РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
өздеріне байланысты емес себептер бойынша он екі айдан астам ұзақ уақыт бойы еңбек етпейтін жұмыссыздар;
уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ә.Жүсіповке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Тәткеев