Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 09.11.2015 № 45-282 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2013-2015 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-мәдениет салалары, жастар саясаты және заңдылық, құқық қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | Ғ. Мұсабаланов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Ақсу ауданы бойынша | |
салық басқармасының | |
басшысы | Байсаринов Айтқали Сейтқалиұлы |
20 тамыз 2013 жыл
Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін 2013–2015 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкаларының мөлшері
Рет. N | Салық салу объектісінің атауы | Ақсу ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 10 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 5 |