Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 536 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 желтоқсанда № 9037 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 842 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Е. Алдоңғаров) Қағида мәтінін Министрлік ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Комитет төрағалары, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, әскери бөлімдер командирлері осы бұйрықты қызметкерлердің назарына жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 536 бұйрығымен    
бекітілген     

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының
қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомстволары мен аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын айқындайды.
      Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы;
      2) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жері мен өзге де мән-жайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен абыройын құрметтеуі;
      3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауы;
      4) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен ізеттілік танытуы;
      5) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында басқа тұлғаларға қатысты сабырлылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет танытуы;
      6) қызметтік дәреже сатысын сақтауы;
      7) өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалана отырып, қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындауы, жұмыста бастамашылдық танытуы, қойылған міндеттерді шешу үшін барлық күш-жігерін салуы, сынды дұрыс қабылдауы, жіберілген қателіктерін уақытында мойындауы, өзін жалған ақтауды іздемеуі;
      8) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуде ұжым бірлігіне ықпал етуі;
      9) адал болуы, өзінің кәсіби қызметіне біреудің, оның ішінде өзінің туысқандарының, достарының немесе таныстарының ықпал етуіне жол бермеуі;
      10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Министрліктің нышандарын қадірлеуі және құрметтеуі;
      11) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, көмекке мұқтаж әрбір нақты адамның тыныштығы және тұрақтылығы үшін өзінің жеке жауапкершілігін терең сезінуі;
      12) Министрліктің үздік дәстүрлерін: патриотизм, қызметтік борышына адалдық, серіктестік, өзара көмек беру, қайсарлық, адал ниеттілік, адамгершілік пен кәсібилікті сақтауы және көбейтуі;
      13) өз біліктілігін, кәсіби даярлығын ұдайы жетілдіріп отыратын, жан-жақты дамыған, аса білімді маман болуға тырысатын, өз қызметінде технологиялардың прогрессивті әдістері және озық тәжірибе мен білімді қолданатын қызметкер ғана адам мен қоғамға пайда келтіретінін білуі;
      14) тіпті бір ғана ұқыпсыз қызметкердің әрекетсіздігі, әдепсіз қылығы, қорқақтығы мен рухсыздығының кесірінен Министрліктің жалпы күш-жігері мен жұмысының нәтижесі әлсізденуі немесе мүлдем жойылуы мүмкін екендігін әрқашанда есте сақтауы;
      15) қарамағындағы бөлімшеде жайлы моральдық-психологиялық климат құруға талап пен жауапкершілікті сәтті байланыстыруы, қызметкерлердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыруы;
      16) қарамағындағы қызметкерлерге қамқор болуы, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуі, ардагерлерге, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына көңіл бөлуі;
      17) қарамағындағы қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкес олардың қызметтік өкілеттіліктерінің міндеттері мен көлемін дәл белгілеуге, оларға орындай алмайтындығы айқын өкімдерді бермеуі;
      18) осы Қағида талаптарының бұзылу фактілеріне қағидаты ден қоюы, кінәлі қызметкерлердің жауапкершілігімен қатар, өзінің де жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға әзір болуы керек.
      3. Министрлік мемлекеттік қызметшілері Кодекспен белгіленген сыбайлас жемқорлықа қарсы мінез-құлықты сақтауы керек.
      Егер Министрлік мемлекеттік қызметшісі сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы шынайы ақпаратты білетін болса, мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалармен белгіленген шаралар қабылдау қажет.
      4. Егер мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі пікірінде:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жария етуге рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекет, мемлекеттік басқару органдары лауазымды тұлғаларының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына айтылған әдепсіз сөздер болса, бұл пікірін жұрт алдында білдірмеуі керек.
      5. Министрлік мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта:
      1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға қарсы мінез-құлық көріністеріне жол бермеуі;
      2) жағымсыз қоғамдық резонанс туғызатын іс-әрекетке жол бермеуі, өз беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жүріс-тұрыстан тартынуы;
      3) Министрлік қызметкері деген жоғары атақтың абройын түсіруі мүмкін кез-келген жеке байланыстан қашқақтауы тиіс.
      6. Осы Қағидада көзделген талаптарды орындамағаны немесе бұзғаны үшін, Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 26 ноября 2013 года № 536. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2013 года № 9037. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 октября 2015 года № 842

       Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 15.10.2015 № 842.

      В целях реализации пункта 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.
      2. Департаменту кадрового обеспечения (Култаев Е.Б.) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и опубликование в периодических печатных изданиях.
      3. Департаменту административной работы (Алдонгаров Е.) обеспечить размещение текста Правил в здании Министерства, в местах, доступных для всеобщего обозрения.
      4. Председателям комитетов, руководителям структурных подразделений центрального аппарата Министерства, департаментов областей, городов Астана и Алматы, подведомственных организаций, командирам воинских частей Министерства довести настоящий приказ до сведения сотрудников и обеспечить его исполнение.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Окасова С.К.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    В. Божко

Утверждены             
приказом Министра         
по чрезвычайным ситуациям     
Республики Казахстан       
от 26 ноября 2013 года № 536   

Правила служебной этики государственных служащих
Министерства по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией», Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» (далее – Кодекс).
      2. Правила определяют основные стандарты поведения государственных служащих Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – Министерство), его ведомств и территориальных органов.
      Государственным служащим Министерства следует:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) уважать честь и достоинство человека и гражданина независимо от происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства и иных обстоятельств;
      3) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      4) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      5) проявлять терпение, вежливость, тактичность и уважение к другим лицам в процессе исполнения своих должностных обязанностей;
      6) соблюдать служебную субординацию;
      7) добросовестно, беспристрастно и качественно исполнять свои служебные обязанности, эффективно используя для этого свое рабочее время, проявлять в работе инициативу, прилагая все усилия для решения поставленных задач, правильно воспринимать критику, своевременно признавать допущенные ошибки, не искать ложного самооправдания;
      8) способствовать сплоченности коллектива в достижении стратегических целей и задач;
      9) быть беспристрастным, не допускать влияния на свою профессиональную деятельность кого бы то ни было, в том числе своих родственников, друзей или знакомых;
      10) чтить и уважать государственные символы Республики Казахстан и символику Министерства;
      11) глубоко осознавать свою личную ответственность за обеспечение безопасности жизни и здоровья людей, каждого конкретного человека, нуждающегося в помощи, ради его спокойствия и стабильности;
      12) хранить и приумножать лучшие традиции Министерства: патриотизм, верность служебному долгу, товарищество, взаимовыручку, мужество, бескорыстие, благородство, профессионализм;
      13) знать, что пользу человеку и обществу может принести только тот сотрудник, который постоянно совершенствует свою квалификацию, профессиональную подготовку, стремится быть всесторонне развитым, высокообразованным специалистом, использует в своей деятельности прогрессивные методы технологии, передовой опыт и знания;
      14) всегда помнить, что общие усилия и результаты работы Министерства могут быть ослаблены или сведены на нет бездействием, аморальным поступком, трусостью и малодушием даже одного нерадивого сотрудника;
      15) умело сочетать требовательность и ответственность за создание благоприятного морально-психологического климата в подчиненном подразделении, формировать нравственную культуру сотрудников;
      16) заботиться о подчиненных, обеспечивать их социально-правовую защищенность, окружать вниманием ветеранов, а также семьи сотрудников, погибших при исполнении служебного долга;
      17) точно определять задачи и объем служебных полномочий подчиненных в соответствии с занимаемыми ими должностями, не отдавать подчиненным явно невыполнимых распоряжений;
      18) принципиально реагировать на факты нарушения требований настоящих Правил, быть готовым поставить, наряду с ответственностью виновных, вопрос и о своей личной ответственности.
      3. Государственным служащим Министерства следует соблюдать антикоррупционное поведение, установленное Кодексом.
      Если государственный служащий Министерства располагает достоверной информацией о коррупционном правонарушении, сопряженных с коррупцией или создающий условия для коррупции в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей, необходимо принять меры, установленные законодательством в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией.
      4. Государственным служащим не следует публично выражать свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      5. Во внеслужебное время государственному служащему Министерства необходимо:
      1) придерживаться общепринятых морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения;
      2) не допускать действий, вызывающих негативный общественный резонанс, воздерживаться от поведения, которое может навредить их репутации;
      3) избегать любых личных связей, которые могут скомпрометировать высокое звание сотрудника Министерства.
      6. За неисполнение или нарушение требований, предусмотренных настоящими Правилами, государственные служащие Министерства несут ответственность в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.