Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiнiң 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген "Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдықтары" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Индустрия және жаңа технологиялар | |
министрінің міндетін атқарушы | А. Рау |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
______________Т. Дүйсенова
2014 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 459 бұйрығымен бекітілген |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы (жеңіл өнеркәсіп
ұйымдарының жабдығына қызмет көрсету)"
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы (жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығына қызмет көрсету)" кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
3. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызметтің түрі: Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы.
6. Кәсіби қызмет саласы: Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы.
7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: пішуді бақылау, бөлшектерді өңдеу және тігін жабдығында бұйымдарды тігу, электр машиналары, аспаптары және қосалқы аппаратураның бөлшектері мен түйіндерін бөлшектеу, жөндеу, қайта қалпына келтіру және жинау, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығын және онымен байланысты құрастырмаларды бөлшектеу, құрастыру, қалпына келтіру және іске қосу
8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптерінің) карточкалары
1-параграф. Тігін жабдығы операторы
9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3-4.
10. Мүмкін болатын лауазым атауы:
тігін жабдығы операторы.
11. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – тігін жабдығы, жарағы және қосалқы құрылғыларын пайдалану, өңдеу, қалпына келтіру және реттеу.
12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
13 Тігін жабдығы операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2- кестесінде көрсетілген.
14. Тігін жабдығы операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3- кестесінде көрсетілген.
15. Тігін жабдығы операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
16. Тігін жабдығы операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-6-кестелерінде көрсетілген.
2-параграф. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет
көрсету жөніндегі электр слесарі
17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.
18. Мүмкін болатын лауазым атауы:
электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі.
19. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – электр машиналары, аспаптары және қосалқы аппаратураның бөлшектері мен түйіндерін бөлшектеу, жөндеу, қайта қалпына келтіру және жинау.
20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
21. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
22. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
23. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
24. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-7-кестелерінде көрсетілген.
3-параграф. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
жабдығының монтажшысы
25. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.
26. Мүмкін болатын лауазым атауы:
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығының монтажшысы.
27. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығын және онымен байланысты құрастырмаларды бөлшектеу, құрастыру, қайта қалпына келтіру және іске-қосу-ретке келтіру.
28. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
29. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
30. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығының монтажшысы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
31. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығының монтажшысы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
32. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5-7-кестелерінде көрсетілген.
4-параграф. Техник (механик)
33. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.
34. Мүмкін болатын лауазым атауы:
техник (механик).
35. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – машиналар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын бақылау, жабдықты профилактикалық тексеру, жеке түйіндер мен бөлшектерді жөндеу; машиналар мен механизмдерді жұмысқа дайындау, жеке түйіндер мен бөлшектерді ретке келтіру; жабдықтың жұмысын, тоқтап қалу себептері мен ұзақтығының есебін жүргізу, жөндеу үшін қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар алу үшін өтінімдер жасау.
36. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
37. Техниктің (механиктің) еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
38. Техник (механик) орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
39. Техник (механик) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
40. Техниктің (механиктің) құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.
4. КС әзірлеушілері
41. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.
42. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 6-қосымшасында келтірілген.
