Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған актінің кіріспесіндегі «5-бабының 4) тармақшасына» деген сөздер «5-бабының 7) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов