Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қазыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | М.Абдуллин |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 33 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздерi және қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі
Рет саны | Мекемелер атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері /жобалары/ |
Шарт бойынша жұмыстардың көлемі, | Жоспар бойынша |
| |
Жұмыс орын саны, адам | Қаралған қаражат, мың теңге | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Селолық округтер: Көптоғай Қайынды Сарбие Қараой Саралжын Ойыл Ш. Берсиев атындағы |
"Көркейту", | 18660 | 182 | 10094,0 | Жергілікті бюджет |
---|---|---|---|---|---|---|
2 | "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | "Санақ", | 18660 | 6 | 336,0 | Жергілікті бюджет |
3 | "Ойыл ауданы қорғаныс істер бөлімі" ММ | "Санақ" | 18660 | 9 | 503,0 | Жергілікті бюджет |
4 | "Ойыл аудандық соты" | "Көркейту" | 18660 | 3 | 168,0 | Жергілікті бюджет |
5 | "Ойыл аудандық прокуратурасы" | "Көркейту" | 18660 | 3 | 168,0 | Жергілікті бюджет |
5 | Барлығы | 18660 | 200 | 11269,0 |