Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 14.02.2014 N 263 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Шамұратов
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "23" тамыздағы
N 50 қаулысына 1-қосымша
2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
N |
Аудан атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 |
Қармақшы ауданы |
332 |
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "23" тамыздағы
N 50 қаулысына 2-қосымша
2013 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
N |
Аудан атауы |
Бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығын (теңге) |
Балабақшалар |
||
1 |
Қармақшы ауданы |
20295 |
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "23" тамыздағы
N 50 қаулысына 3-қосымша
2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
N |
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері |
1 |
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |