"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 қазанда № 8768 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 тіркелді, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
      1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;
      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
      4) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау - техникалық және кәсіпті, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде жұмысты орындау бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында сертификаттау жөніндегі орган өткізетін рәсім;
      5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
      6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1 тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.
      Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының, жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасында құрылады.
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      «34-1. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беру үшін қажетті шарт болып табылатын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.
      Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.
      Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 17 маусымдағы № 7796 тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                           Б. Жұмағұлов

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 360. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2013 года № 8768

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5191, опубликованный в «Юридической газете» от 30 мая 2008 года № 81 (1481)), следующие изменения и дополнения:
      в Типовые правила проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. В настоящих Правилах использованы следующие определения:
      1) текущий контроль успеваемости обучающихся - это систематическая проверка знаний обучающихся, проводимая преподавателем на текущих занятиях в соответствии с учебной программой дисциплины;
      2) промежуточная аттестация обучающихся - процедура, проводимая с целью оценки качества усвоения содержания части или всего объема одной учебной дисциплины после завершения ее изучения;
      3) итоговая аттестация обучающихся - процедура, проводимая организацией образования с целью определения степени освоения ими государственного общеобязательного стандарта технического и профессионального, послесреднего образования;
      4) оценка уровня профессиональной подготовленности – процедура, проводимая с целью определения степени соответствия уровня квалификации выпускника организаций технического и профессионального, послесреднего образования выполнению работы в рамках соответствующего вида профессиональной деятельности с органом по сертификации;
      5) орган по сертификации - юридическое лицо, аккредитованное в установленном порядке для организации процедуры по подтверждению соответствия и выдачи сертификата о квалификации по итогам оценки уровня профессиональной подготовленности;
      6) квалификационная комиссия – коллегиальный орган, создаваемый для оценки уровня профессиональной подготовленности и определения уровня квалификации выпускника организаций технического и профессионального, послесреднего образования.»;
      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:
      «23-1. Итоговая аттестация обучающихся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования проводится учебным заведением с целью определения степени освоения обучающимися образовательных программ по соответствующим специальностям.»;
      пункт 24 изложить следующей редакции:
      «24. Для проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях образования создается аттестационная экзаменационная комиссия приказом руководителя организации образования.
      Состав аттестационной экзаменационной комиссии формируется из числа высококвалифицированных специалистов предприятий, преподавателей специальных дисциплин, мастеров производственного обучения и представителей коллегиальных органов управления учебного заведения в соотношении 75 % от представителей работодателей и 25 % от представителей организации технического и профессионального, послесреднего образования.»;
      пункт 34 изложить следующей редакции:
      «34. Заседание аттестационной экзаменационной комиссии оформляется соответствующим протоколом, который подписывается председателем, членами и секретарем комиссии.
      Выписки из протокола заседания аттестационной экзаменационной комиссии о результатах итоговой аттестации обучающихся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования передаются в орган по сертификации.»;
      дополнить пунктом 34-1 следующего содержания:
      «34-1. Оценка уровня профессиональной подготовленности и присвоение квалификации – часть итоговой аттестации обучающихся организаций технического и профессионального, послесреднего образования, являющаяся необходимым условием для выдачи документа государственного образца об образовании.
      Для организации оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации выпускникам органом по сертификации создается квалификационная комиссия.
      Председатель квалификационной комиссии назначается из числа представителей предприятий и ассоциаций работодателей по согласованию с региональными палатами и филиалами палат Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан (за исключением автономных организации образования), а в организациях образования республиканского подчинения по согласованию с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан (за исключением автономных организации образования (не более 3-х раз подряд)). В состав квалификационной комиссии входят представители предприятий, преподаватели специальных дисциплин, мастера производственного обучения, представители органов по охране труда и техники безопасности в соотношении 75 % от представителей работодателей и 25 % от представителей организации технического и профессионального, послесреднего образования по согласованию с региональными палат и филиалами Национальной палаты предприниматели Республики Казахстан (за исключением автономных организации образования).»;
      пункт 35 изложить следующей редакции:
      «35. Оценка уровня профессиональной подготовленности и присвоение квалификации обучающихся осуществляется в соответствии с Правилами оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) технического и обслуживающего труда, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 281 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 17 июля 2012 года за № 7796.».
      2. Департаменту технического и профессионального образования (Борибеков К.К):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Абенова М.А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов