Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2015 № 210 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |