Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 қазандағы № 06-7/148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8914 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту қағидасын бекіту туралы ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Хайдаров А.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     А. Байменов

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 06-7/148 бұйрығымен 
бекітілген      

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған
тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
      1) тәлімгерлік - мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғалардың қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға кәсіби дайындау мен бейімдеу;
      2) тәлімгер - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
      3) қызметші - мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған адам.

2. Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері

      3. Тәлімгерліктің мақсаты қызметшілердің және мемлекеттік органдардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету, қызметшілердің кәсіби дайындығына көмек көрсету болып табылады.
      4. Тәлімгерліктің негізгі міндеттері:
      1) қызметшінің мемлекеттік қызметке жауапты және саналы қатынасын қалыптастыру;
      2) қызметшінің мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жағдайларына бейімделуіне көмек көрсету;
      3) қызметшілерді кәсіби дайындау процестерін жеделдету;
      4) қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітілген (бұдан әрі - лауазымдық міндеттер) атқаратын лауазымына сәйкес оларға жүктелген міндеттерді өз бетінше, сапалы және жауапты орындау қабілеттерін дамыту болып табылады.

3. Тәлімгерлікті ұйымдастыру

      5. Тәлімгерлік «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының В-5, С-5, С-О-6, С-R-4, С-R-5, D-5, D-О-5, D-0-6, Е-5, Е-R-5, Е-G-4 санаттары бойынша қабылданған қызметшілерге қатысты жүзеге асырылады.
      Өзге санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған қызметшілерге қатысты тәлімгерлік мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      6. Тәлімгерлік 1 айдан 2 айға дейінгі мерзімді құрайды.
      Мемлекеттік әкімшілік қызметші дәлелді себептермен қызметте болмаған кезең тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзіміне есептелмейді.
      7. Болжамды тәлімгер келіскен жағдайда, лауазымдық өкілеттікке сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлерін лауазымға тағайындау мен лауазымнан босату құқығы берілген тұлғаның немесе осы өкілеттіктер берілген өзге тұлғаның атына жазылған, қызметшінің тікелей басшысының ұсынысы тәлімгерді бекітуге негіздеме болады.
      8. Тәлімгер мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) мемлекеттік қызметте қызмет өтілі кемінде екі жыл болуы;
      2) мемлекеттік қызметшілердің қызметін соңғы бағалау нәтижесі бойынша «тиімді» баға алуы. Тәлімгердің кандидатурасын іріктеу кезінде, болжамды тәлімгердің жыл сайынғы қызметін бағалау өткізілмесе, аттестациялық комиссияның соңғы шешімі бойынша; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің оң қорытындысы болуы қажет;
      3) тәртіптік жазасы жоқ болуы;
      Аталған талаптарға сәйкес келетін тәлімгердің кандидатурасы болмаған жағдайда, тәлімгер ретінде қызметшінің тікелей басшысы бекітіледі.
      9. Мемлекеттік қызметшіні тәлімгер ретінде бекіту мемлекеттік органға қызметші қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей, лауазымға тағайындау құқығы бар тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
      10. Бір тәлімгерге екі қызметшіден артық бекітуге жол берілмейді.
      11. Егер де тәлімгердің тәлімгерлікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда (босату, басқа мемлекеттік лауазымға ауысуға, дәлелді себептермен бойынша жұмыста бір аптадан көп болмаған уақытында) тәлімгердің ауыстырылуда осы ереженің 9-тармағында көрсетілген, тәлімгердің атқаратын әкімшілік лауазымнан босатылған соң бес жұмыс күнінен немесе тәлімгердің жұмыста болмаған бірінші күнінен он жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.
      Бұл ретте, тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгертілмейді.
      12. Тәлімгер оны тәлімгер болып бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кәсіптік қызметшінің дайындығы мен бейімделуі туралы жеке жоспар дайындайды. Жоспар қызметшінің жұмыс орнындағы құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісіледі.
      13. Тәлімгер:
      1) қызметшіге оның лауазымдық міндеттерімен, қызметінің негізгі бағыттарымен, мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыру және өкілеттіктерімен, орындаушылық тәртібімен, мемлекеттік қызметке байланысты құқықтармен, міндеттермен, шектеулермен, қызметшінің қызметтік мінез-құлық талаптарымен танысуға жәрдемдеседі;
      2) қызметшіге нормативтік құқықтық актілер мен оның лауазымдық міндеттерін орындауда пайдаланылатын нормативтік актілерді таныстырады;
      3) қызметшіге қызметтік міндеттерін және тапсырмаларын сапалы орындаудың кәсіби әдістері және тәсілдерін оқытады;
      4) қызметшіге берілген тапсырмалар мен жеке жоспарда көрсетілген іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) қызметшімен жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп жояды, қызметшіге орын алған кемшіліктерін жоюға көмек көрсетеді;
      6) қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындауға қатынасын, сондай-ақ жұмыстағы әріптестерге, азаматтарға сыпайы қарым-қатынастарын қалыптастырады;
      7) қызметші туралы пікір береді.
      14. Қызметші:
      1) оған берілген тапсырмаларды орындайды, бейімдеу мен кәсіби дайындау жеке жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
      2) лауазымдық міндеттерін орындауда тәлімгердің ұсынымдарын басшылыққа алады;
      3) өзінің тәлімгерінен көмек сұрай алады;
      4) өзінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарлатуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, білім алуға күш салады;
      5) тәлімгерлік мерзімінің аяқталуы бойынша есеп дайындайды.

