Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 06.05.2014 № 37-204 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1–тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2013 жылдың аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р.Абдуллин
Мәслихат хатшысы Қ.Тастанбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Есболған Есенбайұлы Тұрсынбаев
04 шілде 2013 жыл