РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, Сарқан ауданының әкімдігі мен мәслихатының пікірлерін ескере келе,Алматы облысының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облысының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданының Көкжиде ауылдық округі таратылсын және оның аумағы Сарқан ауданы Лепсі поселкелік округ құрамына енгiзілсін.
2. Алматы облысының статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
3. Осы қаулы мен шешiмнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсiн.
4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Ә. Қыстаубаев
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Е. Келемсейіт