"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қарақия ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының теңгерім ұстаушысы болып анықталсын.
3. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" (М.Аманиязова) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бековке жүктелсін.
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә.Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
Ө.С. Бисақаев
13 желтоқсан 2013 жыл
Қарақия ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсан № 272 қаулысымен бекітілген |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 24.04.2023 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KR-KG-1 | "Қызылсай ауылы- Сенек ауылы" | 27 |
2 | KR-KG-2 | "Жаңаөзен қаласы – Құланды ауылы" | 4,1 |
3 | KR-KG-3 | "Ракушечное" кенорнына кірме жолы | 18 |
4 | KR-KG-4 | Қарақия теміржол станциясына кірме жолы | 12 |
5 | KR-KG-5 | Мұнайшы ауылына кірме жолы | 3 |
6 | KR-KG-6 | Жетібай станциясына кірме жолы | 2 |
7 | KR-KG-8 | Құрық ауылынан өту жолы | 1 |
8 | KR-KG-9 | Қарақия теміржол станциясына өту жолы | 3 |
9 | KR-KG-10 | Құрық ауылының әуежайына өту жолы | 2 |
10 | KR-KG-11 | "Сенек ауылы- Аққұдық елді мекені" | 87 |
11 | KR-KG-12 | "Құрық ауылы – Құрық ауылының порты" | 22 |
12 | KR-KG-13 | "Құрық ауылының порты – Қызылқұм жері" | 10 |
13 | KR-KG-14 | А-33 "Доссор – Құлсары – Бейнеу ауылы– Сайөтес ауылы– Шетпе ауылы– Жетібай ауылы– Ақтау порты" автомобиль жолы учаскесінің 707 шақырымнан 713 шақырымға дейінгі 5 (бес) шақырымы | 5 |
14 | KR-KG-15 | Сенек ауылы "Ата жолы" автомобиль жолының 87 шақырымынан "Бозжыра" шатқалына кірме жолы | 13,2 |
15 | KR-KG-16 | Сенек ауылы "Ата жолы" автомобиль жолының 87 шақырымынан "Бозжыра" шатқалын қарау алаңына кірме жолы | 18,5 |
Барлығы | 227,8 шақырым |