Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 04.02.2014 ақпандағы № 01-91 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ А-4/149 қаулысына
қосымша
Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Ауыл шаруашылық дақылдарының егіс жүргізудің оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері |
1. |
Орташа кеш пісетін жаздық бидай |
12 мамырдан 28 мамырға дейін |
29 мамырға дейін |
2. |
Орташа пісетін жаздық бидай |
14 мамырдан 1 маусымға дейін |
2 маусымға дейін |
3. |
Орташа ерте пісетін жаздық бидай |
18 мамырдан 4 маусымға дейін |
5 маусымға дейін |
4. |
Жаздық арпа, сұлы |
27 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
5. |
Бұршақ |
18 мамырдан 31 мамырға дейін |
1 маусымға дейін |
6. |
Ноқат |
7 мамырдан 20 мамырға дейін |
21 мамырға дейін |
7. |
Күнбағыс май тұқымына |
7 мамырдан 20 мамырға дейін |
21 мамырға дейін |
8. |
Зығыр |
15 мамырдан 31 мамырға дейін |
1 маусымға дейін |
9. |
Көпжылдық дәнді мен бұршақ шөптердің көктемгі егісі |
7 мамырдан 15 мамырға дейін |
16 мамырға дейін |
10. |
Сүрлемге жүгері |
20 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
11. |
Судан шөбі |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |