Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес:
1) басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормалары;
3) субсидияланатын тыңайтқыш пен гербицид түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына), тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына), гербицид жеткізушілерден және (немесе) шетелдік гербицид өндірушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.
2. "Өсімдік шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 202 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1816 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда "Ақ жол" № 100 (17617) және 2012 жылғы 11 тамызда "Знамя труда" № 91 (17651) облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
06 мамыр 2013 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 91 қаулысына 1 қосымша |
Басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары*
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.11.2013 № 376 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.* 1 дақыл айналым нормасы.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 91 қаулысына 2 қосымша |
Жеміс-жидек мен жүзімінің көп жылдық екпелерің отырғызуға және
өсуруге жұмсалған шығындардың құның ішінара өтеуге арналған
субсидиялар нормалары
кестенің жалғасы:кестенің жалғасы:
кестенің жалғасы:
кестенің жалғасы:
Апортты отырғызу схемасы, метр | Апортты отырғызу және өсіру (1 вегетация) | 2 вегетация | ||
барлық шығын | субсидия нормасы -30% | барлық шығын | субсидия нормасы -20% | |
8x6 | 1832000 | 549600 | 358200 | 71640 |
Апортты отырғызу схемасы, метр | Апортты отырғызу және өсіру (3 вегетация) | 4 вегетация | ||
барлық шығын | субсидия нормасы -20% | барлық шығын | субсидия нормасы -20% | |
8x6 | 383000 | 76600 | 385000 | 77000 |
кестенің жалғасы:
кестенің жалғасы:
кестенің жалғасы:
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 91 қаулысына 3 қосымша |