Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 05.09.2013 № а-8/539 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2013 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз