Аэровокзалдар кластарын және оларды анықтау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 862 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 3 желтоқсанда № 8932 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аэровокзал кластары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аэровокзалдар кластарын анықтау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркеу және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 862 бұйрығына
1-қосымша

Аэровокзалдар класы

Аэровокзал класы

Міндетті қызметтер

Қосымша қызметтер

1. Кіші (100-200 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) медициналық пункт;
5) жүк сақтау камерасы;
6) билеттер сату кеңселері;
7) ақпараттық анықтама қызметі.

1) Business Class lounge (бизнес класс залы);
2) Duty Free (бажсыз сауда сату дүкені);
3) байланыс бөлімшесі;
4) бөлімшелер/банк филиалдары;
5) валюта айырбастау пункті;
6) жүкті орау бойынша қызметтер;
7) диспетчерлік такси кеңсесі;
8) баспа басылымдары киоскілері;
9) дәріхана;
10) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша);
11) интернет/WiFi;
12) жоғалған заттарды табу бюросы;
13) бизнес орталығы (ғаламтор, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);
14) қонақ үй;
15) автомобильдерге арналған жабық паркинг;
16) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
17) туристік агенттіктер кеңсесі;
18) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
19) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
20) сусындар сату автоматтары;
21) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
22) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
23) аяқ киімдерді тазалау қызметі;
24) жүк тасушылар қызметі;
25) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;
26) аудармашы қызметі.

2. Орта (200-1200 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) медициналық пункт;
5) байланыс бөлімшесі;
6) бөлімшелер/банк филиалдары;
7) валюта айырбастау пункті;
8) жүк сақтау камерасы;
9) жүкті орау бойынша қызметтер;
10) Business Class lounge (бизнес класс залы);
11) билеттер сату кеңселері;
12) диспетчерлік такси кеңсесі;
13) баспа басылымдары киоскілері;
14) дәріхана;
15) интернет /WiFi;
16) жоғалған заттарды табу бюросы;
17) ақпараттық анықтама қызметі;
18) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері).

1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
3) сусындар сату автоматтары;
4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
6) қонақ үй;
7) автомобильдер арналған жабық паркинг;
8) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
9) туристік агенттіктер кеңсесі;
10) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
11) аяқ киімдер тазалау қызметі;
12) жүк тасушылар қызметі;
13) аудармашы қызметі;
14) Duty Free (бажсыз сату дүкені);
15) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;
16) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).

3. Үлкен (1200-2000 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
5)медициналық пункт;
6) байланыс бөлімшесі;
7) бөлімшелер/банк филиалдары;
8) валюта айырбастау пункті;
9) жүк сақтау камерасы;
10) жүкті орау бойынша қызметтер;
11) Business Class lounge (бизнес класс залы);
12) Duty Free (бажсыз сату дүкені);
13) билеттер сату кеңселері;
14) диспетчерлік такси кеңсесі;
15) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);
16) баспа басылымдары киоскілері;
17) дәріхана;
18) интернет/WiFi;
19) қонақ үй;
20) жоғалған заттарды табу бюросы;
21) ақпараттық анықтама қызметі;
22) автомобильдерге арналған жабық паркинг;
23) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
24) телефондарды, компьютерлерді (ноутбуктерді) зарядтау розеткаларының болуы.

1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;
2) салон/сұлулық бөлмесі;
3) сусындар сату автоматтары;
4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
6) туристік агенттіктер кеңсесі;
7) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
8) аяқ киімдер тазалау қызметі;
9) жүк тасушылар қызметі;
10) аудармашылар қызметі;
11) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 862 бұйрығына
2-қосымша

Аэровокзал класын анықтау әдістемесі

      1. Аэровокзалдың классын анықтау әдістемесі олардың өткізу қабілеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы әуежайлары аэровокзалының класын анықтауға арналған.

