РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 06 наурыздағы N 357 шешімімен бекітілген Талдықорған қаласының жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының ставкалары автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс ХІХ | |
сессияның төрайымы | Ж.Нұрлыбаева |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | М. Бопазов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Талдықорған қаласы | |
бойынша салық басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Мусаев Мейрам Мирзанұлы |
"Талдықорған қаласы жер | |
қатынастары бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Қайыпова Қарлығаш Қалдыбайқызы |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" N 133 шешіміне қосымша |
Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына
бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді
қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату
Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық ставкаларының жоғарылату (+) пайызы |
I | +10 |
II | +20 |
III | +30 |
IV | +40 |