"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының агроөнеркәсiптiк кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы Е. Аман
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы басқармасы"
ММ басшысы
________________ Ф. Филиппов
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" ММ басшысы
_____________ С. Аймұхамбетова
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" ММ басшысы
_____________ Г. Кисленкова
Әкiмдiктiң
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 547 қаулысымен
бекiтiлген
Қостанай облысының агроөнеркәсiптiк кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысының агроөнеркәсiптiк кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджет қаражаты есебiнен инновациялық жобаларды тарату және енгiзу үшiн оларды iрiктеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.
Инновациялық жобаларды іріктеу агроөнеркәсіптік кешеннің мынадай салалық бағыттары бойынша:
1) өсімдік шаруашылығы және егін шаруашылығы (оның ішінде өсімдік қорғау және оқшаулау);
2) мал шаруашылығы және ветеринария;
3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
4) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу салаларында жүзеге асырылады.
2. Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсiптiккешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткiзудi, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiн, оларды қазiргi заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектісі – Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
3) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi – "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
4) өтiнiм – инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;
5) өтiнiш берушi – инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына қатысуға өтiнiм ұсынған жеке немесе заңды тұлға.
2. Инновациялық жобаларды iрiктеудiң тәртiбi мен қаржыландыру шарттары
3. Қостанай облысының агроөнеркәсiптiк кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеу бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiмен конкурстық негiзде жүргiзіледi.
4. Конкурс өткiзу бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiмен жыл сайын ұйымдастырылады.
5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi конкурс өткiзу басталмас бұрын кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми сайтында тиiстi хабарландыру жариялайды.
6. Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш берушi осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қатаң ресімделген және нөмірленген беттерімен, бір папкаға жинақталған мынадай құжаттарды:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазбаны;
4) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға арналған шығыстар сметасын;
5) заңды тұлғалар үшiн (қосымша):
нотариалды куәландырылған жарғының (ереженің) көшiрмесiн;
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкті не мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;
соңғы екi жылдың қаржылық есептiлiгiнiң көшiрмесiн ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтiнiм берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам уақытта салық төлеушiнің салықтық берешектерi және міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына берешектерi бар немесе жоқ екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқылы тұлғаның қолы қойылып, салық органының мөрi басылған салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
өтiнiш берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам уақытта өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен берешектерi жоқ екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы қойылып, банктің мөрi басылған банк анықтамасының түпнұсқасын (егер өтініш беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктер немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда осы анықтама осындай әр банктен ұсынылады);
ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiгiн растайтын (болған жағдайда) лицензия, патент, куәлік, сертификат, диплом және басқа да құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн.
6) жеке тұлғалар үшiн (қосымша):
жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке куәлiгiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесін;
салық төлеушiнің салықтық берешектерiнің жоқ немесе бар екендiгi туралы салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiгiн растайтын (болған жағдайда) лицензия, патент, куәлік, сертификат, диплом және басқа да құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
7. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың, бастапқы деректердiң, есептердiң, негiздемелердiң толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етедi.
8. Ұсынылатын инновациялық жобаларға қойылатын талаптар:
1) жобаның инновациялық бағыттылығы, техникалық іске асырылуы және оны Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде енгізуге дайындығының деңгейі;
2) Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің салалық бағыттарына сәйкестігі мен маңыздылығы;
3) инновациялық жоба қаржысын игерудің жете тұжырымдалған және инновациялық жобаны Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде одан арғы келешегі болжамының болуы;
4) инновациялық жобаны енгізу үшін қажетті жабдықтың, инфрақұрылмның, білікті кадрлардың, жұмыс тәжірибесінің және қорының болуы;
5) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығы;
6) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі.
9. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімдерінің кезеңдері:
1) өтінімдерді тіркеу және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкес келуі мен толықтығына қарауы.
