Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 қазандағы N 24-112 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 29 қарашада N 2480 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы N 28-135 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 10.02.2014 N 28-135 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   А. Исаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               В. Батыр

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Іле аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
      28 қазан 2013 жыл

      "Іле ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Бөпетаева Қарлығаш Болысқызы
      28 қазан 2013 жыл

Іле аудандық мәслихатының
2013 жылғы 28 қазандағы
"Іле ауданындағы аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 24-112 шешіміне
қосымша

Іле ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 1626 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

Жалпы ереже.

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Іле ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндеті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Іле ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушыларды (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй -жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, барлық топтағы мүгедектерді және бір айдан астам стационарлық емделудегі азаматтарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспайтын еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш береді және мынандай құжаттарды қоса ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот;
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның соңғы айының төлем түбіртектерін ұсыну қажет.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      8. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін төлеу және тағайындау бойынша құжаттарды уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізеді.
      9. Уәкілетті орган өтініштер қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі. (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi орган құжаттардың көшiрмелерiн тексерiп, оларды тiркеуден өткiзедi және өтiнiш берушiге құжаттарын қабылдағаны жөнiндегi растайтын құжат берiледi.
      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      13. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      14. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      15. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар ескеріледі:
      1) жеке үйде тұратындарға тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 12,5 текше метр, көп қабатты үйлерде тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 18,5 текше метр;
      2) бір шаршы метр ауданды жылытуға жұмсалатын табиғи газ - 7 текше метр;
      3) тағам дайындау үшін отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ - 10 килограмм;
      4) электр энергиясын қолдану: 1 адамға - 70 киловатт, 2 адамға - 140 киловатт, 3 адамға - 160 киловатт, 4 және одан көп адамға - 180 киловатт;
      5) электр плита орнатылған болса 1 адамға - 90 киловатт, 2 адамға - 150 киловатт, 3 адамға – 210 киловатт, 4 және одан көп адамға - 250 киловатт;
      6) үйді жылытуға жұмсалатын қатты отын жылыту кезеңіне 5 тонна көмір;
      7) айына бір адам үшін суық суды қолдану 6,93 текше метр, жеке үйде тұратындар үшін – 4,57 текше метр;
      8) айына бір адам үшін ыстық суды қолдану 3,56 текше метр, жеке үйде тұратындар үшін – 5,78 текше метр.
      16. Көмірдің құнын есептеу үшін "Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.

Қаржыландыру және төлеу.

      17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      18. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды.

      19. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Илийского района

Решение маслихата Илийского района Алматинской области от 28 октября 2013 года N 24-112. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 ноября 2013 года N 2480. Утратило силу решением Илийского районного маслихата Алматинской области от 10 февраля 2014 года N 28-135

      Сноска. Утратило силу решением Илийского районного маслихата Алматинской области от 10.02.2014 N 28-135.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 05 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Илийский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Илийского района согласно приложения.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Илийского районного маслихата по вопросам социальной защиты населения, труда, занятости, образования, здравоохранения, культуры и языка.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 01 января 2014 года.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        А. Исаев

      Исполняющий обязанности
      секретаря районного маслихата              В. Батыр

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Илийский районный
      отдел занятости и социальных
      программ"                                  Куматаев Нурлан Орынбасарович
      28 октября 2013 года

      Руководитель государственного
      учреждения "Илийский районный
      финансовый отдел"                          Бопетаева Карлыгаш Болысовна
      28 октября 2013 года

Приложение к решению
Илийского районного маслихата
"Об определении размера и
порядка оказания жилищной
помощи малообеспеченным
семьям (гражданам) Илийского
района" от 28 октября
2013 года N 24-112

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам) Илийского района

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2011 года N 1626 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314, "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года N 1316 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

Общие положения.

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно - допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган – "Илийский районный отдел занятости и социальных программ" государственное учреждение, осуществляющее назначение и выплату жилищной помощи;
      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов.
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Илийском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      4. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданами на общих основаниях.
      Доля предельно допустимого уровня расходов устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов. Совокупный доход семьи исчисляется за квартал, предшествовавший кварталу обрашения, в установленном законодательном порядке.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных, без уважительных причин, отказавшихся от предложенной работы, в том числе на социальные рабочие места и общественные работы, от профессионального обучения и переобучения, за исключением инвалидов всех групп и граждан находящихся на стационарном лечении больше одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов учебных заведений дневной формы, а также лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, детьми – инвалидами до 18 лет, лицами старше 80 лет или занятых воспитанием детей в возрасте до 3 лет.

Размер и порядок оказания жилищной помощи.

      6. Расчетным периодом для начисления жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, теряет право на получение жилищной помощи.
      7. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномоченный орган или в центр обслуживания населения с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию документа, подтверждающего место жительства семьи (копию книги регистрации граждан или справка с адресного бюро);
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счет о размере ежемесячного взноса на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленным местным исполнительным органом;
      9) квитанцию - счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме;
      Заявителю для назначения жилищной помощи необходимо предоставить копии оплоченных квитанций за последний месяц предыдущего квартала.
      Документы предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      8. Заявитель сдает документы в уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи или в центр обслуживания населения.
      9. Уполномоченный орган со дня принятия заявлений рассматривает их в течение десяти календарных дней и принимает решение о назначении жилищной помощи или отказе в ней. Основанием для предоставления жилищного пособия является решение уполномоченного органа.
      10. Получатели жилищной помощи в течение пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер жилищной помощи или право получать жилищную помощь, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      11. Уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи проверяют копии документов, регистрируют их и выдают заявителю подтверждающий документ о принятии документов.
      12. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи расчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно – коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      13. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      14. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      15. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) проживающих в частном секторе для приготовления пищи на 1-го человека 12,5 кубических метров природного газа, а в благоустроенных жилых домах для приготовления пищи на 1-го человека 18,5 кубических метров природного газа;
      2) на отопление 1 квадратного метра площади природным газом –7 кубических метров;
      3) на семью для приготовления пищи потребление сжиженного газа в месяц – 10 килограмм;
      4) потребление электроэнергии: на 1-го человека -70 киловатт, на 2-х человек -140 киловатт, на 3-х человек -160 киловатт, на 4-х и более человек -180 киловатт;
      5) если установлена электроплита: на 1-го человека -90 киловатт, на 2-х человек -150 киловатт, на 3-х человек -210 киловатт, 4 и более человек -250 киловатт;
      6) на отопления жилья твердым топливом - 5 тонны угля в отопительный период;
      7) потребление холодной воды в месяц на одного человека -6,93 кубических метров, для проживающих в частном секторе -4,57 кубических метров;
      8) потребление горячей воды в месяц на одного человека -3,56 кубических метров, для проживающих в частном секторе -5,78 кубических метров;
      16. Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, предоставляемые государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции Илийского района".

Финансирование и выплата.

      17. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      18. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

Заключение.

      19. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.