Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/196 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 2346 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/354 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.02.2015 № 22/354 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


      Сессия төрағасы                         Р. Борашов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімінің басшысы
      С. Қабиев
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 

      Бейнеу ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      Қ. Ақшабаев
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Бейнеу аудандық
      аумақтық инспекциясының басшысы
      Қ. Байбатыров
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 
 

Маңғыстау облыстық мәслихатының
2013 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 13/196 шешімімен бекітілген
 

Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында
иттер мен мысықтарды ұстау
ҚАҒИДАСЫ
  1. Жалпы ережелер
 

      1. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6-бабының 2-2 -тармағына сәйкес жасақталған.
      2. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртібін реттейді.
 

2. Иттерді және мысықтарды тіркеу тәртібі
 

      3. Туғанына үш ай толған иттер, екі ай толған мысықтар «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – «Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі») тіркеуден өтеді.
      4. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағиданың талаптарымен таныстырылады. Жануарлардың иесі Қағидамен танысқандығын Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.
      5. Иттер мен мысықтарды тіркеуден өткізгеннен кейін жануарлардың иесі есебінен белгіленген үлгіге сәйкес ветеринариялық паспорт беріледі.
      6. Тіркеу және қайта тіркеу кезінде иттер мен мысықтардың иелері мына құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;
      мекен-жайы, байланыс телефоны;
      иттің немесе мысықтың түрі, жынысы, аты, туылған күні, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.
      7. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берілген жағдайларда жануарлардың иесі оларды есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін екі апталық мерзімде аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелері мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн ішінде тіркелуге жатады.
 

3. Иттерді және мысықтарды ұстау тәртібі
 

      8. Иттер тұқымдарына қарамастан үш айлық жасынан бастап құтырма ауруына, обаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға қарсы егілуі, сонымен қатар гельминттерге тексерілуі немесе профилактикалық дегельминтизация жасалуы қажет.
      9. Мысықтар екі айлық жасынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егілуден, гельминтоздарға тексерілуден өтеді.
      10. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, ол иттер мен мысықтарды ұстауға жауапты адам тағайындайды.
      11. Жануарлардың иесі дер кезінде, осы Қағидада белгіленген мерзімде міндетті ветеринарлық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.
      12. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүзеге асады:
      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумақта ұстауға (пәтердің барлық тұрғындарының жазбаша келісімімен);
      кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, көп пәтерлі үйлерде, бау-бақшаларда, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы түрде немесе торда және айналадағылардың мазаларын алмайтын және қауіп келтірмейтін жағдайда ұстау.
      13. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасыға жалпы саны үштен аспайтын үлкен және орта тұқымды ит және алты айлық жасқа дейінгі мысықайлары бар үш мысық ұстау ұсынылады.
      14. Ортақ пайдаланылатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелер, кіреберістер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар мен қосалқы жайлар), үйлердің алдындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің алдындағы аумақтарынан басқа), қонақ үйлерде және жатақхана дәліздерінде көзі нашар көретін адамдарды жетектейтін иттерден басқа иттер мен мысықтарды және ұстауға жол берілмейді.
      15. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің келісімімен, жануарлардың ветеринариялық паспорты болған және санитарлық-гигиеналық ережелер сақталған жағдайда иесі итімен немесе мысығымен тұрақтауына жол беріледі.
      16. Иттер және мысықтар жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен ұсталуы керек. Иттер қашып шыға алмайтын, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасамайтын және өтіп бара жатқан адамдарды қаба алмайтын қоршалған аумақта ұсталуы керек. Кіреберісте осы маңда иттің бар екендігі жөнінде кемінде 20х30 сантиметр көлемінде иттің суреті бар «Ит күзетеді!», «Охраняется собакой!» деген ескерту тақтайша ілінеді.
      17. Егер ұстау жағдайлары санитарлық-гигиеналық және зоогигиеналық нормалармен сәйкес келген жағдайда жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде жалпы саны үштен аспайтын ит ұстауға жол беріледі.
      18. Иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде серуендету керек. Егер ондай жерлер болмаса, иттердi серуендету құла далада жүзеге асырылады;
      19. Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттер мен мысықтарды балалар алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін орындарда серуендетуге;
      3) декоративті түрінен басқа иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
      4) мас адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге;
      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.
      20. Иелері байлап кеткен иттерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер қаңғыбас иттер болып саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.
      21. Қаңғыбас иттер және мысықтар аулауды жергілікті атқарушы органмен келісім-шарты жасалған ветеринария саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жүзеге асырады.
 

4. Иттер және мысықтар сату-сатып алу және тасымалдау
 

      22. Иттерді және мысықтарды белгіленбеген орындарда, сондай-ақ ветеринарлық анықтамасыз және құжаттарсыз саудаға салуға жол берілмейді.
      23. Иттерді және мысықтарды саудаға салу, тек тиісті ветеринарлық құжаттары болған жағдайда олар 2,5-3 айға толғанда ғана жол беріледі. Егер иттер және мысықтар ветеринарлық паспортынсыз 2,5-3 айға толмай сатылған жағдайда, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулық жағдайы жөніндегі анықтаманы ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар береді.
      24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иттерді және мысықтарды саудаға салу жануарлар шаруашылығы қоры (клубы), питомниктер, зоодүкендер және мамандандырылған базарлар арқылы рұқсат етіледі.
      25. Иттерді және мысықтарды Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағына әкелу, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелу немесе Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағынан тыс жерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      26. Бейнеу ауданының елді мекендерінен тыс жерге иттерді және мысықтарды тасымалдауға (орын ауыстыруға) және әкелуге ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган берген егілгендігі туралы ветеринариялық куәлігі және арнайы үлгідегі ветеринарлық паспорты болған жағдайда рұқсат етіледі.
      27. Иттерді және мысықтарды әуе, теміржол, автомобиль, сонымен қатар су көлігімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау Ережелері негізінде жүзеге асырылады.
 

5. Ереженің сақталуын бақылау
 

      28. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында иттерді және мысықтарды ұстау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
 

6. Қорытынды ережелер
 

      29. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
 

О Правилах содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района

Решение маслихата Мангистауской области от 10 декабря 2013 года № 13/196. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 17 января 2014 года № 2346. Утратило силу - решением маслихата Мангистауской области от 27 февраля 2015 года № 22/354

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Мангистауской области от 27.02.2015 года № 22/354.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях» и пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии                     Р. Борашов

      Секретарь
      областного маслихата                    Б. Жусупов
 
 

      «СОГЛАСОВАНО»
      Руководитель Бейнеуского районного
      отдела сельского хозяйства и ветеринарии
      С. Кабиев
      10 декабря 2013 года


      Начальник отдела
      внутренних дел Бейнеуского района
      К. Акшабаев
      10 декабря 2013 года
 

      Руководитель Бейнеуской районной
      территориальной инспекции Комитета
      ветеринарного контроля и надзора
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      К. Байбатыров
      10 декабря 2013 года
 
 

Утверждены
решением Мангистауского
областного маслихата
от 10 декабря 2013 года № 13/196
 

Правила содержания
собак и кошек на территории
населенных пунктов Бейнеуского района
  1.Общие положения
 

      1. Правила содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 3 и статьи 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».
      2. Правила регулируют порядок содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района.
 

2. Порядок регистрации собак и кошек
 

      3. Собаки с трехмесячного, кошки с двухмесячного возраста проходят регистрацию в государственном учреждении «Бейнеуский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии» (Далее – районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии).
      4. При регистрации владелец собак и кошек знакомится с требованиями настоящих Правил. Запись об ознакомлении удостоверяется подписью владельца животного в Книге регистрации.
      5. После регистрации владельцам собак и кошек выдается ветеринарный паспорт установленного образца за счет владельца животного.
      6. Владельцами собак и кошек при регистрации и перерегистрации предоставляются следующие документы и сведения:
      документ, удостоверяющий личность владельца;
      домашний адрес, контактный телефон;
      порода собаки или кошки, пол, кличка, дата рождения, окрас, особые признаки или описание животного.
      7. При продаже, пропаже, гибели, передаче другому лицу собак и кошек владельцу животных в двухнедельный срок необходимо информировать районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии для снятия их с учета или перерегистрации. При перемене местожительства владельцев собак и кошек животные подлежать регистрации в течение 15 рабочих дней.


3. Порядок содержания собак и кошек
 

      8. Собак, начиная с трехмесячного возраста, независимо от породы, необходимо вакцинировать против бешенства, чумы и по эпизоотическим показаниям против лептоспироза, микроспории, а также проводить исследования на гельминты, либо делать профилактическую дегельминтизацию.
      9. Кошки, начиная с двухмесячного возраста, проходят вакцинацию против инфекционных заболеваний, общих для животных и людей, по эпизоотическим показаниям против микроспории, исследование на гельминтозы.
      10. Если владельцем собак и кошек является юридическое лицо, то им назначается лицо, ответственное за содержание собак и кошек.
      11. Владелец собак и кошек своевременно, в установленные настоящими Правилами сроки, проводит обязательные ветеринарные мероприятия, соблюдает карантинный режим животных, проводит мероприятия по ликвидации заразных болезней.
      12. Содержание собак и кошек осуществляется при условии соблюдения санитарно - гигиенических, зоогигиенических требований и настоящих Правил:
      в жилых помещениях, занятых одной семьей;
      в жилых помещениях, занятых несколькими семьями, лишь на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире);
      при предприятиях, организациях и учреждениях, многоквартирных домах, садоводческих, некоммерческих объединениях граждан, базах отдыха на привязи или вольерах и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства и создания опасности для окружающих.
      13. В квартире многоквартирного жилого дома в одной семье рекомендуется содержать не более трех взрослых собак крупных и средних пород и трех кошек с приплодами до шестимесячного возраста.
      14. Не допускается содержание собак (кроме собак – поводырей для людей со слабым зрением) и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и подсобные помещения), на придомовых территориях (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах и в коридорах общежитий.
      15. Допускается поселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией гостиницы при соблюдении санитарно-гигиенических правил и наличии ветеринарного паспорта на животное.
      16. Собаки и кошки должны содержаться в домах индивидуального жилищного фонда, в здании и на прилегающей к нему территории только с разрешения владельца этой территории или с согласия другого уполномоченного лица. Собак необходимо содержать на территории, ограждение которой должно исключить побег животного, нападение на людей или других животных, нанесение укусов прохожим. О наличии собаки на территории должна сообщать табличка при входе размером не менее 20х30 сантиметров с изображением собаки и с надписью «Ит күзетеді!», «Охраняется собакой!».
      17. Содержание не более трех собак допускается в домах индивидуального жилищного фонда, если условия содержания животных соответствуют зоогигиеническим и санитарно-гигиеническим нормам.
      18. Выгуливают собак в специально отведенных, огороженных местах. Если таковых мест нет, выгул собак осуществляется на пустырях.
      19. Не допускается следующее:
      1) содержать незарегистрированных (не состоящих на учете) и не вакцинированных собак и кошек;
      2) выгуливать собак и кошек на детских площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений и в местах проведения общественных мероприятий;
      3) выгуливать собак без намордника (кроме собак декоративных пород) и на длинном поводке;
      4) выгуливать собак и кошек лицам в нетрезвом состоянии и подросткам, не достигшим 14 - летнего возраста;
      5) купать собак и кошек в местах, предназначенных для купания людей, в фонтанах и родниковых источниках.
      20. Собаки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются бродячими собаками и подлежат отлову специальными службами.
      21. Отлов бродячих собак и кошек осуществляется государственным коммунальным предприятием в области ветеринарии, заключившим договор с местным исполнительным органом.
 

4. Торговля, а также перемещение собак и кошек
 

      22. Не допускается торговля собак и кошек в неустановленных местах, а также без ветеринарных справок и документов.
      23. Торговля собак и кошек допускается только по достижении ими возраста 2,5-3 месяца при наличии соответствующих ветеринарных документов. В случае, если собаки и кошки были проданы до достижения ими 2,5-3 месяцев без ветеринарного паспорта, покупателю щенка и кошки справка о состоянии здоровья выдается физическими и юридическими лицами, осуществляющими предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
      24. В соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан разрешается торговля собак и кошек через фонды (клубы) животноводов, питомники, зоомагазины и специализированные базары.
      25. Ввоз собак и кошек на территорию населенных пунктов Бейнеуского района, в том числе из зарубежных государств, или вывоз за пределы населенных пунктов Бейнеуского района проводится в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      26. Перевозка (перемещение) собак и кошек за пределы населенных пунктов Бейнеуского района и ввоз разрешаются при наличии специального ветеринарного паспорта особого образца и ветеринарного удостоверения о вакцинации и состоянии собак и кошек, выданного уполномоченным государственным органом в области ветеринарии.
      27. Перевозка собак и кошек воздушным, железнодорожным, автомобильным, а также водным транспортом осуществляется на основании Правил перевозок пассажиров, багажа и грузов на данных видах транспорта.
 

5. Контроль за соблюдением Правил
 

      28. Контроль за соблюдением Правил содержания собак и кошек на территории населенных пунктов Бейнеуского района осуществляют государственные учреждения, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 

6. Заключительное положение
 

      29. Ответственность за нарушение требований настоящих Правил определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.