Қажетті құжаттардың толық ұсынылмау және сапасыз ресімделгені фактілері анықталған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге себебін көрсете отырып, жазбаша түрде өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тарту береді.
Ұсынылған өтініштер толық және Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келген жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі оларды Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның (одан әрі - Комиссия) қарауына енгізеді;
2) Комиссияның өтінімдерді инновациялық жобаларға қойылатын талаптардың сәйкестігіне қарауы;
3) Комиссияның инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.
10. Инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер бойынша, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiмен кейіннен Комиссияға ұсыну үшін 5 (бес) жұмыс күні iшiнде қорытынды ресімделеді.
Қағидалардың талаптарына сәйкес және инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші және екінші кезеңдерінен өткен өтінімдер Комиссиямен 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Комиссия тұрақты жұмыс жасайтын алқалы орган болып табылады.
Комиссия құрамы комиссия төрағасы – облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелерін үйлестіруші орынбасары, сондай-ақ комиссия мүшелері – облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен (келісім бойынша) құрылады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмайды.
Комиссияның жұмысшы органы бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылады.
12. Комиссияның Инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және оған комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері қолдарын қояды.
Егер отырысқа оның құрамының кемiнде 2/3 бөлігі қатысқан ретте Комиссия шешімі құқылы және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi шешiм қабылданған күннен бастап 7 (жетi) күнтiзбелiк күн iшiнде қаржыландырудан бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш берушiге жолдайды.
13. Конкурс қорытындысы бойынша Комиссияның оң шешімі негізінде хаттамаға қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі конкурс жеңімпазымен Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Шарт) инновациялық жобаны тарату және енгізу жөнiндегi Шарт жасайды және Шартта қаралған тәртіпте қаржыландыруды жүзеге асырады.
14. Инновациялық жобаны тарату және енгізуді қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттар олардың нысаналы мақсатына және Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасына сәйкес қатаң түрде пайдаланылады.
Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаттары жергiлiктi бюджетке қайтарылуға жатады.
Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың сметалық шығындарымен қарастырылмаған мақсаттарға пайдаланылған инновациялық жобаларды қаржыландыруға берілген бюджет қаражаттары толықтай жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
15. Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға арналған жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру қолданбалы сипаттағы ғылыми жетiстiктердi (әзiрлемелердi) Қостанай облысының жағдайына бейiмдеп, таратуға және енгiзуге, АӨК саласындағы жаңа технологияларды және басқа инновацияларды Қостанай облысының табиғи-климаттық, әлеуметтiк-экономикалық және өзге де жағдайларына бейiмдеуге беріледі.
16. Инновациялық технологияларды таратуды және енгiзудi көздейтiн инновациялық жобаны қаржыландыру Шартта белгіленген мерзiм ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектiсiнiң кәсiпорындарында инновациялық технологияны енгiзу шартымен ұсынылады.
3. Инновациялық жобаларды іске асыруға бақылау жасау
17. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi қаражаттың нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылуын тиiмдi бақылау мақсатында Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтiнiш берушi ұсынған аралық есептерге сәйкес инновациялық жобаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың iске асырылуына тұрақты мониторинг жүргiзеді.
18. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi инновациялық жобаны iске асыру жөніндегі барлық құжаттаманың жасалған Шарттың талаптарына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады. Ұсынылған ақпараттың Шарттың талаптарына сәйкес еместiгі анықталған жағдайда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi мұндай ақпарат келiп түскен күннен бастап 7 (жеті) күнтiзбелiк күн iшiнде қосымша ақпарат беру немесе анықталған сәйкессiздiктердi жою қажет екендiгi туралы өтiнiш берушiлерге хабарлайды.
