Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 12.10.2017 № а-10/335 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2013 жылғы 29 тамыздағы № а-9/443 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 тіркелген, 2013 жылғы 19 қазанда "Ереймен", "Ерейментау" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Омурзақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданы әкімі | Т.Мұханбеджанов |
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № а-12/616 қаулысына қосымша Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № а-9/443 қаулысымен бекітілді |
Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ауданның атауы | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру ұйымы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі мекемелерде айына (теңге) жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері | ||||
Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы күні толық келумен шағын орталық | Мектеп жанындағы күні толық емес келумен шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы күні толық келумен шағын орталық | Мектеп жанындағы күні толық емес келумен шағын орталық | |
Ерейментау | 140 | 0 | 364 | 19 377 | 0 | 6 957 |
Бір тәрбиеленушіге айына (теңге) шығындардың орташа құны | Мектепке дейінгі мекемелерде айына (теңге) ата-аналар төлемінің мөлшері | ||||
Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы күні толық келумен шағын орталық | Мектеп жанындағы күні толық емес келумен шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы күні толық келумен шағын орталық | Мектеп жанындағы күні толық емес келумен шағын орталық |
19 377 | 0 | 6 957 | 7500 | 0 | 0 |