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 1-қосымша |
Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Реттік № | Қызмет түрінің атауы | Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы | 01-2005 Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы | СБШ сәйкес біліктілік деңгейі |
1. | Тігін жабдығы, жарағы және қосалқы құрылғыларын пайдалану, өңдеу, қалпына келтіру және реттеу | Тігін жабдығының операторы | Тігу жабдығының операторы | 2-4 |
2. | Электр машиналары, аспаптары және қосалқы аппаратураның бөлшектері мен түйіндерін бөлшектеу, жөндеу, қайта қалпына келтіру және жинау | Электр машиналарын жөндеу бойынша электрслесарь | Электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрслесарь | 2-4 |
3. | Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығын және онымен байланысты құрастырмаларды бөлшектеу, құрастыру, қалпына келтіру және іске қосу | Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жабдығының құрастырушысы | Технологиялық жабдықтар және оған қатысты конструкциялардың монтажшысы | 2-4 |
4. | Машиналар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын бақылау, жабдықты профилактикалық тексеру, жеке түйіндер мен бөлшектерді жөндеу; машиналар мен механизмдерді дайындау, жеке түйіндер мен бөлшектерді ретке келтіру, жабдықтың жұмысын, тоқтап қалу себептері мен ұзақтығын есепке алу, жөндеу үшін қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, құралдар алу үшін өтінім толтыру | Техник (механик) | Техник (механик) | 4 |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 2-қосымша |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ) | |
Базалық топ | 8253 Тоқыма, тері және былғары киімдер тігу және тоқу жабдықтарының операторлары мен машинистері Тігу жабдығының операторы |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) | |
БТБА шығарылымы, бөлімі | 46-шығарылым, "Тігін өндірісі" (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы "24" желтоқсандағы № 493-ө-м бұйрығымен бекітілген) |
БТБА бойынша кәсіп | тігін жабдығының операторы (3-5) |
СБШ біліктілік деңгейі | |
3 | 3-4 |
4 | 5-6 |
2-кесте. Тігін жабдығы операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) | Тігін фабрикалары, киім тігу өндірісі, тігін цехтары, ателье және тігін шеберханалары | |
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | жоқ | |
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары | Медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ болуы (086 нысан бойынша анықтама), ТҚ бойынша нұсқамадан өту | |
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
3 | Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту). | Талап етілмейді |
4 | Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе. | СБШ 3-деңгейінде кем дегенде 3 жыл |
3-кесте. Тігін жабдығы операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері) |
1 | Тігін жабдығының механизмдері мен түйіндерін пайдалану, бөлшектеу және жинау |
2 | Тозған бөлшектерді майлау және ауыстыру |
3 | Машиналардың жұмыс түйіндерін жөндеу және қалпына келтіру |
4 | Тігін жабдығының механизмдері мен түйіндерін реттеу, профилактикалық жөндеуді жүргізу |
5 | Түйіндер мен бөлшектердің схемаларын, сызбаларын құрастыру, жөндеу сапасын сынау және тексеру |
6 | Машинаны пайдалануға беру |
4-кесте. Тігін жабдығы операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функциясының № | Еңбек мәні | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Пішім бөлшектері, тігін машиналарының механизмдері мен түйіндері | Жұмыс құрал-сайманы, лекало | 1-1) Дұрыс және сапалы тігістерді орындау, машина түйіндері мен бөлшектерін бұзу мен жинау |
2 | Тігін машиналары мен жарақ | Майлау материалдары, майлағыштар, шприц, слесарлық құрал-сайман | 2-1) Тозған бөлшектерді майлау және ауыстыру, оларды ауыстыру және үйкелетін, айналатын бөліктерін ауыстыру мен майлау |
3 | Өлшеу құралдары, арнайы құрал-сайман | 3-1) тігістердің ақаулықтарының себептерін анықтау, тігіс ақауларын анықтау, жөндеу мен ретке келтірудің дұрыс әдістерін әзірлеу | |
4 | Тігін машиналарының түйіндері мен бөлшектері | 4-1) Бөлшектерді қалпына келтіру мен ауыстыру | |
Қосалқы механизмдер мен жарақтар. Үлгі-эталондар | 4-2) Ақауларды жою, машиналарды жинау мен ретке келтіру | ||
5 | Схемалар мен сызбалар, киім бөлшектері | 5-1) Орындалатын тігістердің сапасын тексеру, машиналарды жинау және ретке келтіру | |
6 | Тігін жабдығы | Орындалған тігістердің үлгілері | 6-1) Машиналарды сынау және пайдалануға беру |
5-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі тігін жабдығы
операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
