Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.09.2016 № 249 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес археограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұрағаттық қойманың меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бас қор сақтаушысы мамандығы бойынша кәсіби стандарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.С. Қалианбеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Құл-Мұхаммед |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 1-қосымша |
Мұрағатшы мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі" кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі".
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 "Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары";
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: мұрағатшы, мұрағатшы маман, маман;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2-қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-2 кестелерінде көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша |
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері
№ | Қызмет түрлерінің атауы | Еңбек нарығында танылған мамандар атауы | ҚР МК 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | БТБА бойынша дәреже |
1 | Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру | мұрағатшы | мұрағатшы | 4-5 | - |
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша |
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар.
Мұрағатшының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар | Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда, ұйымдардың құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтерінде, ведомстволық және жеке мұрағаттарында | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | құжаттарды сақтаумен, пайдаланумен, жинақтаумен байланысты зиянды еңбек жағдайы болады | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | құпия және таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттармен жұмыс жүргізуге қол жеткізудің ерекше жағдайы болады | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | Кәсіби білім және оқу деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
5.4 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | жұмыс өтіліне талап қойылмайды | |
5.3 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл | |
5.2 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл | |
5.1 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл | |
4.4 | тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі | жұмыс өтіліне талап қойылмайды | |
4.3 | тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі | архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл | |
4.2 | тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі | архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл | |
4.1 | тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі | архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл |
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізбесі
Мұрағатшының еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы |
Ф 1 | Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды жинақтау бойынша жұмыс |
Ф 2 | Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету |
Ф 3 | Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу |
Ф 4 | Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды пайдалану |
Ф 5 | іс жүргізу және құжаттарды сақтау мәселелері бойынша толықтыру көздері-ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету |
Ескерту: Ф - функция
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1-кесте
1. СБШ 4 деңгейдегі мұрағатшының еңбек қызметінің
(мамандығы) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.1.1. Құжаттарды тігуді және түптеуді, мұқабалауды жүзеге асыру; |
1) практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; | Мұрағат құжаттары кешенінің құрамы мен мазмұнын білу. |
Ф 2 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, стеллаждар, температура мен ылғалдылықты бақылайтын құралдар (термометр, гигрометр) |
3.2.1. Мұрағаттық құжаттарды тасымалдау, орнын ауыстыру. Мұрағаттық құжаттарды орналастыру. Істерді шаң-тозаңнан арылтуды жүзеге асыру. Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру жұмысына қатысу; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; | Мұрағат құжаттары кешенінің құрамы мен мазмұнын, мұрағат құжаттарын сақтаудың және жіктеудің жүйесін білу. |
Ф 3 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.3.1. Тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу кезінде жұмыстың техникалық түрлерін жүзеге асыру; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; | Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу |
Ф 4 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.4.1. Құжаттарды ғылыми сипаттау кезіндегі техникалық жұмыс түрлерін жүзеге асыру; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу; |
Ф 5 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.5.1. Мұрағатты толықтыру көздері – ұйымдардың мұрағаттық қызметтерінде, ведомстволық мұрағаттарында, іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге қатысу; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу; |
2-кесте
2. СБШ 5 деңгейдегі мұрағатшының еңбек қызметінің
(мамандығы) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.1.1. Істерді шифрлеуді, нөмірлеуді және істердегі парақтар нөмірлерін тексеруді жүзеге асыру; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; | өңдеу машиналар жұмысының қалдық ресурстарын анықтау әдістерін білу, талдау негізінде алынған деректерді салыстыруды білу. |
Ф 2 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, стеллаждар, температура мен ылғалдылықты бақылайтын құралдар (термометр, гигрометр) |
3.2.1. Қалпына келтіру-қайта қалпына келтіру жұмыстарын, залалсыздандыруды және дәрілеуді, сақтандыру қоры мен пайдалану қорын жасауды жүргізуге құжаттарды дайындау. Мұрағат қоймасынан құжаттар беруді және оларды мұрағат қоймасына қайтаруды жүзеге асыру; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Мұрағаттық құжаттардың сақталуын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету әдістерін білу; |
Ф 3 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.3.1. Қосымша есептік құжаттар жүргізу. Деректер базасына ақпарат енгізу; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу әдістерін білу; |
Ф 4 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.4.1. Көрмелерді ресімдеу кезінде техникалық жұмыс түрлерін жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындау; |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Мұрағаттық құжаттарды сақтауға жауапты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету үшін бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу жөніндегі әдістерді білу; |
Ф 5 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке компьютер, деректер базасы |
3.5.2. Мұрағаттық қызметтер, ведомстволық мұрағаттар жұмысына, толықтыру көздері – ұйымдардың іс жүргізуінде құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге қатысу. |
1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау; |
Мұрағаттық құжаттарды сақтауға жауапты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету үшін бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу жөніндегі әдістерді білу; |
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы кәсіби стандарт __________________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № _______________
Хат (хаттама) №_______ күні ____________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 2-қосымша |
Археограф мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі" кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі".
