Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
_________ Г. Оспанбеков
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 233 қаулысына қосымша |
Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
№ 1, |
Радиусі |
0,905 |
Ұзынды- |
1,05 |
Радиусі |
28,95 |
Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Тоғызақ теміржол станциясында орналасқан 1 және 2-ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).