Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің халықаралық ұшулармен шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайларды анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 926 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 9039 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің халықаралық ұшуларымен әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлар анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден соң, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу кұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпарттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінің кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң күшіне енеді.

           Қазақстан Республикасы
          көлік және коммуникация
      Министрінің міндетін атқарушы              С. Сарсенов

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушысының   
2013 жылғы 21 қарашадағы
№ 926 бұйрығымен бекітілген

Шет мемлекеттерінің мемлекеттік және эксперименттік әуе
кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің
халықаралық ұшулармен шетел мемлекеттердің әскери құрылымдарын,
қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлары

р/с

Әуежайлардың атауы

Орналасқан жері

1

«Халықаралық Ақтөбе әуежайы» акционерлік қоғамы

Ақтөбе қ.

2

«Халықаралық Атырау әуежайы» акционерлік қоғамы

Атырау к.

3

«Халықаралық Ақтау әуежайы» 9 акционерлік қоғамына

Ақтау қ.

4

«Сары-Арқа әуежайы» акционерлік қоғамы

Қарағанды қ.

5

«Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамы

Шымкент қ.

Об определении аэропортов, открытых для международных полетов государственных и экспериментальных воздушных судов иностранных государств, а также международных полетов воздушных судов для перевозки воинских формирований, вооружений и военной техники иностранных государств

Приказ и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 ноября 2013 года № 926. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2013 года № 9039

      В соответствии с пунктом 3 статьи 70 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2011 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности гражданской авиации», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить аэропорты, открытые для международных полетов государственных и экспериментальных воздушных судов иностранных государств, а также международных полетов воздушных судов для перевозки воинских формирований, вооружений и военной техники иностранных государств согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление копии на официальное опубликование в информационно-правовую систему «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»;
      4) представление в Юридический департамент Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра
      транспорта и коммуникаций
      Республика Казахстан                       С. Сарсенов

Приложение         
к приказу и.о. Министра 
транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан  
от 21 ноября 2013 года № 926

           Аэропорты, открытые для международных полетов
        государственных и экспериментальных воздушных судов
       иностранных государств, а также международных полетов
        воздушных судов для перевозки воинских формирований,
        вооружений и военной техники иностранных государств


п/п

Наименование аэропортов

Местонахождение

1

Акционерное общество «Международный аэропорт Актобе»

город Актобе

2

Акционерное общество «Международный аэропорт Атырау»

город Атырау

3

Акционерное общество «Международный аэропорт Актау»

город Актау

4

Акционерное общество «Аэропорт Сары-Арка»

город Караганда

5

Акционерное общество «Аэропорт Шымкент»

город Шымкент