РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2. Облыстық басқармалары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. Қалалар мен аудандар әкімдеріне ведомстволарына қарасты коммуналдық кәсіпорындар үшін таза табыстың бір бөлігін аудару нормативтерін, осы қаулының қосымшасында белгіленген шегінде белгілеу ұсынылсын.
4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Д.Н. Жұмашева
26 желтоқсан 2013 ж.
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.И. Пахомов
26 желтоқсан 2013 ж.
"Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Ф. Бектубаев
26 желтоқсан 2013 ж.
"Маңғыстау облысының мәдениет
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Т. Базарбаев
26 желтоқсан 2013 ж.
"Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.С. Дулат
26 желтоқсан 2013 ж.
"Маңғыстау облысының энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Е. Өтеғалиев
26 желтоқсан 2013 ж.
"Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
К. Ерғалиев
26 желтоқсан 2013 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсан № 382 қаулысымен бекітілген |
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:Таза табыс 500 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 3 пайыз |
Таза табыс 1 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 2 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 7 пайыз |
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 10 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін | 300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз |
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 1 140 000 теңге + 10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 7 140 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз |
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 47 140 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 10 пайыз мөлшерде белгіленеді.