«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТІ:
1. Темір ауданының Шұбарқұдық және Шұбарши кенттік округтері Шұбарқұдық және Шұбарши ауылдық округтері болып қайта құрылсын.
2. Темір қалалық округі таратылсын.
3. Таратылған Темір қалалық округінің Жамбыл ауылы Темір қаласының әкімшілік бағынысына берілсін.
4. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
5. Әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. МҰХАМБЕТОВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Д. ДОВМАТЕНКО