Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 3/19 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қазанда № 3856 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 3/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 13.05.2016 № 3/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы
Қ.Жұмабаев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Ө.Балғабаев

      "Келісілді"
      Қорғалжын ауданының
әкімі
Қ.Рыскелдінов

  Қорғалжын аудандық мәслихатының
2013 жылғы 9 қазандағы
№ 3/19 шешімімен бекітілген

Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астрахан ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган - "Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалы Қорғалжын аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасыларының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Қорғалжын ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      3. Осы Қағидалар Қорғалжын ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.
      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
      3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
      барлық санаттағы мүгедектерге;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбастарына);
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен);
      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобы қатарына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
      4) күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларына.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 17.09.2015 № 2/39 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      2) қарт адамдар Күніне;
      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
      3) мүгедектер Күніне:
      Барлық санаттағы мүгедектерге;
      4) отбасына (азаматтарға) қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша, отбасының (азаматтың) кірісіне байланыссыз бір жолғы көмек:
      азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттен салдары келген жағдайда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министірлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасының негізінде, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген аңықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
      6) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге Қорғалжын ауданында жұмыспен өтеу есепке алынады. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, аудан әкімі, студент және Қорғалжын аудандық мемлекеттік медициналық мекеме арасындағы жасалған келісім шарт, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобы қатарына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджеттен жылына бір рет оқудың жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде төленеді.
      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 17.09.2015 № 2/39 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Қорғалжын ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады;
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қорғалжын ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Қорғалжын ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе

Решение Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 9 октября 2013 года № 3/19. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 октября 2013 года № 3856. Утратило силу решением Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 13 мая 2016 года № 3/3

      Сноска. Утратило силу решением Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 13.05.2016 № 3/3 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Коргалжынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии районного
маслихата
К.Жумабаев
      Секретарь районного
маслихата
О.Балгабаев

      "Согласовано"
      Аким Коргалжынского
района
К.Рыскелдинов

  УТВЕРЖДЕНЫ
решением Коргалжынского
районного маслихата
от 9 октября 2013 года № 3/19

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые правила).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Коргалжынского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Коргалжынского района";
      8) уполномоченная организация – Коргалжынское районное отделение Акмолинского областного филиала республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акимов сел, сельских округов Коргалжынского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории Коргалжынского района.
      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая уполномоченным органом отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и в статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      6. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.
      7. Перечень памятных дат и праздничных дней, к которым оказывается социальная помощь:
      1) День Победы - 9 мая;
      2) День пожилых людей – 1 октября;
      3) День инвалидов - второе воскресенье октября.

2. Перечень категорий и предельные размеры социальной помощи

      8. Социальная помощь предоставляется следующим категориям получателей:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      другим категориям лиц, приравненным к участникам Великой Отечественной войны;
      пенсионерам с минимальной пенсией и государственным социальным пособием по возрасту;
      инвалидам всех категорий;
      гражданам (семьям), понесшим ущерб в следствие стихийного бедствия или пожара;
      лицам, больные социально–значимыми заболеваниями (туберкулезом, онкологическими заболеваниями и вирусом иммунодефицита человека);
      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающим в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе;
      студентам из числа малообеспеченных, социально-уязвимых слоев населения (семей) обучающихся в высших медицинских учебных заведениях.
      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально-значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму;
      4) малообеспеченная и многодетная семья.
      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 17.09.2015 № 2/39 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      9. Социальная помощь предоставляется:
      1) ко Дню Победы - 9 мая:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      другим категориям лиц, приравненных к участникам Великой Отечественной войны;
      2) ко Дню пожилых людей:
      пенсионерам с минимальной пенсией и государственным социальным пособием по возрасту;
      3) ко Дню инвалидов:
      инвалидам всех категорий;
      4) единовременно семьям (гражданам) при наступлении трудной жизненной ситуации по обращению не позднее трех месяцев после ее наступления независимо от дохода семьи (гражданина):
      в случае причинения ущерба гражданину (семье) вследствие стихийного бедствия или пожара в размере тридцати месячных расчетных показателей, на основании справки государственного учреждения "Отдел по чрезвычайным ситуациям Коргалжынского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан";
      лицам, больным социально–значимыми заболеваниями (туберкулезом, онкологическими заболеваниями и вирусом иммунодефицита человека) на основании подтверждения медицинского учреждения о регистрации на учете в органах здравоохранения один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      5) единовременная помощь студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающих в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе на оплату за учебу один раз в год в размере сто процентной стоимости годового обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, справки с места учебы и справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета;
      6) студентам, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях с учетом отработки в Коргалжынском районе. Выплаты производить на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, договором о трудоустройстве между акимом района, студентом и государственным медицинским учреждением Коргалжынского района, справки с места учебы и справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к малообеспеченным гражданам, либо к социально-уязвимым слоям населения в размере сто процентной стоимости обучения один раз в год с районного бюджета.
      К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местным исполнительным органом области.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 17.09.2015 № 2/39 (вводится в действие со дня официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Коргалжынского района по представлению уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.
      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи предоставляет в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе семьи согласно приложению 1 к Типовым правилам;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акта и/или документа, подтверждающего наступление трудной жизненной ситуации.
      12. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи, по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.
      Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет на рассмотрение специальной комиссии.
      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима села, сельского округа.
      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.
      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Коргалжынского района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Коргалжынского района;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".