Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Есіл ауданы әкімі аппараты басшысының 13.02.2014 № 04/ш-211 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 14/7 «Aуылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» шешімінің негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Aуылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Рахметов
Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ А-1/65 қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік қызметкер;
2) бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
3) тәрбиеші;
4) әдіскер;
5) музыкалық жетекші;
6) көркемдеу жетекші;
7) оқытушы–психолог;
8) логопед;
9) аға жетекші;
10) бастапқы әскери дайындау ұйымдастырушы-оқытушы;
11) кітапхана меңгерушісі;
12) кітапханашы;
13) медбике;
14) диеталық медбике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) клуб жетекшісі;
2) кітапханашы;
3) аккомпаниатор;
4) хореограф;
5) мәдени-демалыс қызметі бойынша маман.