Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 № 724 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Персоналды басқару басқармасы (Т.Ә. Жүнісова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Министрліктің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттері мемлекеттік қызметшілерінің назарына жеткізсін.
3. Жауапты хатшы, аумақтық бөлімшелерінің басшылары осы Қағидалар талаптарының орындалуын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қарашадағы
№ 561-ө-м бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет
этикасының қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның ведомстволары мен Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіне (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, оның ведомстволары мен Бақылау және
әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді.
3. Мемлекеттік қызметшілердің Қағидалардың нормаларын бұлжытпай сақтауы қоғам тарапынан Министрлік қызметіне сенім мен қолдаудың қажетті шарты болып табылады.
4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының мынадай қағидаттарын басшылыққа алады:
1) адалдық;
2) әділдік;
3) шынайылық;
4) ашықтық;
5) жауапкершілік.
5. Министрлік барлық мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының жоғарыда көрсетілген қағидаттарын сақтайды, лауазымдық міндеттемелерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасын немесе жеке пайдасын емес, Министрліктің мүддесін басшылыққа алады деп сенім артады.
6. Жұмысқа қабылдау кезінде Министрлік қандай да болсын белгілері бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу және қызметін көтеру тек кәсіби қабілеттері, білімі мен машықтарының негізінде жүзеге асырылады.
7. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
1) адал, әділ және қарапайым болуға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
2) Министрліктің мемлекеттік қызметшісі деген аттың беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) азаматтардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
4) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде кімге де болсын артықшылық көрсетпеуге, кімнің де болсын ықпалынан тәуелсіз болуға;
5) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қағидалар нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
6) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
7) өзгенің пікірімен санасуға;
8) іс пен сөздің бір жерден шығуын қамтамасыз етуге, уәделерді орындауға;
9) дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық ())актілеріне жол бермеуге;
10) басқа қызметкерлерге олардың функционалдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
11) қандай жағдай болмасын әріптестеріне және азаматтарға қатысты әрқашан сабырлық және құрмет таныту, агресивті мінез-құлыққа, қызмет бабын теріс пайдалануға немесе арсыздыққа, сондай-ақ әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынаста тұрпайы лексиканы пайдалануға жол бермеуге;
12) өзінің әріптестері туралы олардың қадір-қасиетіне және кәсібилігіне нұқсан келтіретін ақпарат таратпау;
13) Министрліктің іскерлік беделіне және имиджіне тікелей немесе жанама зиян келтіретін жанжалдық ахуалдарға жол бермеу;
14) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуге;
15) мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдірмеуге;
16) Министрліктің және мемлекеттік қызметшілердің қызметтері мәселелері бойынша ақпаратты Министрліктің атынан жарияламауға;
17) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
18) Министрліктің мемлекеттік қызметшісіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауға;
19) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға;
20) қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
8. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
1) ұжымда жұмыстың ыңғайлылығымен, жанашырлық және шынайы өзара қарым-қатынаспен, жақсы дәстүрлермен сипатталуға тиіс қолайлы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз етуі;
2) бағынысты мемлекеттік қызметшілердің бойында Министрліктің алға қойған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жақтастар ұжымын құра отырып, ортақ іске жауапкершілік сезімін дамытуға ұмтылуы;
3) ұжымда бірлік, іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауы;
4) қарамағындағылардың жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу, олардың өз кәсіби пікірлерінің болу құқықтарына, әсіресе бұл пікір оның пікірінен өзгеше болса, түсіністікпен қарау, қарамағындағы адамдармен қарым-қатынаста объективтілік танытуы;
5) қаңқу сөздердің, өсек таратудың, арамдық пиғылдардың жолын кесіп, этикалық нормалар негізінде қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын реттеуі керек.
9. Қызметкерлер қызмет этикасы мәселелерін және/немесе қызмет этикасының қағидаттарын бұзу жағдайларын тікелей басшысымен, егер Қағидалар нормаларын тікелей басшысы бұзған жағдайда, деңгейі бойынша кейінгі басшымен талқылауына болады. Егер талқылау нәтижесі бойынша қажетті шешім табылмаса, тиісті проблемаға ұсынымдар алу және/немесе тиісті шаралар қабылдау үшін кадр қызметін хабардар ету керек. Қалыптасқан жағдайды шешу кезінде Министрлік тексерілген фактілерді және дәйекті ақпаратты басшылыққа алады.
10. Әрбір қызметкер өзінің мінез-құлқына, өзара сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастыруға, ісіне адал қарауға жауапты. Әріптестерімен білімі мен тәжірибесін ашық әрі белсенді түрде бөлісу, көмек көрсету қызметкерлердің кәсіби өсуінің және Министрліктің жалпы қызметінде жоғары жетістіктерге қол жеткізудің кепілі болады.