      Аэровокзалдың класына байланысты оларға жолаушылар үшін міндетті және қосымша қызметтердің болуына әр түрлі талаптар қойылады (тамақтану және сауда нүктелері, билет кассалары, сақтау камерасы, медициналық пункт, паркинг, автокөлік жалдау, намазханалар, олжалар бюросы, қонақ үй, пошта, курьерлер, жүк тасушылар, валюта айырбастау).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы әдiстеменi қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аэровокзал – әуе көлігімен тасымалданатын жолаушыларға қызмет көрсетуге, багажды және жүкті өңдеуге арналған ғимарат (құрылыс);

      2) аэровокзал кешені – әуежай аумағында жолаушыларға, әуе кемелеріне қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу мақсатында жеке және заң тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті әуежай, ғимарат, жабдық және құрылыстар;

      3) аэровокзал маңындағы алаң – аэровокзалға іргелес жер учаскесінің аумағы;

      4) перрон – жолаушыларды отырғызуға және түсіруге, тиеу-түсіру операцияларын жүргізуге, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған әуеайлақ бөлігі;

      5) жолаушыларға ұшу алдында қызмет көрсету – әуеайлақтан әуе кемелерінің ұшуына дейін жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдері;

      6) жолаушыларға ұшудан кейін қызмет көрсету – әуе кемесінің межелі әуежайға ұшып келгеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсету бойынша рәсімдер;

      7) жайлылық – аэровокзалдар кластары бөлінісінде жолаушылар үшін қызмет көрсетудің қолжетімділігінің және микроклиматтың берілген сипаттамаларымен аэровокзалдың ішкі ортасының қолайлылығы;

      8) аэровокзал класын анықтау – Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жолаушыларға ұсынылатын жайлылық деңгейi мен қызмет көлемi.

      3. Әдiстеменi қолданудың негiзгi қағидаттары:

      1) қазiргi заманғы, қауiпсiз және сенiмдi көлiк инфрақұрылымында, сондай-ақ олардың сапалы қызмет көрсетiлуiнде аэровокзалдар тұтынушыларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету;

      2) көлiк инфрақұрылымының бөлiгi ретiнде ғана емес, дамуының сапасымен және қарқынымен келісілген, қала ортасының ажырамас құрам бөлігі ретінде аэровокзалды және оған iргелес аумағымен бірге дамытуға кешендi тәсіл;

      3) аэровокзалдар қызметтерiн тұтынушылар мен пайдаланушылар мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету;

      4) өзiнiң инвестициялық әлеуетi, сәулет, қала құрылысы және технологиялық мүмкiндiктерi бар объект ретiндегi әрбір аэровокзалдың бiрегейлiгi;

      5) аэровокзалдарда олардың функциональдық сенiмдiлігін және жұмыс істеу қауіпсіздігін бұзбай, сондай-ақ олардың даму әлеуетін төмендетпей тауарлар мен қызметтерді iске асырудан түскен кiрiстерді арттыру болып табылады.

      4. Аэровокзалдар әуе көлігінің жолаушыларына, сондай-ақ қарсы алушылар мен шығарып салушыларға кешенді ұшу алдында және ұшып келгеннен кейін қызмет көрсетуге арналады.

      5. Әуежай терминалдарының негізгі өндірістік-технологиялық көрсеткіші бір сағат ішінде қызмет көрсетуге болатын барлық санаттағы жолаушылар санымен сипатталатын өткізу қабілеттілігі болып табылады. Әуежайдың терминалдық кешендерінің өткізу қабілеті қолданыстағы стандарттарға сәйкес жолаушылар тасымалының жылдық көлеміне байланысты анықталуы керек.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аэровокзал кешендерінің өту қабілеттілігіне жолаушылар кешені - аэровокзал, перрон және вокзал жанындағы алаң оның негізгі элементтері сәйкес келуі тиіс.

      10. Класына байланысты, аэровокзал кешендерін жобалау кезінде:

      1) барлық технологиялық операцияларға минималды уақыт шығыны болатын кезде жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, экономикалық ақталған механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу және жолаушыларға прогрессивтік технологиялық қызмет көрсетуді көздеу;

      2) әртүрлі санаттардағы жолаушылар мен жүктердің ағынын анық бөлуді, санкциялық қол жеткізу аймағын бөлуді, сондай-ақ талап етілетін өткізу және объектішілік режимді, сондай-ақ мәжбүрлі эвакуациялауды ұйымдастыру мақсатында қозғалыс жолдары және жекелеген аймақтар мен үй-жайлардың мақсаты туралы көрнекі ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.

Об утверждении классов аэровокзалов и методики их определения

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 4 ноября 2013 года № 862. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 8932.

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2014 года.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 65-1 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) классы аэровокзалов согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) методику определения классов аэровокзалов согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и интернет-портале государственных органов;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление копии на официальное опубликование в информационно-правовую систему "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      4) представление в Юридический департамент Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2014 года.

Министр

А. Жумагалиев


  Приложение 1
к приказу Министра
транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан
от 4 ноября 2013 года № 862

Классы аэровокзалов

Класс аэровокзала

Обязательные услуги

Дополнительные услуги

1. Малый (100-200 пасс/час)

1) помещения для организации общественного питания;

2) торговые помещения (киоски продаж);

3) комната матери и ребенка;

4) медицинский пункт;

5) камера хранения багажа;

6) офисы по продаже билетов;

7) информационно-справочная служба.

1) Business Class lounge (зал бизнес класса);

2) Duty Free (магазин беспошлинной торговли);

3) отделение связи;

4) отделение/филиал банка;

5) пункт обмена валюты;

6) услуги по упаковке багажа;

7) диспетчерский офис такси;

8) киоски печатных изданий;

9) аптека;

10) молельные комнаты (по согласованию местных исполнительных органов);

11) интернет/WiFi;

12) бюро находок;

13) бизнес центр (услуги интернета, факса, телефонных переговоров);

14) гостиница;

15) закрытый паркинг для автомобилей;

16) отделение почты/курьерские услуги;

17) офисы туристических агентств;

18) услуги аренды мобильных телефонов;

19) комната ожидания для лиц с ограниченными возможностями;

20) автоматы продажи напитков;

21) магазин продажи сувенирной продукции;

22) офис аренды автомобилей;

23) услуги чистки обуви;

24) услуги носильщика;

25) наличие розеток для зарядки телефонов и т.д.;

26) услуги переводчика.

2. Средний (200-1200 пасс/час)

1) помещения для организации общественного питания;

2) торговые помещения (киоски продаж);

3) комната матери и ребенка;

4) медицинский пункт;

5) отделение связи;

6) отделение/филиал банка;

7) пункт обмена валюты;

8) камера хранения багажа;

9) услуги по упаковке багажа;

10) Business Class lounge (зал бизнес класса);

11) офисы по продаже билетов;

12) диспетчерский офис такси;

13) киоски печатных изданий;

14) аптека;

15) интернет/WiFi;

16) бюро находок;

17) информационно-справочная служба;

18) бизнес центр (услуги интернета, факса, телефонных переговоров).

1) игровая комната для детей в зоне ожидания;

2) комната ожидания для лиц с ограниченными возможностями;

3) автоматы продажи напитков;

4) магазин продажи сувенирной продукции;

5) офис аренды автомобилей;

6) гостиница;

7) закрытый паркинг для автомобилей;

8) отделение почты/курьерские услуги;

9) офисы туристических агентств;

10) услуги аренды мобильных телефонов;

11) услуги чистки обуви;

12) услуги носильщика;

13) услуги переводчика;

14) Duty Free (магазин беспошлинной торговли);

15) наличие розеток для зарядки телефонов и т.д.;

16) молельные комнаты (по согласованию местных исполнительных органов).

3. Большой (1200-2000 пасс/час)

1) помещения для организации предприятия общественного питания;

2) торговые помещения (киоски продаж);

3) комната матери и ребенка;

4) комната ожидания для лиц с ограниченными возможностями;

5) медицинский пункт;

6) отделение связи;

7) отделение/филиал банка;

8) пункт обмена валюты;

9) камера хранения багажа;

10) услуги по упаковке багажа;

11) Business Class lounge (зал бизнес класса);

12) Duty Free (магазин беспошлинной торговли);

13) офисы по продаже билетов;

14) диспетчерский офис такси;

15) бизнес центр (услуги интернета, факса, телефонных переговоров);

16) киоски печатных изданий;

17) аптека;

18) интернет/WiFi;

19) гостиница;

20) бюро находок;

21) информационно- справочная служба;

22) закрытый паркинг для автомобилей;

23) отделение почты/курьерские услуги;

24) наличие розеток и устройств для зарядки мобильных телефонов, компьютеров (ноутбуков).

1) игровая комната для детей в зоне ожидания;

2) салон/кабинет красоты;

3) автоматы продажи напитков;

4) магазин продажи сувенирной продукции;

5) офис аренды автомобилей;

6) офисы туристических агентств;

7) услуги аренды мобильных телефонов;

8) услуги чистки обуви;

9) услуги носильщика;

10) услуги переводчика;

11) молельные комнаты (по согласованию местных исполнительных органов).

  Приложение 2
к приказу Министра
транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан
от 4 ноября 2013 года № 862

Методика определения классов аэровокзалов

      1. Методика определения класса аэровокзала предназначена для определения класса аэровокзала аэропортов Республики Казахстан в зависимости от их пропускной способности.

      В зависимости от класса аэровокзала к ним предъявляются разные требования к наличию в них обязательных и дополнительных услуг для пассажиров (точки общепита и торговли, билетные кассы, камера хранения, медпункт, паркинг, аренда авто, молельные комнаты, бюро находок, гостиница, почта, курьеры, носильщики, обмен валюты).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 07.04.2023 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В целях применения настоящей Методики используются следующие понятия:

      1) аэровокзал – здание (сооружение), предназначенное для обслуживания пассажиров, обработки багажа и грузов, перевозимых воздушным транспортом;

      2) аэровокзальный комплекс – аэровокзал, здания, оборудование и сооружения, необходимые для обеспечения деятельности физических и юридических лиц на территории аэропорта в целях обслуживания пассажиров, воздушных судов, обработки багажа и грузов;

      3) привокзальная площадь – территория земельного участка, прилегающая к аэровокзалу;

      4) перрон – часть аэродрома, предназначенное для посадки и высадки пассажиров, проведения погрузочно-разгрузочных операций, а также обслуживания воздушных судов;

      5) предполетное обслуживание пассажиров – процедуры по обслуживанию пассажиров до вылета воздушного судна из аэропорта;

      6) послеполетное обслуживание пассажиров - процедуры по обслуживанию пассажиров после прилета воздушного судна в аэропорт назначения;

      7) комфорт – уют, удобства внутренней среды аэровокзала с заданными характеристиками микроклимата и доступных услуг для пассажиров в разрезе классов аэровокзалов;

      8) определение класса аэровокзала – уровень комфорта и объем услуг, предоставляемых пассажирам в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      3. Основными принципами применения Методики являются:

      1) обеспечение удовлетворения потребностей пользователей аэровокзалов в современной, надежной и безопасной транспортной инфраструктуре, а также в их качественном обслуживании;

      2) комплексный подход к развитию аэровокзала совместно с прилегающей к нему территорией не только как части транспортной инфраструктуры, но и как неотъемлемого компонента городской среды, согласованный с качеством и темпами ее развития;

      3) обеспечение баланса интересов потребителей и пользователей услуг аэровокзалов;

      4) уникальность каждого аэровокзала как объекта, обладающего своим инвестиционным потенциалом, архитектурными, градостроительными и технологическими возможностями;

      5) повышение доходности от реализации товаров и услуг в аэровокзалах без нарушения функциональной надежности и безопасности их функционирования, а также снижения потенциала их развития.

      4. Аэровокзалы предназначаются для комплексного предполетного и послеполетного обслуживания пассажиров воздушного транспорта, а также провожающих и встречающих.

      5. Основным производственно-технологическим показателем аэровокзальных комплексов аэропорта является пропускная способность, характеризующаяся количеством пассажиров всех категорий, которое может быть обслужено в течение часа. Пропускную способность аэровокзальных комплексов аэропорта следует определять в зависимости от годового объема пассажирских перевозок согласно действующих норм.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 07.04.2023 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 07.04.2023 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 07.04.2023 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Пропускной способности аэровокзальных комплексов должны соответствовать основные элементы пассажирского комплекса – аэровокзал, перрон и привокзальная площадь.

      10. При проектировании аэровокзальных комплексов, в зависимости от классности необходимо:

      1) предусматривать прогрессивную технологию обслуживания пассажиров и экономически оправданное внедрение средств механизации и автоматизации, обеспечивающих обслуживание пассажиров при минимальной затрате времени на все технологические операции;

      2) обеспечивать четкое разделение потоков разных категорий пассажиров и багажа, выделение зон санкционированного доступа, а также наглядную информацию о путях движения и назначении отдельных зон и помещений с целью организации требуемого пропускного и внутриобъектного режима, а также вынужденной эвакуации.