Тігін машиналарын пайдалану, дұрыс және сапалы тігістерді салу, машиналардың түйіндерін бөлшектеу мен жинау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Тігін машиналарын пайдалану, дұрыс және сапалы тігістерді салу, машиналардың негізгі түйіндерін бөлшектеу мен жинау. Шағын ақауларды және жөнсіздіктерді жою. | Машинада тігіс жүргізу операциялары кешенінің техникалық процесінің технологиялық нұсқаулығы; өндірістік кемшіліктердің алдын алу қағидалары мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану қағидалары | |
2-1) | Тігін жабдығын майлау, тозған бөлшектерді ауыстыру және құрылғылар мен жарақты қолдану кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Слесарлық жұмыстар; бөлшектер мен түйіндердің принциптік схемаларын оқи білу, ақауларды диагностикалау | Тігін машиналарының, технологиялық процестердің автоматика құрылғыларының, конструктивтік ерекшеліктері, оларды реттеу тәсілдері, нақты өлшеу аспабының микрометрдің, индикатордың құрылысын, реттеуші органдар мен атқару механизмдерінің түрлерін, автоматты және жартылай автоматты тігін машинасындағы тігін машинасын тексеру мен баптау әдістері, түрлі автоматтандыру құрылғылары, құралдарын пайдалану мақсаты мен қағидалары тігін машиналарын майлау кезінде қолданылатын материалдар туралы жалпы мәліметтер; тігін машиналарын қосу мен ажырату тәртібі мен қағидалары |
6-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі тігін жабдығы операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
3-1) | Ақау себептерін анықтау және жөндеудің дұрыс әдістерін қолдану үшін дербес жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Ақаулықтарды диагностикалау, шағын ақауларды және жөнсіздіктерді жою. | Машинада тігіс жүргізу операциялары кешенінің техникалық процесінің технологиялық нұсқаулығы; өндірістік кемшіліктердің алдын алу қағидалары мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану қағидалары |
4-1) | Бөлшектерді қалпына келтіру мен ауыстыру үшін дербес жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Ақаулықтарды диагностикалау, слесарлық жұмыстар дағдысы. Шағын ақауларды және жөнсіздіктерді жою | Тігін машиналарын жөндеудің технологиялық нұсқаулықтары, қағидалары, слесарлық және такелаждық жұмыстарды жүргізу қағидалары. Тігін машиналары құрылысы мен жалпы қағидалары, жұмыс істеу принциптері |
4-2) | Машиналарды жинау және ретке келтіру кезінде дербес жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Бағдарламалық жасақтамасы бар заманауи тігін машиналарының ақаулықтарын диагностикалау, күрделі түйіндерді қалпына келтіру және жөндеу, автоматты жабдықты күйге келтіру | Тігін машиналарының, технологиялық процестердің автоматика құрылғыларының, конструктивтік ерекшеліктері, оларды реттеу тәсілдері, нақты өлшеу аспабының микрометрдің, индикатордың құрылысын, реттеуші органдар мен атқару механизмдерінің түрлерін, автоматты және жартылай автоматты тігін машинасындағы тігін машинасын тексеру мен баптау әдістері, түрлі автоматтандыру құрылғылары, құралдарын пайдалану мақсаты мен қағидалары |
7-кесте. СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейіндегі тігін жабдығы операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
5-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, технологиялық жабдықты жинау және ретке келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Машиналарды жинау мен реттеу сапасын тексеру. Есепке алу құжаттарын жүргізу және толтыру | Қолданыстағы жабдық пен аппаратураға профилактикалық және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі; пайдалануға қабылдау тәртібі. |
6-1) | Машиналарды сынау және пайдалануға беру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Машиналарды жинау мен ретке келтіру сапасын тексеру | Қолданыстағы жабдық пен аппаратураға профилактикалық және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі; барлық үлгідегі және қуатты тігін машиналарын пайдалануға қабылдау мен реттеу принципі; тігін жабдығының негізгі параметрлерін, технологиялық сипаттамасын, құрастырмасын және сыныпталуын білу; |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 3-қосымша |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ) | |
Базалық топ | 8282 – Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) | |
БТБА шығарылымы, бөлімі | 9-шығарылым, "Электр станциялары мен желілері жабдығын жөндеу" (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы "27" наурыздағы № 98-ө-м бұйрығымен бекітілген) |
БТБА бойынша кәсіп | Электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі (2-7) |
СБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтары |
2 | 2-3 |
3 | 4-5 |
4 | 6-7 |
2-кесте. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет
көрсету жөніндегі электр слесарінің еңбек жағдайына, біліміне
