РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының шекарасына Жуалы ауданының Тоғызтарау ауылдық округінің Тоғызтарау, Жаңа өткел және Құмсуат ауылдарының 7584,0 гектар жерлерін қосу арқылы Жамбыл ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы ұлғайтылып, Жуалы ауданының әкімшілік -аумақтық шекарасының аумағы 7584,0 гектар жер көлеміне кемітіліп өзгертілсін.
2. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің бағыныстылығы «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бағынысына берілсін.
3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаевқа жүктелсін.
4. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
Облыстық Мәслихаттың
сессия төрағасы Қ. Шайхиев
Облыстық Мәслихаттың
хатшысы Б. Қарашолақов