«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтын немесе тұрғындарының бәрі кетіп қалған (қоңыс аударған), келесідей:
Әйтеке би ауданы бойынша:
Әйке ауылдық округінің Қайранкөл;
Байғанин ауданы бойынша:
Миялы ауылдық округінің Бесбай;
Қарғалы ауданы бойынша:
Әлімбет ауылдық округінің Бөгенбай, Қызылсай
Степной ауылдық округінің Қайрақтысай;
Мұғалжар ауданы бойынша:
Құмсай ауылдық округінің Терісбұтақ, Шиелі,
Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің Қаралатсай,
Ащысай ауылдық округінің Басшиелі;
Темір ауданы бойынша:
Кеңестуы ауылдық округінің Ақжар,
Тасқопа ауылдық округінің Теректі;
Шалқар ауданы бойынша:
Шетырғыз ауылдық округінің Шетырғыз ауылдары таратылсын.
2. Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарының әкімдері таратылған ауылдардың тұрғындары мен шекараларын жақын жатқан елді мекендерге қосуға байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. «Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
4. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
5. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. МҰХАМБЕТОВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Д. ЕСПАЕВА