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмысты жүзеге асыру;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 "Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары";
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2-қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша |
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің
(мамандықтардың) түрлері
№ | Қызмет түрлерінің атауы | Еңбек нарығында танылған мамандар атауы | ҚР МС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | БТБА бойынша дәреже |
1 | Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бойынша жұмысты жүзеге асыру | археограф | археограф | 5 | - |
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша |
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Археографтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар | Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | Ескі (шаң басқан) құжаттармен жұмыс | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | жазба тарихи деректермен жұмыстың тәсілдері мен әдістерін білу | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | Кәсіби білім және оқу деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
5.4 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | жұмыс өтілі талап етілмейді | |
5.3 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл | |
5.2 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл | |
5.1 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл |
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізбесі
1. Археографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы |
Ф 1 | мұрағаттық құжаттарды баспаға дайындау |
Ф 2 | мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпараттық басылымдар дайындау |
Ф 3 | аса құнды және бірегей құжаттарды анықтау |
Ф 4 | археография мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына және нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірлеуге қатысу |
Ескерту: Ф - функция
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Археографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағаттық құжаттар, мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы, деректер банкі | Жеке компьютер, кітапхана, басылымның жоспар проспектісі, интернет ресурстары |
3.1.1 Басылымның жоспар-проспектісін жасауға, құжаттарды анықтауға және іріктеуге қатысу, мәтін теру, мәтінді түпнұсқамен салыстыру; | Компьютер техникасын пайдалану, деректер базасын басқару негіздері. Құжаттарды іріктеу негіздері. | Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппаратының және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу. |
Ф 2 | Мұрағаттық құжаттар, мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы | Жеке компьютер, кітапхана, басылымның жоспар-проспектісі, интернет ресурстары |
3.2.1 Басылымның жоспар-проспектісін жасауға, құжаттарды анықтау және іріктеуге қатысу, мәтін теру; | Компьютерлік техниканы қолдану, деректер базасын басқару. Мұрағаттық құжаттардың құндылығын айқындау | Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу. |
Ф 3 | Мұрағаттық құжаттар, мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы | Жеке компьютер, кітапхана, интернет ресурстары |
3.3.1 Аса құнды және бірегей құжаттарды анықтауға қатысу, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, шағын фильм және цифрлық тасығышқа аудару үшін істер тізімдемелері бойынша нақты бағдармен құжаттар іріктеу, мәтіні көмескіленген құжаттарды анықтау; |
Жазба тарихи деректерді оқудың жолдары мен әдістері. | Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін білу. |
Ф 4 | Мұрағаттық құжаттар, мұрағаттың ғылыми-анықтамалық-ақпараттық қоры, деректер базасы | Жеке компьютер, кітапхана, интернет ресурстары |
3.4.1 Құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпараттық басылым дайындау; | Мұрағат саласында ықпалдастық білім процедурасын дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану. | Мұрағат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, мұрағат ісі саласындағы әдістемелік әзірлемелерді; мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жүйесін және жіктеуін; мұрағатта сақтауда тұрған құжаттардың құрамы мен мазмұнын; ғылыми-анықтамалық аппараттың және мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық қорының жүйесін, ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін, қосымша тарихи пәндерді білу. |
Археограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы кәсіби стандарт ______________________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № ______________.
Хат (хаттама) №____________________ күні ____________________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 3-қосымша |
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі" кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі";
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
мұрағаттық қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды жүргізу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 "Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары";
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
мұрағаттық қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды жүргізу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2-қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша |
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің
(мамандықтардың) түрлері
№ | Қызмет түрлерінің атауы | Еңбек нарығында танылған мамандар атауы | ҚР МК 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | БТБА бойынша дәреже |
1 | Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау және оларды сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру | мұрағат қоймасының меңгерушісі | мұрағат қоймасының меңгерушісі | 6 | - |
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша |
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар.
Мұрағат қоймасының меңгерушісінің еңбек жағдайына, біліміне
және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар | Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда, мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ведомстволық мұрағаттарында | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | Температурасы +3-тен +18 дейінгі төмен орындарда жұмыс, шаң-тозаң құжаттармен жұмыс | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | - | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | Кәсіби білім және оқу деңгейі | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | |
6.1 | Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, тарих, заңгер мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | 6.1 |
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізбесі
1. Мұрағат қоймасы меңгерушісінің еңбек қызметінің
(мамандығының) түрі
еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы |
Ф 1 | Мұрағат құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау |
Ф 2 | Мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету |
Ф 3 | Мұрағат құжаттарының алғашқы есебін жүргізу |
Ескерту: Ф - функция
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Мұрағат қоймасы меңгерушісінің еңбек қызметінің
(мамандығы) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағат құжаттары, есептік құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке жұмыс орны, стеллаждар, сейфтер мұрағаттық қораптар, арнайы мөртабандар, арбалар |
3.1.1. Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдаудың жоспар-кестесін жасауға қатысу; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Ф 2 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке жұмыс орны, стеллаждар, сейфтер, өлшеу құралдары (термометр, гигрометр) |
3.2.1. Сақтаудың техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздіктің нормативтік режимдерін сақтау; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Ф 3 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат | Жеке компьютер, деректер базасы, жеке жұмыс бөлмесі, стеллаждар, сейфтер |
3.3.1. Мұрағат құжаттарының қозғалысын есепке алу; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Мұрағат қоймасының меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы кәсіби стандарт ______________________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № _______________
Хат (хаттама) №____________________ күні ___________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 4-қосымша |
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі" кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі".
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 "Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары";
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: бас қор сақтаушы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2-қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша |
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің
(мамандықтардың) түрлері
№ | Қызмет түрлерінің атауы | Еңбек нарығында танылған мамандар атауы | ҚР МС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | БТБА бойынша дәреже |
1 | Мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, қабылдау және құжаттарды есепке алу | бас қор сақтаушы | бас қор сақтаушы | 6 | - |
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша |
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар.
Бас қор сақтаушының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар | Ұлттық мұрағатта, Орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | мұрағат құжаттарын сақтаумен, пайдаланумен, жинақтаумен байланысты зиянды еңбек жағдайы бар | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | құпия және таратылуы шектеулі басқа мәліметтері бар құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігінің болуы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | Кәсіби білім және оқу деңгейі | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | |
6.1 | мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, тарих, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгер мамандықтары бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім | 6.1 |
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізбесі
1. Бас қор сақтаушының еңбек қызметінің
(мамандығының) түрі
еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы |
Ф 1 | мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету |
Ф 2 | Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды мемлекеттік есепке алу |
Ф 3 | Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау |
Ф 4 | мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және есепке алу мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу |
Ескерту: Ф - функция
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
Бас қор сақтаушының еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар | Жеке жұмыс бөлмесі, стеллаждар, сейфтер, температуралық ылғалдылыққа бақылау жасайтын құралдар (термометр, гигрометр) |
3.1.1. Сақтаудың, техникалық қауіпсіздіктің және өртке қарсы қауіпсіздіктің нормативтік режимдерінің сақталуын бақылау; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Ф 2 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар | Жеке компьютер, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы, ғылыми-анықтамалық аппарат |
3.2.1. Мұрағаттық құжаттарды мұрағаттық қорларға жүйелеу; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Ф 3 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар | Жеке жұмыс бөлмесі, стеллаждар, сейфтер |
3.3.1. Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдаудың жоспар-кестесін жасау; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Ф 4 | Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттар, ғылыми-анықтамалық аппарат, нормативтік және әдістемелік құжаттар | Жеке компьютер, әдістемелік қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы, кәсіби өзара іс-қимыл |
4.4.1. Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындау; |
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу; |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы кәсіби стандарт ______________________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № _______________
Хат (хаттама) №____________________ күні _________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 290 бұйрығына 5-қосымша |
Палеограф мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі" кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 "91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі";
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар үшін ертеректегі тарихи кезеңдердің құжаттарын анықтауды, оқуды, датасын қоюды, сипаттама жазуды жүзеге асыру, құжаттардың түпнұсқалылық, палеографиялық, тілдік және өзге ерекшеліктерін белгілеу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы:
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 "Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары";
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар үшін ертеректегі тарихи кезеңдердің құжаттарын анықтауды, оқуды, датасын қоюды, сипаттама жазуды жүзеге асыру, құжаттардың түпнұсқалылық, палеографиялық, тілдік және өзге ерекшеліктерін белгілеу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2-қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша |
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің
(мамандықтардың) түрлері
№ | Қызмет түрлерінің атауы | Еңбек нарығында танылған мамандар атауы | ҚР КС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы | СБШ бойынша біліктілік деңгейі | БТБА бойынша дәреже |
1 |
Құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар дайындау үшін жазба тарихи деректерді анықтау, оқу, датасын қою, сипаттау. | палеограф | палеограф | 5 | - |
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша |
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар.
Палеографтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар | Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | Ескі (шаң-тозаң басқан) құжаттармен жұмыс | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | Араб, латын графикасындағы құжаттарды, түркі, орыс тілдеріндегі қолжазбаларды оқу (тиісті дипломы, сертификаты болуы шарт) | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | Кәсіби білім және оқу деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
5.4 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | жұмыс өтілі талап етілмейді | |
5.3 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл | |
5.2 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл | |
5.1 | Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім | Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл |
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек қызметінің түрі (мамандығы) палеограф
еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы |
Ф 1 | Ескі мұрағаттық құжаттармен жұмыс |
Ескерту: Ф - функция
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Палеографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр | Еңбек құралдары | Еңбек жабдықтары | Міндеттер | Білу және дағдылану | Білім |
Ф 1 | Мұрағаттық құжаттар | Ескі қолжазба және баспа құжаттар, лупа, жеке компьютер, кітапхана, интернет-ресурстар |
3.1.1. Істер тізімдемелері бойынша нақты құжаттарды іріктеу, құжаттардың сыртқы белгілерін (жазба белгілерін, жазу материалын, сәуле белгілерін, түптеуін, нышанын) сипаттауға қатысу, өше бастаған мәтіндерді микрофильмдеу және цифрлау үшін құжаттарды айқындау; |
Қосымша тарихи пәндерге қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу. Жазба тарихи деректерді оқудың жолдары мен әдістері. |
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер. |
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы кәсіби стандарт ______________________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № _______________
Хат (хаттама) №____________________ күні ______________________