Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород селолық округі әкімінің 12.11.2013 № 3 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 02 қазандағы № 647 ұсынысына сәйкес, Белгород селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ньюкасл құс ауруының шығуына байланысты, Белгород селолық округінің, Белгородское селосы аумағына карантин енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Белгород селолық округі
әкімінің міндетін атқарушы О.Беренкова