой информации отчет за предыдущий год согласно типовой форме, утвержденной настоящим приказом.

  Приложение 2
к приказу Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 25 июня 2013 года № 193

Типовая форма отчета деятельности центральных
государственных органов, местных исполнительных органов
областей, городов республиканского значения, столицы, районов,
городов областного значения, акимов районов в городе, городов
районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам
оказания государственных услуг

      Сноска. Типовая форма в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 09.12.2015 № 757 (вводится в действие с 01.03.2016).

      1. Общие положения

      1) Сведения об услугодателе.

      2) Информация о государственных услугах:

      количество оказанных государственных услуг;

      количество государственных услуг, оказываемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан";

      количество государственных услуг, оказываемых на бесплатной и (или) платной основе;

      количество государственных услуг, оказываемых в бумажной и (или) электронной форме;

      количество утвержденных подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;

      3) Информация о наиболее востребованных государственных услугах.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказами Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.01.2020 № 19/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 13.02.2024 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Работа с услугополучателями

      1) Сведения об источниках и местах доступа к информации о порядке оказания государственных услуг.

      2) Информация о публичных обсуждениях проектов подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг.

      3) Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса оказания государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и иное).

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.01.2020 № 19/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Деятельность по совершенствованию процессов оказания государственных услуг

      1) Результаты автоматизации процессов оказания государственных услуг.

      2) Мероприятия, направленные на повышение квалификации сотрудников в сфере оказания государственных услуг.

      3) Нормативно-правовое совершенствование процессов оказания государственных услуг.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.02.2024 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Контроль за качеством оказания государственных услуг

      1) Информация о жалобах услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг (приложение).

      2) Результаты внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг.

      3) Результаты контроля за качеством оказания государственных услуг, проведенного уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      4) Результаты общественного мониторинга качества оказания государственных услуг.

      5. Перспективы дальнейшей эффективности и повышения удовлетворенности услугополучателей качеством оказания государственных услуг.