және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) | Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары, тоқу, тігу, өңдеу, тігу цехтары мен өндірістері, шағын кәсіпорындар, шеберханалар және ателье | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | жоқ | ||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары | Медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ болуы (086 нысан бойынша анықтама), ТҚ бойынша нұсқамадан өту | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
2 | Практикалық тәжірибе немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) не/немесе ересектерді қайта даярлау | Талап етілмейді | |
3 | Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту). | СБШ 2-деңгейінде кем дегенде 1 жыл | |
4 | Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе. | 3-деңгейдекем дегенде 3жыл |
3-кесте. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері) |
1 | Құрал-сайманды дайындау |
2 | Ақауларды диагностикалау |
3 | Машиналарды бұзу |
4 | Бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру |
5 | Ақауларды жою |
6 | Машиналарды жинау |
7 | Түйіндер мен бөлшектердің схемаларын, сызбаларын құрастыр |
8 | Машиналарды реттеу және ретке келтіру |
9 | Жөндеу сапасын сынау және тексеру |
10 | Машинаны пайдалануға беру |
4-кесте. Электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функциясының № | Еңбек мәні | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Құралдарды жиынтықталуы | Верстак, слесарь құралы | 1-1) Бөлшектерді слесарлық өңдеу. Бөлшектелген бөліктерді тазалау, шаю және сүрту |
2 | Электр машиналары | Өлшеу құралдары, Жөндеу жөніндегі нұсқаулық. ПУиЭ | 2-1) Түйіндерді ауыстыру бойынша такелаж жұмыстары |
3 | 3-1) Ақаулардың себебін анықтау және жөндеудің дұрыс тәсілдерін әзірлеу | ||
4 | Машина бөлшектері | Слесарлық және арнайы құралы. Қосалқы механизм мен керек-жарақ. Шаблондар мен үлгілер | 4-1) бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру |
5 | 5-1) Ақауларды жою және машиналарды жинау | ||
6 | 6-1), 7-1) Түйіндер мен бөлшектердің схемаларын, сызбаларын құрастыру | ||
7 | Техникалық құжаттама | Сызу құралы, ПК Стационарлық стенділер мен құрылғылар | |
8 | Электр машиналар мен түйіндер. Жұмыс параметрлерін реттеу тетіктері мен түйіндері | 8-1) Машиналарды ретке келтіру және реттеу | |
9 | Техникалық параметрлер | 9-1) Сынау және құжаттама жасау. | |
10 | Жабдық | Құрал-саймандар | 10-1) Сынау және пайдалануға беру |
5-кесте. СБШ бойынша 2-біліктілік деңгейіндегі электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
1-1) | Слесарлық жұмыстарды орындау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Слесарлық және такелаждық жұмыстардың негіздерін, слесарлық жне такелаж жұмыстарын білу | Слесарлық және өлшеу құралдарының, жөндеу және такелаж құралдарының қызметі мен қолдану ережелері. Электр машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. |
4-1) | Бөлшектерді қалпына келтіру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Слесарлық жұмыстар дағдысы, бөлшектер мен тораптардың электр құрастыру схемаларын, электр машиналарын қосу мен ажырату тәртібі мен ережесін білу | Электр машиналары мен өлшеу құралдарының құрастырушылық ерекшеліктерін, технологиялық процесс автоматикасының құрылысын, оларды реттеу тәртібін, нақты өлшеу аспабының микрометрдің, индикатордың құрылысын, қорғау, дабыл жүйесі, электржетек схемаларын, реттеуші органдар мен атқару механизмдерінің түрлерін, электр машиналарын орнатқан жерде тексеру мен баптау әдістерін білу |
6-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
2-1) | Такелаж жұмыстарын жүргізу және ақауларды диагностикалау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Ақауларды диагностикалау дағдысы | Технологиялық нұсқаулықтар, слесарлық және такелаж жұмыстарын жүргізу қағидалары. Электр машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. |
3-1) | Такелаж жұмыстарын жүргізу және ақауларды диагностикалау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Ақауларды диагностикалау | Технологиялық нұсқаулықтар, слесарлық және такелаж жұмыстарын жүргізу қағидалары. Электр машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. |
5-1) | Жөндеу жұмыстары кезіндаңе шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Ысытып құю және вулканизация жабдығында жұмыс істей білу, электр машиналарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдар туралы мәлімет, бөлшектер мен тораптардың электр құрастыру схемалары | Электр машиналары мен өлшеу құралдарының құрастырушылық ерекшеліктерін, технологиялық процесс автоматикасының құрылысын, оларды реттеу тәртібін, нақты өлшеу аспабының микрометрдің, индикатордың құрылысын, қорғау, дабыл жүйесі, электржетек схемаларын, реттеуші органдар мен атқару механизмдерінің түрлерін, электр машиналарын орнатқан жерде тексеру мен баптау әдістерін білу; электр машиналарын қосу мен ажырату тәртібі мен ережесін білу, материалдар туралы жалпы мәлімет |
7-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі электр аспаптарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және Кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
6-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, электр аспаптарын құрастыру нәтижесі үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет, | Ағаш дайындамалардан жасалған өкшелерге қажетті қалыптар мен өлшемдерді жасау және беру | Операцияларды орындау қағидалары және қолданылатын материалдардың қасиеттері |
7-1) | Жабдықты ретке келтіру, реттеу және сынау барысында өз бетімен жоспарлауды және жауапкершілікті көздейтін басшының басқаруы мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Электр машиналарын жөндеу және сынау дағдылары, орау схемаларын, электр машиналарының бөлшектері мен түйіндерінің сызбасын жасау, электр машиналарын жөндегеннен кейін оларды сынау және ретке келтіру | Қолданыстағы аппаратура мен жабдыққа профилактикалық және жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу тәртібі, пайдалануға қабылдау тәртібі мен барлық үлгідегі және қуатты электр машиналарының принциптері, тұрақты және ауыспалы ток электр аппараттарының негізгі параметрлері, технологиялық сипаттамалары, құрастырмасы мен сыныпталуы |
8-1) | Жабдықты ретке келтіру, реттеу және сынау барысында өз бетімен жоспарлауды және жауапкершілікті көздейтін басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Электр машиналарын жөндеу және сынау дағдылары, орау схемаларын, электр машиналарының бөлшектері мен түйіндерінің сызбасын жасау, электр машиналарын жөндегеннен кейін оларды сынау және ретке келтіру | Қолданыстағы аппаратура мен жабдыққа профилактикалық және жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу тәртібі, пайдалануға қабылдау тәртібі мен барлық үлгідегі және қуатты электр машиналарының принциптері, тұрақты және ауыспалы ток электр аппараттарының негізгі параметрлері, технологиялық сипаттамалары, құрастырмасы мен сыныпталуы |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 4-қосымша |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ) | |
Базалық топ | 7233 – Тоқыма өнеркәсібі өндірісі жабдықтарының монтажшысы |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) | |
БТБА шығарылымы, бөлімі | 3-шығарылым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 432-ө бұйрығымен бекітілген) |
БТБА бойынша кәсіп | Технологиялық жабдықтар және онымен байланысты құрылымдардың монтажшысы (2-7) |
СБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтары |
2 | 2 |
3 | 3-4 |
4 | 5-7 |
2-кесте. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) | Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары, тоқу, тігу, өңдеу, тігу цехтары мен өндірістері, шағын кәсіпорындар, шеберханалар және ателье | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | жоқ | ||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары | Медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ болуы (086 нысан бойынша анықтама), ТҚ бойынша нұсқамадан өту | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
2 | Практикалық тәжірибе немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) не/немесе ересектерді қайта даярлау | Талап етілмейді | |
3 | Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту). | СБШ 2-деңгейінде кем дегенде 1 жыл | |
4 | Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе. | СБШ 3-деңгейінде кем дегенде 3 жыл |
3-кесте. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығының монтажшысы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері) |
1 | Жабдықты ашу және жабу |
2 | Іргетас беттерін дайындау |
3 | Түйіндер мен блоктарды құрастыру орнына жеткізу |
4 | Жабдықты құрастыру және қалпына келтіру |
5 | Сапасын тексеру және техникалық сынақтар |
6 | Пайдалануға беру |
4-кесте. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығының монтажшысы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функциясының № | Еңбек мәні | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Машиналардың таралық қаптамасы | Ағаш шебері және слесарлық станок | 1-1) Жабдықты ашу және жабу. Жабдықты шаңнан, кірден және сүр жабындардан тазалау. Құбыр ұштарын жабу. Жүктемесіз қосылыстарды тарту және бұрап алу. Іргетас бұрандаларын бұрау |
2 | Іргетастар мен тіреулер | Абразивтік құрылғылар | 2-1 Іргетастардың тіреу беттерін түзету, тазалау, сумен шаю. Апарат пен жабдыққа нөмір тақтайшаларын дайынау және орнату |
3 | Түйіндер мен блоктар | Транспортерлер, жүк көтеру және түсіру құрылғылары, арбалар | 3-1) Әмбебап такелаж құралдары мен көтеру механизмдерін қолдана отырып, салмағы 25 кг.дейінгі жабдықты строптау, ауыстыру, салу |
