Көксу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 наурыздағы N 12-12 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 09 сәуірде N 2339 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Көксу аудандық мәслихаты
      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көксу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Көксу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы "Көксу ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" N 4-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 9 шілдеде N 2-14-139 тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдедегі аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 30(139) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу аудандық мәслихатының жанындағы заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан мәслихатының хатшысы,
 
сессия төрағасы
Ә.Досымбеков
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Көксу ауданының жұмыспен
 
қамту және әлеуметтік
 
бағдарламалар бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің
 
бастығы
Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова
06 наурыз 2013 жыл
 
"Көксу ауданының қаржы
 
бөлімі" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов

      
      06 наурыз 2013 жыл

  Көксу ауданы маслихатының
2013 жылғы 06 наурыздағы
"Көксу ауданындағы аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы"
N 12-12 шешіміне қосымша

Көксу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 1626 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже.

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістердің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік, әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссиялардың құрамы қоғамдық негізінде ауылдық округтердің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылады.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушыларды (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес,тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу,сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасының орташа айлық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, барлық топтағы мүгедектерді және бір айдан астам стационарлық емделудегі азаматтарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспайтын еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі.

      5. Тұрғын үй көмегін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы бар.
      6. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жеріндегі ауылдық, кенттік учаскелік комиссияға өтініш пен төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім-шарты);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға);
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы;
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      8) жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет);
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақытты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      8. Кенттік, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және құжаттар қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      9. Уәкілетті орган кенттік, ауылдық округтің әкімдерінен қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күмән келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      11. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      12. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон);
      2) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – бір айға 50 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – бір айға 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына 3 тонна көмір.
      13. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
      14. Тұрғын үй көмегінің төлемі көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган және банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісімі негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Қорытынды.

      15. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района

Решение маслихата Коксуского района Алматинской области от 06 марта 2013 года N 12-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 09 апреля 2013 года N 2339. Утратило силу решением маслихата Коксуского района Алматинской области от 20 декабря 2013 года N 25-3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Коксуского района Алматинской области от 20.12.2013 N 25-3.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Коксуский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района согласно приложения.
      2. Решение Коксуского районного маслихата от 08 июня 2012 года N 4-5 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 9 июля 2012 года за номером 2-14-139, опубликованного в номере 30(139) районной газеты "Нұрлы Көксу" от 27 июля 2012 года) признать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Коксуского районного маслихата по соблюдению законодательства, правопорядка, социальной защиты населения, награждения и полномочий депутатов.
      4. Настоящее решение вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Секретарь районного
 
маслихата, председатель
 
сессии
А. Досымбеков
СОГЛАСОВАНО:
 
Начальник государственного
 
учреждения "Коксуский
 
районный отдел занятости
 
и социальных программ"
Шаяхметова Айгуль Нуртаевна
06 марта 2013 года
 
Начальник государственного
 
учреждения "Коксуский
 
районный финансовый отдел"
Нурмухамбетов Серик Сапарович

      
      06 марта 2013 года

  Приложение к решению
Коксуского Районного
маслихата от 06 марта
2013 года N 12-12 "Об
определении размера и
порядка оказания жилищной
помощи малообеспеченным
семьям (гражданам)
Коксуского района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года N 94 "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2011 года N 1626 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года N 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения.

      1. В настоящем размере и порядке оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      заявитель – лицо, обращающееся от имени семьи за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      уполномоченный орган – "Коксуский районный отдел занятости и социальных программ" государственное учреждение, осуществляющее назначение и выплату жилищной помощи;
      расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением Акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за получением жилищной помощи. В состав участковой комиссии входят представители органов местного государственного управления, общественных объединений, кооперативов собственников помещений (квартир), населения, организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Коксуском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      3. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      4. Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданами на общих основаниях.
      Доля предельно допустимого уровня расходов семьи в месяц на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Совокупный доход семьи исчисляется за квартал, предшествовавший кварталу обращения, в установленном законодательном порядке.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных, без уважительных причин, отказавшихся от предложенной работы, в том числе на социальные рабочие места и общественные работы, от профессионального обучения и переобучения, за исключением инвалидов всех групп и граждан находящихся на стационарном лечении больше одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов учебных заведений дневной формы, а также лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, детьми – инвалидами до 18 лет, лицами старше 80 лет или занятых воспитанием детей в возрасте до 3 лет.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи.

      5. Жилищная помощь назначается – гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан.
      6. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами.
      Не назначается или получение назначенной жилищной помощи прекращается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду.
      7. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья), обращается по месту жительства в сельскую, поселковую участковую комиссию с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище (договора приватизации, дарения, купли-продажи, аренды со сведениями размера занимаемой площади, количества комнат);
      3) копию документа, подтверждающего место жительство семьи (копию книги регистрации граждан, справка адресного бюро);
      4) документы, подтверждающие доходы всех членов семьи (за предшествующий квартал);
      5) счет о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг, квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      7) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленный местным исполнительным органом;
      8) справка об отсутствии в частной собственности более одной единицы жилья (один раз в год);
      9) квитанцию - счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      8. Аким поселкового, сельского округа принимает от заявителей документы, регистрирует и не позднее десяти дней со дня принятия документов от заявителей направляет их вместе с заключением участковой комиссии в уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи.
      9. Уполномоченный орган принимает от акимов поселкового, сельского округа заявления с прилагаемыми документами и заключениями участковых комиссий, рассматривает их в течении десяти дней со дня получения и принимает решение о назначении жилищной помощи или в отказе в ней. Основанием для предоставления жилищного пособия является решение уполномоченного органа.
      10. Получатели жилищной помощи в течение пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер или на право получать жилищную помощь, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      11. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством Республики Казахстан.
      Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      12. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью;
      2) потребление электроэнергии:
      на 1-го человека – 50 киловатт в месяц;
      на семью из 4-х и более человек – 150 киловатт в месяц.
      3) нормы на водоснабжение предоставляются поставщиками услуг;
      4) жилые дома с печным отоплением 3 тонны угля в год.
      13. Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, предоставляемые государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коксуского района" по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.
      14. Выплата жилищной помощи осуществляется путем зачисления назначенных сумм на лицевые счета получателей на основании Агентского соглашения, заключенного между уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи и филиалами банков или другими организациями, имеющими лицензию на осуществление данного вида операций.

3. Заключение

      15. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.