Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 148 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) Жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
сессия төрағасы: хатшысы:
А.АЛМАҒАМБЕТОВ А.ЕРМАҒАМБЕТ