4 | Машиналардың түйіндері, жабдықтың кешенді блокатары | Слесарлық және құрастыру құрал-саймандары, қосалқы механизмдер мен керек-жарақ | 4-1) Қарапайым металл құрастырмаларды құрастыру: сатылар, алаңдар, қоршаулар, тірек бағандары, кронштейн, ағаш саты т.б. және салмағы 5 т. дейінгі құрастырмалар |
4-2) Түйін және блокатрмен келіп түсетін технологиялық жабдықты құрастыру, жиналған күйде келетін жабдықты құрастыру, бөлшектелген күйде келіп түсетін күрделі жабдық желілерін құрастыру | |||
4-3) Технологиялық жабдықты сынау және ретке келтіру | |||
5 | Жабдық жұмысының технологиялық параметрлері | Өлшеу техникасы мен құралдары. Өнім эталондары. | 5-1) Жабдыққа технологиялық сынақ жүргізу |
6 | 6-1) Жабдықты пайдалануға беру |
5-кесте. СБШ бойынша 2-біліктілік деңгейіндегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
1-1) | Жабдықты ашу және күрделі емес слесарлық жұмыстарды орындау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | слесарлық құралдарды қолдануы, жабдық бөлшектерін майлау дағдысының болуы, такелаж жұмыстарын жүргізу дағдысының болуы | Қолданылатын материал сұрыптары, құрастыру жұмыстарын орындау тәсілдері, қолданылатын такелаж құралдарының құрылысы мен пайдалану ережесі, металды тот басудан қорғау тәсілдері, өлшеу аспабының құрылысы, жүк көтергіш механизмдер мен абразивті құрылғының құрылысы мен жұмысы |
2-1) | Іргетастардың тірек беттерін түзету, бедерлеу және тазартып сумен жуып-шаю кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Іргетастар мен тіреулердің беттерін абразивтік өңдеу тәсілдерін білу, гидравликалық құрылғыларды пайдалану, слесарлық дағдысының болуы және слесарлық құрал-саймандарды қолдана білу | Қолданылатын материалдың түрлері мен қасиеттері; абразивтік және тазалау жұмыстарын жүргізу тәсілдері, қолданылатын абразивтік құралдардың құрылысы мен пайдалану ережесі; іргетастар мен тіреу беттерін сызаттардан қорғау тәсілдері; абразивтік құрылғылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі |
4-1) | Күрделі емес слесарлық және құрастыру жұмыстарын орындау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Технологиялық жабдықты жинау және құрастыру жұмыстарын жүргізу, құралдар мен керек-жарақтарды қолдану дағдысы | Жөнделетін жабдықтың құрылысы мен оны құрастыру технологиясы, іргетас өлшемдерінің жабдыққа сәйкестігін тексеру тәсілдері, жеке элементтерден тұратын құрастырманы жинау және құрастыру тәсілдері, металл құрастырмалар элементтерін біріктіру және бекіту тәсілдері, механикаланған құрал мен такелаж құралдарының құрылысы және пайдалану қағидалары, гидравликалық және пневматикалық сынақтар жүргізу қағидалары, жабдықты, механизмді және машиналарды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар |
6-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
3-1) | Такелаж жұмыстары кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Слесарлық жұмыстар; жабдық бөлшектерін майлау тәсілдерін білу; такелаждық жұмыстарды жүргізу және жүк көтеру механизмдерімен жұмыс істеу қағидасы | Жөнделетін жабдықтың құрылысы мен оны құрастыру технологиясы, іргетас өлшемдерінің жабдыққа сәйкестігін тексеру тәсілдері, жеке элементтерден тұратын құрастырманы жинау және құрастыру тәсілдері, металл құрастырмалар элементтерін біріктіру және бекіту тәсілдері, механикаланған құрал мен такелаж құралдарының құрылысы және пайдалану қағидалары, гидравликалық және пневматикалық сынақтар жүргізу қағидалары, жабдықты, механизмді және машиналарды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар |
4-2) | Күрделі құрастыру жұмыстарын орындау кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Технологиялық жабдықты жинау және құрастыру жұмыстарын жүргізу, құрылғылар мен керек-жарақтарды қолдану дағдысы | Жөнделетін жабдықтың құрылысы мен оны құрастыру технологиясы, іргетас өлшемдерінің жабдыққа сәйкестігін тексеру тәсілдері, жеке элементтерден тұратын құрастырманы жинау және құрастыру тәсілдері, металл құрастырмалар элементтерін біріктіру және бекіту тәсілдері, механикаланған құрал мен такелаж құралдарының құрылысы және пайдалану қағидалары, гидравликалық және пневматикалық сынақтар жүргізу қағидалары, жабдықты, механизмді және машиналарды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар |
7-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жабдығы монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
4-3) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, технологиялық жабдықты сынау және ретке келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын жүргізу, жабдықты сынау және жабдықты пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін толтыру дағдысы | Күрделі агрегаттар мен технологиялық желілерді реттеу және ретке келтіру тәсілдері, құрастырманы ірілетіп жинау және құрастыру тәсілдері, күрделі эскиздер мен құрастыру схемаларын орындау қағидалары, техникалық сынақтарды жүргізу тәсілдері, машиналарды пайдалануға беру қағидалары |
5-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдыққа технологиялық сынақ жүргізу үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын жүргізу, жабдықты сынау және жабдықты пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін толтыру дағдысы | Күрделі агрегаттар мен технологиялық желілерді реттеу және ретке келтіру тәсілдері, құрастырманы ірілетіп жинау және құрастыру тәсілдері, күрделі эскиздер мен құрастыру схемаларын орындау қағидалары, техникалық сынақтарды жүргізу тәсілдері, машиналарды пайдалануға беру қағидалары |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 5-қосымша |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ) | ||
Базалық топ | 3115- техник-механиктер | |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) | ||
БТБА шығарылымы, бөлімі | - | |
БТБА бойынша кәсіп | - | |
СБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтары | |
Басшылар, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Техник | Механик |
4 | 4 |
2-кесте. Техниктің (механиктің) еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) | Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары, тоқу, тігу, өңдеу, тігу цехтары мен өндірістері, шағын кәсіпорындар, шеберханалар және ателье | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы | жоқ | ||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары | Медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ болуы (086 нысан бойынша анықтама), ТҚ бойынша нұсқамадан өту | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі | |
4.1 | Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі | Жұмыс өтiлiне талаптардың көрсетілуі | |
4.2 | Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі | Санатсыз техник лауазымында жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл |
3-кесте. Техник (механик) орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері) |
1 | Машиналардың паспорттарын жасау |
2 | Машиналар жұмысы уақытын есепке алу және тозуын бақылау |
3 | Машиналарды тазалау және жөндеуге дайындау |
4 | Машиналарды алдын ала жоспарлы жөндеуді ұйымдастыру |
5 | Сапасын тексеру және техникалық сынақ жүргізу |
6 | Пайдалануға беру |
4-кесте. Техник (механик) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функциясының № | Еңбек мәні | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Жабдықтың жай-күйі | Өлшеу құрылғылары мен хронометрлер | 1-1) жабдықтың жұмысын, тоқтап қалу себептері мен ұзақтығын есепке алу |
2 | 2-1) жабдық паспортын, пайдалану нұсқаулығын құрастыру тәртібін білу | ||
3 | Машиналардың түйіндері мен блоктары | Шаңсорғыш, механикалық және қол тазалау құрылғылары мен арбалар | 3-1) ақаулар ведомосын жөндеу үшін қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, құралдар алу үшін өтінімдер толтыру |
4 | Слесарлық және құрастыру құралдары | 4-1) машиналар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын бақылау | |
Қосалқы механизмдер мен керек-жарақ | 4-2) жабдықты профилактикалық тексеру, жеке түйіндер мен бөлшектерді жөндеу | ||
4-3) Жабдықты реттеу және ретке келтіру | |||
5 | Технологиялық жабдық | Өлшеу техникасы мен құрылғысы. | 5-1) Жабдыққа технологиялық сынақ жүргізу |
6 | Өнім эталондары | 6.1) Жабдықты пайдалануға беру |
5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі техниктің (механиктің) құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № | Жеке және кәсіби құзыреттері | Біліктері мен дағдылары | Білімі |
1-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықтың жұмысын, тоқтап қалу себептері мен ұзақтығын есепке алу жұмыстарын жүргізу үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Жабдық хронометражын алу дағдысының болуы, есептеу техникасын пайдалана білу, слесарлық дағдысының болуы және слесарлық құралдарды пайдалана білу, жабдық бөлшектерін майлау тәсілдерін білуі, такелаж жұмыстарын жүргізу дағдысының болуы және жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу қағидаларын білуі | Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік актілер, жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа басқару материалдары, алдын ала жоспарлы жөндеу және технологиялық жабдықты ұтымды пайдалану бойынша басқа басқарушылық материалдар |