4. Қорытынды

      15. Қызметші тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін жеке жоспарының орындалуы, басқа орындалған тапсырмалар, тәлімгерлік кезеңінде алынған білімдер мен дағдылар, тәлімгерлікті ұйымдастыру жөнінде ескертулер мен ұсыныстар туралы есеп дайындайды.
      Қызметшінің есебі қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.
      16. Тәлімгерлік аяқталуы бойынша тәлімгер қызметшіге қызметшінің лауазымдық міндеттерінің орындалу нәтижелері, оның білімінің деңгейі, шеберлігі мен дағдыларының дамуы, қызметтік міндеттерін өзіндік орындау қабілеті, қызметтік құжаттамаларды дайындау сапасы көрсетілетін пікір дайындайды.
      Пікір қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.
      17. Қызметшінің есебі мен тәлімгердің пікірі тәлімгерлік аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 9-тармағында көзделген тұлғаға және персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынылады.
      18. Тәлімгердің пікірі, қызметшінің есебі басқа да қажетті құжаттармен бірге қызметшінің және тәлімгердің жеке ісінде сақталады.
      19. Тәлімгерлікті жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметінің нәтижелері оларды ынталандыру, қызметте жоғарылату бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      20,. Мемлекеттік органдардағы тәлімгерлікті ұйымдастыру персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жүктеледі.
      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделеп және жинақтап, осы ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаға мемлекеттік органдағы тәлімгер бойынша жұмысты жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.

Об утверждении Правил закрепления наставников за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 18 октября 2013 года № 06-7/148. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2013 года № 8914. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 11

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы РК от 29.12.2015 № 11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила закрепления наставников за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      2. Отделу правового обеспечения Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (Хайдаров А.Ш.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               А. Байменов

Утверждены          
приказом Председателя    
Агентства Республики Казахстан
по делам государственной службы
от 18 октября 2013 года № 06-7/148

Правила закрепления наставников за лицами, впервые принятыми на
административные государственные должности

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила закрепления наставников за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности (далее - Правила), разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе».
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) наставничество - адаптация и профессиональная подготовка лиц, впервые принятых на административные государственные должности, к самостоятельному выполнению служебных обязанностей;
      2) наставник - государственный служащий, закрепляемый за лицом, впервые принятым на государственную службу, оказывающий ему практическую помощь в его профессиональной подготовке;
      3) служащий - лицо, впервые принятое на административную государственную должность.

2. Цели и задачи наставничества

      3. Целью наставничества является обеспечение преемственности в работе государственных органов и адаптации служащих, оказание помощи служащим в их профессиональной подготовке.
      4. Основными задачами наставничества являются:
      1) формирование ответственного и сознательного отношения служащего к государственной службе;
      2) оказание помощи в адаптации служащего к условиям осуществления государственной службы;
      3) ускорение процесса профессиональной подготовки служащих;
      4) развитие способности служащих самостоятельно, качественно и ответственно выполнять возложенные на них функциональные обязанности в соответствии с занимаемой должностью, закрепленные в должностной инструкции (далее - должностные обязанности).

3. Организация наставничества

      5. Наставничество осуществляется в отношении служащих, принятых на административные государственные должности корпуса «Б» категорий В-5, С-5, С-О-6, C-R-5, D-5, D-O-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-4.
      Наставничество в отношении служащих, принятых на административные государственные должности иных категорий, осуществляется по решению руководителя государственного органа.
      6. Срок наставничества составляет от 1 до 2 месяцев.
      В срок осуществления наставничества не засчитываются периоды, когда служащий отсутствовал на работе по уважительным причинам.
      7. Основанием для закрепления наставника является представление непосредственного руководителя служащего при согласии предполагаемого наставника, вносимое на имя лица, имеющего в соответствии с должностными полномочиями право назначения на должности и освобождения от должностей работников государственного органа, либо иного лица, которому делегированы эти полномочия.
      8. Наставник должен соответствовать следующим требованиям:
      1) наличие стажа государственной службы не менее двух лет;
      2) получение оценки «эффективно» по результатам последней оценки деятельности государственных служащих. Если на момент подбора кандидатуры наставника, ежегодная оценка деятельности предполагаемого наставника не проводилась, то необходимо наличие положительного заключения аттестационной комиссии по результатам последней аттестации административных государственных служащих;
      3) отсутствие дисциплинарных взысканий.
      При отсутствии кандидатуры наставника, соответствующего указанным требованиям, в качестве наставника закрепляется непосредственный руководитель служащего.
      9. Закрепление государственного служащего в качестве наставника производится на основании приказа лица, имеющего право назначения на должность, не позднее пяти рабочих дней со дня принятия служащего в государственный орган.
      10. За одним наставником закрепление более двух служащих недопускается.
      11. В случаях невозможности осуществления наставником наставничества (увольнение, перевод на другую государственную должность, отсутствие на работе более недели по уважительным причинам), замена наставника осуществляется лицом, указанным в пункте 9 настоящих Правил, не позднее пяти рабочих дней со дня освобождения наставника с занимаемой административной должности или не позднее десяти рабочих дней с первого дня отсутствия наставника на работе.
      При этом, срок осуществления наставничества не изменяется.
      12. Наставник в течение трех рабочих дней после закрепления его наставником разрабатывает индивидуальный план адаптации и профессиональной подготовки служащего. План согласовывается с руководителем структурного подразделения, в котором работает служащий.
      13. Наставник:
      1) содействует служащему в ознакомлении с его должностными обязанностями, основными направлениями деятельности, полномочиями и организацией работы государственного органа, исполнительской дисциплиной, правами, обязанностями, ограничениями, связанными с государственной службой, требованиями к служебному поведению служащего;
      2) ознакамливает служащего с нормативными правовыми актами и правовыми актами, используемыми при исполнении его должностных обязанностей;
      3) обучает служащего практическим приемам и способам качественного выполнения должностных обязанностей и поручений;
      4) осуществляет контроль над исполнением поручений, данных служащему, и мероприятий, указанных в индивидуальном плане;
      5) выявляет и совместно устраняет ошибки, допущенные служащим, оказывает помощь служащему в преодолении имеющихся недостатков;
      6) формирует ответственное отношение служащего к исполнению своих должностных обязанностей, а также внимательное отношение к гражданам, коллегам по работе;
      7) представляет отзыв на служащего.
      14. Служащий:
      1) исполняет данные ему поручение, осуществляет мероприятия, предусмотренные индивидуальным планом адаптации и профессиональной подготовки;
      2) следует рекомендациям наставника при выполнении должностных обязанностей;
      3) обращается за помощью к своему наставнику;
      4) прилагает меры к повышению уровня своей профессиональной компетенции, развитию навыков и способностей, получению знаний;
      5) по завершению срока наставничества готовит отчет.

4. Заключительные положения

      15. Служащий после окончания срока наставничества готовит отчет о выполнении индивидуального плана, других исполненных поручениях, приобретенных знаниях и навыках в период наставничества, замечаниях и предложениях по организации наставничества.
      Отчет служащего представляется руководителю структурного подразделения, в котором работает служащий.
      16. По завершению наставничества наставник готовит отзыв на служащего, в котором отражаются результаты выполнения должностных обязанностей служащего, уровень его профессиональных знаний, развития навыков и умений, способность самостоятельно исполнять служебные обязанности, качество подготовки служебной документации.
      Отзыв представляется руководителю структурного подразделения, в котором работает служащий.
      17. В течение пяти рабочих дней со дня завершения наставничества, отчет служащего и отзыв наставника представляются лицу, указанному в пункте 9 настоящих Правил, и в службу управления персоналом (кадровую службу).
      18. Отзыв наставника, отчет служащего с приложением других необходимых документов хранятся в личном деле служащего и наставника.
      19. Результаты деятельности государственных служащих по осуществлению наставничества являются основанием для принятия решений по их поощрению, продвижению по службе.
      20. Организация наставничества в государственном органе возлагается на службу управления персоналом (кадровую службу).
      Служба управления персоналом (кадровая служба) изучает и обобщает опыт организации наставничества, вносит лицу, указанному в пункте 9 настоящих Правил, предложения о совершенствовании работы по наставничеству в государственном органе.