Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 09.01.2014 № 14-5/53 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 199 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормативтерін белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3603 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2013 жылғы 16 шілдеде № 83 жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулының 1-қосымшасы мына мазмұндағы 5.4, 5.5 тармақтармен толықтырылсын:
"
5.4 | майлы дақылдар, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн және өнеркәсiптiк үлгiдегi спринклерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсiрлінген |
5.5 | суармалы түрде көп жылдық шөптер, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптер және шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптер (көп жылдық шөптердiң көнежастағы егiстiгiн жырту ескерiледi) өсiрлінген |
";
2-қосымша мына мазмұндағы 5.4, 5.5 тармақтармен толықтырылсын:
"
5.4 | майлы дақылдар, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн және өнеркәсiптiк үлгiдегi спринклерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсiрлінген | 24 500 |
5.5 | суармалы түрде көп жылдық шөптер, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптер және шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптер (көп жылдық шөптердiң көнежастағы егiстiгiн жырту ескерiледi) өсiрлінген | 24 500 |
".
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А.Мамытбеков |