Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 275-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 желтоқсанда № 9021 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.11.2015 № 687 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         Б.Қуандықов

Қазақстан Республикасы     
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)  
төрағасының          
2013 жылғы 29 қарашадағы    
№ 275-НҚ бұйрығымен      
бекітілген            

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) мен оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі - Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері) өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы барысында әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.
      3. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері өзінің қызметінде:
      1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны;
      2) адалдық, тәртіп, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытуға және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа тұлғаларға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет көрсеткені;
      3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларға қарамастан адам мен азаматтың ары мен намысын құрметтегені;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарағаны;
      5) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытқаны;
      6) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны;
      7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда ұтымды, тиімді және қызметтік мақсатта ғана пайдаланғаны;
      8) өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындауға, нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жұмысты ұйымдастырғаны және жоспарлағаны;
      9) жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өздерінің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-қимылдардан аулақ болғаны;
      10) қызметтік дәреже сатысын сақтағаны;
      11) мүдделер шиеленісінің алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдағаны;
      12) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстанғаны;
      13) өзінің қызметтік міндеттемелерін орындаған кезде, мемлекеттік қызметшілердің бастамашылығын қолдауға және көтермелегені;
      14) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырғаны;
      15) Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлық тәртібін сақтағаны жөн.
      4. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
      5. Агенттікте мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кадрлық шешімдерді қабылдаған кезде мемлекеттік қызметшілерге кемсітудің кез-келген нысандарына, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тамыр-таныстық, артықшылықтар мен жеңілдіктердің кез-келген нысанына жол берілмейді.
      6. Агенттіктің мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта:
      1) қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі;
      2) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуі;
      3) Агенттік мемлекеттік қызметшісінің жоғары атағына кір келтіруі мүмкін кез-келген жеке байланыстардан қашуы қажет.
      Қызметтен тыс қатынастарда Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың және мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың талаптарын сақтағаны және Агенттіктің мемлекеттік қызметшісінің беделіне, намысына нұқсан келтіруі немесе оның ақиқаттығына, әділдігіне, объективтілігіне және әділ сыншылдығына күмән келтіруі мүмкіндіктерінен кашқаны жөн.

Об утверждении Правил служебной этики сотрудников центрального аппарата и территориальных подразделений Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство)

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) от 29 ноября 2013 года № 275-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2013 года № 9021. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 ноября 2015 года № 687

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 09.11.2015 № 687.

      В соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить Правила служебной этики сотрудников центрального аппарата и территориальных подразделений Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство).
      2. Административному Департаменту Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) (далее - Агентство) (Калдыкараеву К.М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.
      3. Административному департаменту Агентства (Калдыкараеву К.М.) довести настоящий приказ до сведения структурных и территориальных подразделений Агентства.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Агентства Абди Н.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня подписания.

      Председатель                               Б. Куандыков

Утверждены            
приказом Председателя      
Агентства Республики Казахстан
по защите конкуренции     
(Антимонопольное агентство)  
от 29 ноября 2013 года № 275-ОД  

Правила служебной этики государственных служащих
Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции
(Антимонопольное агентство)

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» (далее - Кодекс чести), Законом Республики Казахстан «О государственной службе» и Законом Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» (далее - законодательство в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией).
      2. Правила определяют основные нормы поведения государственных служащих Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) его территориальных подразделений (далее - государственные служащие Агентства) в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей, во взаимоотношениях с коллегами и гражданами.
      3. Государственным служащим Агентства в своей служебной деятельности следует:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере государственной службы;
      2) проявлять добросовестность, дисциплинированность, ответственность, активность, инициативность и проявлять терпение, вежливость, тактичность и уважение к другим лицам в ходе переговоров (встреч);
      3) уважать честь и достоинство человека и гражданина независимо от происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства и иных обстоятельств;
      4) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      5) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в общении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      6) своими действиями не давать повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускать преследования за критику, использовать конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      7) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях использовать вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      8) надлежаще исполнять свои обязанности, организовывать и планировать работу, с учетом реально складывающейся обстановки;
      9) эффективно использовать рабочее время и воздерживаться от действий, которые мешают другим государственным служащим в коллективе выполнять их трудовые обязанности;
      10) соблюдать служебную субординацию;
      11) принимать меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов;
      12) придерживаться делового стиля одежды в ходе исполнения своих служебных обязанностей;
      13) поддерживать и поощрять инициативность государственных служащих при выполнении ими своих функций и обязанностей;
      14) повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      15) соблюдать антикоррупционное поведение, установленное Кодексом чести.
      4. Государственным служащим Агентства не следует публично выражать свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      5. В Агентстве не допускаются любые формы дискриминации государственных служащих при принятии кадровых решений, а также любые формы протекционизма, привилегий и льгот отдельным государственным служащим, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан в сферах государственной службы и труда.
      6. Во внеслужебное время государственному служащему Агентства необходимо:
      1) придерживаться общепринятых морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения;
      2) не допускать действий, вызывающих негативный общественный резонанс, воздерживаться от поведения, которое может навредить их репутации;
      3) избегать любых личных связей, которые могут скомпрометировать высокое звание государственного служащего Агентства.
      Во внеслужебных отношениях государственным служащим Агентства следует соблюдать требования настоящих Правил и законодательства в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией и избегать всего, что могло бы опорочить авторитет, достоинство государственного служащего Агентства или вызвать сомнения в его честности, справедливости, объективности и беспристрастности.