Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 119/14-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 775 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Ережесі", "ережесінде" деген сөздер "Қағидасы", "қағидасында" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51- ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қазанында № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 "Астана ақшамы" және 2010 жылғы 20 қарашадағы № 135 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегi Астана қаласында тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ақшалай төлем түрінде беріледі.

      Тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтарға осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, коммуналдық және өзге де қызметтердің, сондай-ақ есептеу құралының құнын төлеуге беріледі.";

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке келесі құжаттар (көшірмелер мен түпнұсқалар салыстыру үшін, түпнұсқада ұсынылатын анықтамалардан басқа) қоса беріледі:

      1) тұрғын үйдiң меншiк иесiмен (жалдаушы, қосымша жалдаушы) бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң жеке басын растайтын құжаттары;

      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органымен берiлген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;

      3) тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);

      4) азаматтарды тiркеу кiтабы;

      5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiк;

      6) отбасы кiрiстерi туралы мәлiмет;

      7) еңбек қызметiн растайтын құжаттар;

      8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшiн) № 4 нысандағы анықтама;

      9) тұрғын үй көмегiн тағайындауға хабарласқан айдың алдындағы айға тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот және (немесе) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналыста бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен, мөрімен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоты;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      13) есептеу құралы құнының түбіртек-шоты - жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтар үшін.".

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрайымы

Э. Суханбердиева

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV "О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане"

Решение маслихата города Астаны от 28 марта 2013 года № 119/14-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 3 мая 2013 года № 775. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 6 марта 2019 года № 363/45-VI.

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 06.03.2019 № 363/45-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV "О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 29 октября 2010 года за № 652, опубликовано в газетах "Астана акшамы" № 129 от 20 ноября 2010 года, "Вечерняя Астана" № 135 от 20 ноября 2010 года ) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Жилищная помощь предоставляется в виде денежных выплат малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Астане и являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища.

      Жилищная помощь предоставляется на оплату коммунальных и иных услуг, а также стоимости прибора учета для граждан, проживающих в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в случае, если расходы на эти цели превышают предельно-допустимый уровень расходов семьи.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. К заявлению о назначении жилищной помощи прилагаются следующие документы (копии и оригиналы для сверки, кроме справок, предоставляемых в оригинале):

      1) документы, удостоверяющие личность всех членов семьи, проживающих совместно с собственником (нанимателем, поднанимателем) жилища;

      2) справка об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество, выданная территориальным органом Министерства юстиции Республики Казахстан;

      3) правоустанавливающий документ на жилище (договор приватизации, договор дарения, договор купли-продажи и т.д.);

      4) книга регистрации граждан;

      5) свидетельство о заключении или расторжении брака;

      6) сведения о доходах семьи;

      7) документы, подтверждающие трудовую деятельность;

      8) справка формы № 4 из органов ЗАГСа (для одиноких матерей);

      9) счета на потребление коммунальных услуг за месяц предшествующий месяцу обращения за назначением жилищной помощи;

      10) счет о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума и (или) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемые органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованной с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией), утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума;

      11) квитанция-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      12) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленный местным исполнительным органом;

      13) квитанция-счет стоимости прибора учета – для граждан, проживающих в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии


маслихата города Астаны

Э. Суханбердиева

Секретарь маслихата


города Астаны

С. Есилов