Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) оны мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Қайырбекова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан санаторийлік-курорттық ұйымдарда пациенттерге медициналық оңалту (бұдан әрі - МО) көрсету талаптары мен тәртібін белгілейді.
3. Халыққа МО көрсететін медициналық ұйымдардың штаттары "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 6173 тіркелген) штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді.
4. МО көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтаудың ең төменгі тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына (нормативтеріне) сәйкес белгіленеді.
5. МО көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
6. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) медициналық оңалту – науқастардың және мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені;
2) "Медициналық оңалту, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) (ересектерге, балаларға арналған)" мамандығы бойынша дәрігер - аурудың негізгі клиникалық бейіні бойынша құралдарды қолдану және физикалық оңалту әдістері бойынша арнаулы білімі және даярлығы бар дәрігер;
3) Мультитәртіптік команда – (бұдан әрі – МТК) медициналық ұйымдардың басшылары МО барлық кезеңдерінде құратын үйлестіруші дәрігердің басшылығымен медициналық оңалту және кешенді оңалту көрсететін әртүрлі мамандардың тобы;
4) бейін бойынша үйлестіруші дәрігер (бұдан әрі үйлестіруші-дәрігер) – МТК үйлестіру жұмыстары мен медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен көрсетілетін медициналық көмектің бейіні бойынша маман (кардиолог, невропатолог, ортопед-травматолог);
5) биоәлеуметтік функциялар (бұдан әрі - БӘФ) – бұл тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулері жұмыс істеуінің халықаралық жіктемесіне сәйкес индекстер бойынша анықталатын, өзіне қызмет көрсетуге, кеңістікке бейімделуі және уақытқа, қозғалысқа, сезінуге, сексуальдық қызметке, экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздікке, еңбек және шығармашылық қызметке қабілеттілігі.
6) инновациялық медициналық технология – денсаулық сақтау саласында медицина (биомедицина), фармация және ақпараттандыру саласын енгізілуі экономикалық тиімді және (немесе) әлеуметтік маңызды болып табылатын ғылыми және ғылыми – техникалық қызметтер әдістерінің және құралдарының жиынтығы;
7) денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы – денсаулық сақтауды стратегиялық дамыту, медициналық көмекті, медициналық және фармацевтикалық ғылым және білім беруді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы, медициналық қызметке ақы төлеу, денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері бойынша сараптама жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен құрылған консультативтік-кеңес органы (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы);
8) оңалту диагнозы – туындаған зақымдануды сипаттауды және осы бұзушылықтың салдарынан болған тұрмыстық және кәсіби дағдыны және БӘФ қамтитын аурудың (жарақаттың) функциональдық салдарын бағалау өлшемін көрсететін диагноз;
9) оңалту әлеуеті – БӘФ, сонымен қатар әлеуметтік-қоршаған орта факторларын есепке ала отырып, оңалтудың айқындалған мақсатына жетудің белгілі бір уақыт аралығында клиникалық негізделген мүмкіндігі;
10) оңалту мақсаты – жоспарлы, өзіндік, өлшеулі, нақты қол жеткізілген, уақытпен белгіленген жүргізілген оңалту шараларының нәтижесі;
11) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асыру бойынша өткізілген оңалту іс-шараларынан кейінгі күтілетін нәтиже;
12) жеке оңалту бағдарламасы – науқастарға және мүгедектерге өткізілетін оңалтудың нақты көлемін, түрін және мерзімін анықтайтын құжат;
13) оңалту картасы – зерттеу жүргізілген, оңалту емінің нәтижесі көрсетілген науқастың объективті жағдайы туралы деректер жазылған (ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 107-е нысаны) бастапқы медициналық құжаттаманың нысаны;
14) халықаралық өлшемдер (индекстер, шкалалар, тестер) – МО көлемін, тактикасын, кезеңділігін анықтайтын адамның оңалту әлеуетін, БӘФ бұзушылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін МО құралдар;
15) әлеуметтік қызметкер – денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметте қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар қызметкер;
16) Емдеуге жатқызу бюро порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға пациенттерді бағыттауды электронды тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.
2. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту
көрсететін ұйымдардың қызметтерінің құрылымы және негізгі
бағыттары
7. МО көрсететін медициналық ұйымдарға:
1) республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары (бұдан әрі – ОО);
2) республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар (бұдан әрі –АОА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі – ААА) және ауылдық аурухана (бұдан әрі – АА) МО бөлімшелері (төсектік);
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың МО бөлімшелері (кабинет);
4) санаторийлер жатады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 21.12.2016 № 1083 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. МО-ның мақсаттары денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті, тұлғалық және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғам өмірінің қалыпты жағдайында интеграция, реинтеграцияның материалдық және әлеуметтік тәуелділігіне қол жеткізу болып табылады.
9. МО негізгі қағидаттары:
ерте бастау;
кезеңі;
үздіксіздігі;
үйлестігі;
жеке және мультитәртіптік тәсілі;
қолжетімділігі;
ұқсастығы;
оңалту іс-шараларын өткізудегі нақты қалыптастырылған мақсатқа бағдары.
10. Қойылған мақсатқа сәйкес МО ұйымдастыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1) МО мәселелері бойынша заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
2) оңалтуды өткізу үшін, оны қайта бейімдеу жолымен қолдағы бар төсек қорын оңтайлы пайдалану;
3) жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына сәйкес ұйымның материалдық-техникалық жағдайын жақсарту;
4) МО көрсететін мамандар үшін кәсіби білім беру бағдарламасын әзірлеу;
5) халықаралық талаптарға сәйкес оңалту бойынша кадрларды даярлау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу;
6) практикада МО инновациялық, тиімді әдістерін енгізу.
3. Мультитәртіптік команданың қызметі
11. Пациенттерге МО бойынша көмек көрсету барлық кезеңдерде медициналық оңалту бойынша дярлаудан өткен МТК-ның қатысуымен өткізіледі.
12. МТК міндеттері:
1) халықаралық өлшемдерге сәйкес пациенттің түскен кезде, динамикада және шығар алдында БӘФ бұзушылығы мен ауырлық жағдайының дәрежесін өткізу мен бағалау;
2) оңалту диагнозын, оңалту әлеуетін және болжамын анықтау;
3) МО өткізу үшін көлемін, кезеңін және медициналық ұйымды анықтау.
13. МТК қызметі:
1) пациенттің МО мақсаты мен міндетін оларды қайта бағалаумен анықтау;
2) жекеленген оңалту бағдарламасын қалыптастыру;
3) оңалту іс-шараларының кешенін өткізу;
4) клиникалық-инструменталдық және зертханалық зерттеулердің мәліметтеріне бағалау өткізу;
5) оңалту іс-шаралары кешенінің тиімділігін бағалау;
6) одан әрі оңалту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
7) үй жағдайында пациент пен оның отбасын күтім және оңалту шаралары бойынша оқыту;
8) стационарлық немесе амбулаториялық науқастың медициналық (оңалту) картасына қорытынды мен ұсыныс әзірлеу;
9) пациентті бейінді медициналық ұйымға бағыттауды жүзеге асыру.
14. МТК-ны медициналық оңалту мәселелері бойынша оқытудан өткен, МТК-ның үйлестіруші және жетекші дәрігер болып табылатын үйлестіруші-дәрігер басқарады.
15. МТК құрамына медициналық оңалту мәселелері бойынша оқытудан өткен мынадай мамандар кіреді:
үйлестіруші дәрігер;
оңалту дәрігері ("медициналық оңалту, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік денешынықтыру, курортология)" (ересек, балалар мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар);
психология саласының маманы ("психиатрия (наркология, медициналық психология)" немесе жоғары медициналық емес (педагогикалық) "психология" мамандығы бойынша білімі бар));
емдеу мәдениеті бойынша нұсқаушы–маман (жоғары медициналық, медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
емдеу мәдениеті бойынша нұсқаушы–маман емдік денешынықтыру кабинетінің мейіргері, (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы–маман (жоғары медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы маман (орта медициналық және медициналық емес (педагогикалық) білімі бар);
физиотерапия кабинетінің мейіргері;
күтім жасайтын мейіргер;
әлеуметтік қызметкер.
16. Көрсетімдер бойынша МТК құрамына мыналар қатысады:
"дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальді терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия және басқа)" бейіні бойынша жоғары медициналық білім бар маман;
"функциналдық диагностика" бейіні бойынша жоғары медициналық білімі бар маман;
"оториноларингология (сурдология) (ересек, балалар)", "офтальмология (ересек, балалар)", "терапия (диетология)", "психиатрия (наркология, медициналық психология) (ересек, балалар) бейіні бойынша жоғары білімі бар маман;
массаж кабинетінің мейіргері
жоғары педагогикалық білімі бар мамандар: логопед, дефектолог- мұғалім, сурдолог-мұғалім, тифло-педагог, тәрбиеші, балаларға арналған мұғалім (педагог), әлеуметтік педагог, музыка мұғалімі;
ортезист–маман жоғары немесе орта медициналық немесе медициналық емес білімі бар.
17. МТК пациенттің жағдайының ауырлық деңгейін және БӘФ бұзылушылығын бағалау үшін аурулардың мынадай бейіндерінде халықаралық критерийлерді қолданады:
1) "неврология және нейрохирургия" бейінін: Бартела (Barthel) индексін, Mini Mental test, ASIA шкаласын;
1 жасқа дейінгі балалар үшін - Прехтла (Prechtl) шкаласын;
4 жасқа дейінгі нервтік-психикалық даму шкаласы, модифицирленген Бартел ( Barthel) шкаласы;
4 жастан үлкен – WeeFim шкаласы;
балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын балалар үшін (бұдан әрі – БЦС) қосымша: Ашфорта (Ashworth) спастикалық шкаласы GMFCS, GMFM шкаласы, МACs қолдың функционалданған шкаласы;
2) "травматология және ортопедия" бейіні: Бартел ( Barthel), MRC scale, Карновский, гониометрия индекстері;
1 жасқа дейінгі балалар үшін: MRC scale, Карновский, гониометрия индекстері;
3) "кардиология және кардиохирургия" бейіні: Нью-Йорк жүрек қауымдастығы (NYHA) жіктемесі бойынша функционалдық кластарға (бұдан әрі – ФК) сәйкес жүрек функциясының жетіспеушілігі (бұдан әрі – ЖФЖ) деңгейі, Lown индексі бойынша жүрек соғысының өмірге қауіпті бұзылушылығын бағалау.
4. Медициналық оңалтуды ұсынудың көлемдері және кезеңдері
Ескерту. 4-тарау алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Ескерту. 5-тарау алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Қазақстан Республикасының ересек халқына "кардиология және кардиохирургия", "травматология және ортопедия", "неврология және нейрохирургия" бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Ескерту. 6-тарау алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Қазақстан Республикасының балаларына "кардиология және кардиохирургия", "травматология және ортопедия", "неврология және нейрохирургия" бейіндері бойынша медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
Ескерту. 7-тарау алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Екінші кезең
" II А оңалту"
"Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Екінші кезең
" II А оңалту"
"Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша |
Екінші кезең
"II А оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 4-қосымша |
Екінші кезең
"II Б оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 5-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаторлық оңалту"
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 6-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаториялық оңалту"
"Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 7-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаториялық оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 8-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаториялық оңалту"
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 9-қосымша |
"Қолдаушы оңалту"
қолдаушы оңалтуы
"Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 10-қосымша |
"Қолдаушы оңалту"
қолдаушы оңалтуы
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 11-қосымша |
Екінші кезең
"II А оңалту"
"Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 12-қосымша |
Екінші кезең
"II А оңалту"
Ескерту. 12-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 13-қосымша |
Екінші кезең
"II А оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 13-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 14-қосымша |
Екінші кезең
"II Б оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 14-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 15-қосымша |
Үшінші кезең
Көлемі "II Амбулаторлық оңалту"
Ескерту. 15-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 16-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаторлық оңалту"
Ескерту. 16-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 17-қосымша |
Үшінші кезең
"II Амбулаториялық оңалту"
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 17-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 18-қосымша |
"Қолдаушы оңалту"
қолдаушы оңалтуы
Ескерту. 18-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 19-қосымша |
"Қолдаушы оңалту"
қолдаушы оңалтуы
Ескерту. 19-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 20-қосымша |
"Қолдаушы оңалту"
қолдаушы оңалтуы
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 20-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 21-қосымша |
"Қайта оңалту"
қайта оңалтуы
Ескерту. 21-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 22-қосымша |
"Қайта оңалту"
қайта оңалтуы
Ескерту. 22-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына 23-қосымша |
"Қайта оңалту"
қайта оңалтуы
"Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
Ескерту. 23-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 № ҚР ДСМ-120 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.