Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 қарашада № 8891 тіркелді. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабын іске асыру мақсатында":

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.06.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      1. Қоса берілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.

      А. Шәкіров

  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 18 өкімімен
бекітілген

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсатын, міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

      2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) туралы ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабына сәйкес әзірленген".

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.06.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      3. Үйлестіру кеңесі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанында консультативтік-кеңестік орган ретінде, ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жүйесі ретінде құрылады.

      4. Үйлестіру кеңесіне:

      1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      2) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған;

      3) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған;

      4) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын тұлғалар мүше бола алмайды.

      5. Үйлестіру кеңесіне сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар мүше бола алмайды.

2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері

      6. Үйлестіру кеңесінің міндеттеріне:

      1) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу;

      2) ұлттық алдын алу тетігі қызметіне мониторинг жүргізу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;

      3) ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала болу мекемелері мен ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алумен және жоюмен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      4) алдын ала болуды жүргізу нәтижесінде алынған деректерді талдау, жүйелеу және пайдалану.

3.Үйлестіру кеңесінің құрамы

      7. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл барлық ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіреді, қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету бойынша шара қолданады.

      8. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия сайлайды.

      9. Үйлестіру кеңесінің хатшысын Үйлестіру кеңесінің сайланған мүшелерінің арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындайды.

      10. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау құпия дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен жүргізіледі.

      11. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысы әрбір төрт жыл сайын қайта сайланады. Бірінші сайлауда сайланған мүшелер санының жартысының өкілеттіктері екі жылдық кезең өткен соң аяқталады. Бірінші сайлаудан кейін бұл мүшелердің аты-жөндері жеребе тастау арқылы анықталады, оны Үйлестіру кеңесінің Төрағасы жүргізеді. Сайлау олардың өкілеттіктері аяқталғанға дейін бір ай бұрын кешіктірілмей жүргізіледі.

      12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.
      13. алып тасталды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

4. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері

      14. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің міндеттерін шешу үшін:

      1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жөніндегі шағын комитетімен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жүзеге асыру саласындағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар мен ескертулер енгізеді;

      3) заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарынан, алдын ала бару мекемелерінен, сондай-ақ меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан Үйлестіру кеңесінің қызметін жүзеге асыруға қажет құжаттарға сұрау салады;

      4) өзінің отырыстарына әр түрлі мемлекеттік билік органдарының, алдын ала бару мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың басшылары мен өкілдерін шақырады;

      5) қажет болған жағдайда, өзінің отырыстарында тиісті лауазымды тұлғалардың олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратын (хабарламалар, баяндамалар және т.б.) тыңдайды;

      6) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде алдын ала баруға жататын мекемелердің тізімі мен мерзімін белгілейді;

      7) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы хабарламалар мен шағымдар туралы ақпаратты қабылдайды. Қабылданған және тікелей Үйлестіру кеңесіне хабарламалар мен шағымдар туралы жіберілген ақпарат Үйлестіру кеңесінің хаттамасына енгізіледі;

      8) алдын ала болуды жүзеге асыру үшін ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларын іріктейді;

      9) ұлттық алдын алу тетігі топтарының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептілік нысанын бекітеді;

      10) алдын ала болуды өткізу нәтижелері бойынша есептілік құжаттаманы өңдейді және талдайды;

      11) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және жібереді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;

      13) ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөніндегі әзірленген ұсынымдарды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескере отырып, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамасын әзірлейді.

      14) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу туралы есепті адалдығына күмәнданған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы қатысушыларды ұлттық алдын алу тетігі өңірлік топтарының құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      20. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

      1) Үйлестіру кеңесінің Төрағасы болып табылады;

      2) Үйлестіру кеңесі мен оның мүшелерінің қызметін үйлестіреді;

      3) Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету үшін шара қолданады;

      4) Үйлестіру кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді;

      5) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

      6) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы ақпаратты, хабарламаларды және шағымдарды қарауға қабылдайды;

      7) Үйлестіру кеңесі мүшесінің орнынан кетуі туралы хабарламасын қабылдайды;

      8) алып тасталды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      16. Үйлестіру кеңесінің хатшысы:

      1) отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;

      2) отырыстың хаттамасын ресімдейді;

      3) Төрағаның тапсырмаларын орындайды және Үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды;

      17. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:

      1) Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие;

      2) Үйлестіру кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша оның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау үшін мәселелерді енгізеді;

      4) Үйлестіру кеңесінің дауыс беруіне өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;

      5) ерекше пікірге ие бола алады, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалады.

5. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату

      18. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктері:

      1) осы Ереженің нормаларын бұзған;

      2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініші болған;

      3) қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде тоқтатылады.

      7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

6. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі

      19. Үйлестіру кеңесі жұмысының нысаны - Үйлестіру кеңесінің отырысы, соның ішінде өңірлер бойынша көшпелі отырыстар.

      20. Үйлестіру кеңесінің отырысын Төраға шақырады, ал ол болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі бір тоқсанда кемінде бір рет шақырады;

      21. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, Үйлестіру кеңесінің үштен бір бөлігінен кем емес мүшелерінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін;

      22. Үйлестіру кеңесінің отырысы Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде өткізіледі.

      23. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысының жұмысын ұйымдастыруды Төраға, ол уақытша болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі жүзеге асырады.

      24. Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша шешім қабылданады.

      25. Үйлестіру кеңесінің шешімі, егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Егер шешім қабылдау кезінде дауыстар тең бөлінсе, отырыста төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған шешім болып саналады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселесі бойынша шешім қатысушылардың 2/3 көпшілігімен қабылданады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 03.04.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      26. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсыным беру сипатына ие.

      27. Үйлестіру кеңесінің отырысында алдын ала болу нәтижелері, ұлттық алдын алу тетігінің қызмет нысанына байланысты нормативтік-құқықтық актілерді талқылау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.

      28. Үйлестіру кеңесінің отырысында хаттама жүргізіледі, онда күн тәртібі, қатысқандардың аты-жөндері, дауыс беру нәтижелері, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. Хаттамаға Үйлестіру кеңесінің Төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      29. Үйлестіру кеңесінің қатысушылары адамның жеке өмірі туралы оған алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктермен танысу барысында белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етпейді.

9. Қорытынды ережелер

      30. Үйлестіру кеңесінің жұмыс тілі қазақ және орыс тілдері болып табылады.

      31. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аппаратына жүктеледі.

      32. Үйлестіру кеңесін жою туралы ұсыныс толық құрамдағы отырыста қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека

Распоряжение Уполномоченного по правам человека от 26 сентября 2013 года № 18. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2013 года № 8891. Утратило силу приказом Уполномоченного по правам человека от 20 января 2023 года № 1.

      Сноска. Утратило силу приказом Уполномоченного по правам человека от 20.01.2023 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации статьи 40 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, статьи 184-2 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", статьи 10-2 Закона Республики Казахстан "О принудительном лечении больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией", статьи 46-11 Закона Республики Казахстан "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества", статьи 47-2 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан", статьи 27 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности", статьи 11-2 Закона Республики Казахстан "О специальных социальных услугах":

      Сноска. Преамбула в редакции распоряжения Уполномоченного по правам человека от 27.06.2019 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека.

      2. Настоящее распоряжение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

А. Шакиров



  Утверждено
распоряжением Уполномоченного
по правам человека
от 26 сентября 2013 года № 18

Положение о Координационном совете при Уполномоченном по правам
человека
1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека (далее - Положение) определяет цель, задачи, функции, правовые и организационные основы деятельности Координационного совета при Уполномоченном по правам человека.

      2. Положение о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека (далее - Координационный совет) разработано в соответствии со статьей 40 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, статьей 184-2 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", статьей 10-2 Закона Республики Казахстан "О принудительном лечении больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией", статьей 46-11 Закона Республики Казахстан "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества", статьей 47-2 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности", статьей 11-2 Закона Республики Казахстан "О специальных социальных услугах".

      Сноска. Пункт 2 в редакции распоряжения Уполномоченного по правам человека от 27.06.2019 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Координационный совет создается при Уполномоченном по правам человека, как консультативно-совещательный орган, в целях эффективной координации деятельности национального превентивного механизма в виде системы предупреждения пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания, функционирующей посредством деятельности участников национального превентивного механизма.

      4. Членами Координационного совета не могут быть лица:

      1) имеющие не погашенную или не снятую в установленном законом порядке судимость;

      2) подозреваемые или обвиняемые в совершении преступления;

      3) признанные судом недееспособными или ограниченно дееспособными;

      4) состоящие на учете у психиатра и (или) нарколога.

      5. В члены Координационного совета также не могут быть избраны лица, освобожденные от уголовной ответственности по нереабилитирующим основаниям за совершение умышленного преступления; уволенные с государственной или воинской службы, из правоохранительных и специальных государственных органов, судов или исключенные из коллегии адвокатов по отрицательным мотивам; лишенные лицензии на занятие адвокатской деятельностью.

2. Задачи Координационного совета

      6. К задачам Координационного совета относятся:

      1) предупреждение пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания;

      2) мониторинг деятельности национального превентивного механизма, проведение мероприятий, направленных на повышение уровня его эффективности;

      3) обеспечение взаимодействия участников национального превентивного механизма с учреждениями и организациями превентивного посещения, государственными органами, научными и общественными организациями, объединениями по вопросам, связанным с предупреждением и устранением последствий пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания;

      4) анализ, систематизация и использование данных, полученных в результате проведения превентивных посещений.

3. Состав Координационного совета

      7. Уполномоченный по правам человека координирует деятельность всех участников национального превентивного механизма, принимает меры по обеспечению необходимого потенциала и профессиональных знаний участников.

      8. Члены Координационного совета, за исключением Уполномоченного по правам человека, избираются комиссией, создаваемой Уполномоченным по правам человека, из числа граждан Республики Казахстан.

      9. Секретарь Координационного совета назначается Уполномоченным по правам человека из числа избранных членов Координационного совета.

      10. Избрание членов Координационного совета производится путем тайного голосования комиссии простым большинством голосов.

      11. Половина членов Координационного совета переизбирается каждые четыре года. Срок полномочий половины числа членов, избранных на первых выборах, заканчивается по истечении двухлетнего периода. После первых выборов имена этих членов определяются жеребьевкой, которую проводит Председатель Координационного совета. Выборы проводятся не позднее, чем за месяц до окончания срока их полномочий.

      12. При наличии обстоятельств, вызывающих сомнение в беспристрастности члена Координационного совета, он отказывается от членства в Координационном совете. Член Координационного совета может выйти из его состава путем направления соответствующего уведомления в произвольной форме Уполномоченному по правам человека.

      Сноска. Пункт 12 в редакции распоряжения Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. Исключен распоряжением Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Полномочия Координационного совета

      14. Координационный совет для решения задач национального превентивного механизма:

      1) взаимодействует с Подкомитетом по предупреждению пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания Комитета Организации Объединенных Наций против пыток;

      2) вносит предложения и замечания по решению проблем в сфере осуществления деятельности национального превентивного механизма;

      3) запрашивает необходимые для осуществления деятельности Координационного совета документы от государственных органов, учреждений и организаций превентивного посещения, а также организаций, независимо от организационно-правовой формы собственности, и их должностных лиц;

      4) приглашает на свои заседания руководителей и представителей различных органов государственной власти, учреждений и организаций превентивного посещения, общественных объединений и иных организаций;

      5) заслушивает на своих заседаниях информацию (сообщения, доклады) от соответствующих должностных лиц по вопросам, входящим в их компетенцию;

      6) определяет сроки и перечень учреждений и организаций, подлежащих превентивным посещениям, в пределах выделенных бюджетных средств;

      7) принимает информацию о сообщениях и жалобах о применении пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания. Информация о принятых и переданных сообщениях и жалобах непосредственно в Координационный совет включается в протокол заседания Координационного совета;

      8) осуществляет отбор участников национального превентивного механизма для осуществления превентивного посещения;

      9) утверждает форму отчетности групп национального превентивного механизма по результатам превентивного посещения;

      10) обрабатывает и анализирует отчетную документацию по результатам проведения превентивных посещений;

      11) вырабатывает и направляет рекомендации уполномоченным государственным органам по улучшению условий обращения с лицами, содержащимися в учреждениях и организациях, подлежащих превентивному посещению;

      12) разрабатывает предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан;

      13) подготавливает ежегодный консолидированный доклад участников национального превентивного механизма с учетом их отчетов по результатам превентивных посещений, разработанных рекомендаций для уполномоченных государственных органов по улучшению условий обращения с лицами, содержащимися в учреждениях и организациях, подлежащих превентивному посещению, и предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан;

      14) при сомнении в добросовестности подготовки участниками национального превентивного механизма отчета о превентивном посещении члены Координационного совета принимают решение об исключении данных участников из состава региональных групп национального превентивного механизма.

      Сноска. Пункт 14 с изменением, внесенным распоряжением Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Уполномоченный по правам человека:

      1) является Председателем Координационного совета;

      2) координирует деятельность Координационного совета и его членов;

      3) принимает меры для обеспечения необходимого потенциала и профессиональных знаний членов Координационного совета;

      4) председательствует на заседаниях Координационного совета;

      5) утверждает план работы Координационного совета;

      6) получает на рассмотрение информацию, сообщения и жалобы о применении пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания;

      7) принимает уведомление об отставке члена Координационного совета.

      8) исключен распоряжением Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным распоряжением Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Секретарь Координационного совета:

      1) организует и контролирует подготовку материалов, выносимых на рассмотрение заседания;

      2) оформляет протокол заседания;

      3) выполняет поручения Председателя и принимает меры для обеспечения эффективности работы Координационного совета.

      17. Члены Координационного совета:

      1) обладают равными правами при обсуждении вопросов, рассматриваемых на заседании Координационного совета;

      2) по поручению Председателя Координационного совета в случае его отсутствия председательствуют на его заседаниях;

      3) вносят вопросы для обсуждения на заседание Координационного совета;

      4) вносят на голосование Координационного совета свои собственные предложения и рекомендации;

      5) могут иметь особое мнение, в случае выражения которого оно излагается в письменном виде.

5. Прекращение полномочий члена Координационного совета

      18. Полномочия члена Координационного совета прекращаются при:

      1) нарушении норм настоящего Положения;

      2) письменном заявлении о сложении своих полномочий;

      3) смерти либо вступлении в законную силу решения суда об объявлении его умершим;

      4) выезде на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан;

      5) утрате гражданства Республики Казахстан;

      6) вступлении в законную силу обвинительного приговора суда;

      7) наступлении иных случаев, предусмотренных законом.

      Сноска. Пункт 18 с изменением, внесенным распоряжением Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

6. Организация и порядок работы Координационного совета

      19. Форма работы Координационного совета – заседание Координационного совета, в том числе выездное по регионам.

      20. Заседание Координационного совета созывается Председателем, а в случае его отсутствия по его поручению членом Координационного Совета, не реже одного раза в квартал.

      21. Внеочередное заседание Координационного совета проводится по мере необходимости, и созывается по требованию не менее одной трети членов Координационного совета.

      22. Заседание Координационного совета проводится при участии более половины членов Координационного совета.

      23. Организация работы очередного заседания Координационного совета осуществляется Председателем, а при его временном отсутствии по его поручению членом Координационного совета.

      24. По результатам заседания Координационного совета принимается решение.

      25. Решение Координационного совета считается принятым, если за него проголосовало более половины присутствующих членов Координационного совета. Если при принятии решения голоса разделились поровну, принятым решением считается решение, за которое проголосовал председательствующий на заседании. По вопросу прекращения(приостановления) полномочий члена Координационного совета решение принимается квалифицированным большинством в 2/3 присутствующих.

      Сноска. Пункт 25 в редакции распоряжения Уполномоченного по правам человека от 03.04.2019 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. Решения Координационного совета носят рекомендательный характер.

      27. На заседании Координационного совета вырабатываются рекомендации и предложения по результатам превентивных посещений, обсуждению нормативных правовых актов, связанных с предметом деятельности национального превентивного механизма.

      28. На заседании Координационного совета ведется протокол, в котором указываются: повестка дня, фамилии присутствующих, результаты голосования, принятые рекомендации и предложения. Протокол подписывается Председателем и секретарем Координационного совета.

      29. Участниками Координационного совета не допускается разглашение сведений о частной жизни лица, ставших известными им в ходе ознакомления с отчетами по результатам превентивных посещений.

9. Заключительные положения

      30. Рабочим языком Координационного совета является казахский и русский языки.

      31. Организационно-техническое обеспечение деятельности Координационного совета возлагается на аппарат Уполномоченного по правам человека.

      32. Предложение об упразднении Координационного совета принимается простым большинством голосов на заседании в полном составе.