2-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдыққа паспорт толтыру, пайдалану нұсқаулығын жасау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Жабдық хронометражын алу дағдысының болуы, есептеу техникасын пайдалана білу, слесарлық дағдысының болуы және слесарлық құралдарды пайдалана білу, жабдық бөлшектерін майлау тәсілдерін білуі, такелаж жұмыстарын жүргізу дағдысының болуы және жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу қағидаларын білуі | Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік актілер, жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа басқару материалдары, алдын ала жоспарлы жөндеу және технологиялық жабдықты ұтымды пайдалану бойынша басқа басқарушылық материалдар |
3-1) | Жөндеуге қажетті материал, қосалқы бөлшектер, бөлшектер және құрал-сайманға өтінім толтыру үшін шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Жабдық хронометражын алу дағдысының болуы, есептеу техникасын, слесарлық құралдарды пайдалана білу, слесарлық дағдысының болуы, жабдық бөлшектерін майлау дағдысының болуы, такелаж жұмыстарын жүргізу дағдысының болуы және жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу қағидаларын білуі | Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік актілер, жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа басқару материалдары, алдын ала жоспарлы жөндеу және технологиялық жабдықты ұтымды пайдалану бойынша басқа басқарушылық материалдар, слесарлық құрал-сайманды қолдана білу |
4-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, машиналар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын бақылау кезіндегі нәтиже үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Технологиялық жабдықты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құралдар мен керек-жарақтарды қолдану дағдысы. | Жабдықтың техникалық сипаттамалары, құрастырушылық ерекшеліктері, қызметі, жұмыс істеу режимдері және пайдалану қағидалары, жабдықты, механизмдер мен машиналарды жөндеуге қойылатын техникалық талаптар |
4-2) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықты профилактикалық тексеру, жеке бөлшектер мен түйіндерді жөндеу кезіндегі нәтиже үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Технологиялық жабдықты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құралдар мен керек-жарақтарды қолдану дағдысы. | Жабдықтың техникалық сипаттамалары, құрастырушылық ерекшеліктері, қызметі, жұмыс істеу режимдері және пайдалану қағидалары, жабдықты, механизмдер мен машиналарды жөндеуге қойылатын техникалық талаптар |
4-2) | Жабдықты профилактикалық тексеру, жеке түйіндер мен бөлшектерді жөндеу кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық ету мен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет | Технологиялық жабдықты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құралдар мен керек-жарақтарды қолдану дағдысы. | Жабдықтың техникалық сипаттамалары, құрастырушылық ерекшеліктері, қызметі, жұмыс істеу режимдері және пайдалану қағидалары, жабдықты, механизмдер мен машиналарды жөндеуге қойылатын техникалық талаптар |
4-3) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықты реттеу мен ретке келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын жүргізу, жабдықты сынау және жабдықты пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін толтыру дағдысы | Агрегаттар мен технологиялық желілерді реттеу мен ретке келтіру тәсілдері, жөндеу жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру, техникалық сынақтарды жүргізу тәсілдері, пайдалануға беру кезінде агрегаттарды және машиналарды сынап көру қағидалары |
5-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықты технологиялық сынақтан өткізу үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын жүргізу, жабдықты сынау және жабдықты пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін толтыру дағдысы | Агрегаттар мен технологиялық желілерді реттеу мен ретке келтіру тәсілдері, жөндеу жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру, техникалық сынақтарды жүргізу тәсілдері, пайдалануға беру кезінде агрегаттарды және машиналарды сынап көру қағидалары |
6-1) | Міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жабдықты пайдалануға беру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет | Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын жүргізу, жабдықты сынау және жабдықты пайдалануға қабылдау-тапсыру актісін толтыру дағдысы | Агрегаттар мен технологиялық желілерді реттеу мен ретке келтіру тәсілдері, жөндеу жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру, техникалық сынақтарды жүргізу тәсілдері, пайдалануға беру кезінде агрегаттарды және машиналарды сынап көру қағидалары |
"Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы" кәсіби стандартына 6-қосымша |
Келісу парағы
Ұйымның атауы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне ____________ тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________________________