РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-8 шешіміне(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1877 болып тіркелген, 2012 жылдың 16 қаңтарында № 6 «Ауыл жаңалығы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Жамишжанов
Аудандық мәслихат хатшысы Н. Үкібаев