19. Инновациялық жобаны орындау барысында Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылған шығынның, инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен жобаның бюджетiне сәйкестiгiн тексеру мақсатында бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi қажет болған жағдайда жергiлiктi атқарушы органның мүдделi уәкiлеттi органдарының мамандарын тарта отырып, мыналарды қамтитын ағымдағы қаржылық мониторингтi жүзеге асырады:
1) өтініш берушілердің Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісіне аралық есеп беру;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiнде атқарылған жұмыстарды тоқсан сайын актiлеу;
3) берілген ақпараттың Шарттың талаптарына сәйкес болмаған немесе Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын белгiленген мерзiмдерде орындамаған жағдайда, осындай ақпарат келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi өтiнiш берушiге қосымша iс-шаралар жүргiзу және/немесе қосымша ақпарат ұсынудың қажеттілігі туралы хабардар етеді.
20. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға мониторинг жүргiзу мақсатында өтiнiш берушi iс-шаралардың iске асырылуы жүзеге асырылатын объектiлерге бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi өкiлдерiнiң баруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оған ресми сұрау салу бойынша инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шара үрдісіне тікелей қатысты қажеттi ақпараттың бәрiн ұсынады.
21. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың нәтижелерiн аралық бағалау Шарттың қосымшасына сәйкес, жұмыстардың атқарылғанын және нәтижелерге қол жеткізілген деректерді растайтын материалдарды қоса бере отырып, көрсетілген қызметтердің (атқарылған жұмыстардың) аралық қабылдау-тапсыру актiлерiне қол қою арқылы жүзеге асырылады.
22. Инновациялық жобаны iске асыруды аяқтағаннан кейін инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерiн қорытынды бағалау мыналарды қоса алғанда жүргiзiледi:
1) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес өтініш берушілердің инновациялық жобаны іске асыру бойынша барлық iске асырылған iс-шаралардың, қол жеткізген нәтижелердің, сондай-ақ енгiзiлiп отырған ғылыми әзiрлеменiң тиiмдiлiгiн арттыру және алынған тәжiрибенi одан әрi тарату жөнiндегi ұсыныстардың егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын қорытынды есеп ұсынуы;
2) қаражаттың нысаналы және тиiмдi игерілуінің жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуінің мәніне қорытынды есебiн бағалау;
3) көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) жөнiндегi қорытынды қабылдау-тапсыру актiсіне қол қою.
23. Инновациялық жобаларды іске асыруға қатысқан өтiнiш берушi мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi арасында Шарттың қосымшасына сәйкес, көрсетiлген қызметтердiң (орындалған жұмыстардың) қабылдау-тапсыру актiлеріне екі данада қол қойылады.
24. Өтiнiш берушiлер бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне Шартта белгiленген тәртiпте және мерзiмдерде осы Қағидалардың 6 және 7–қосымшаларына сәйкес аралық және қорытынды есептер ұсынады.
25. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi өтiнiш берушiнiң аралық есептерiн қарау мерзiмi есеп берiлген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспауы, ал қорытынды есептi қарау мерзiмi – оны берген күннен бастап бір айдан аспауы тиiс.
26. Шартта көзделген iс-шараларды орындау қорытындылары бойынша жиынтық есеп беріледі.
27. Барлық есептер қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Өтiнiш
1. |
Тiркеу нөмiрi және күнi (бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қызметкерлерi толтырады) |
|
2. |
Инновациялық жобаның атауы |
|
3. |
Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жобаны тарату және енгiзу саласы (кiшi сала) |
|
4. |
Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негiзгi мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесiн көрсету) |
|
5. |
Инновациялық жобаның ұзақтығы (айлар бойынша) |
|
6. |
Инновациялық жобаны бастау және аяқтау күндерi |
|
7. |
Сұратылған қаражаттың сомасы, теңгемен (шығыстар сметасы) |
|
8. |
Заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, телефон/факсы, электрондық поштасының мекенжайы және (немесе) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, телефон факсі, электрондық поштасының мекенжайы |
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары ___________________________________
(атауын көрсету)
Жұмыс түрлерi | Күтiлетiн нәтижелер | |||
---|---|---|---|---|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|
1. |
||||
2. |
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазба
1. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың атауы.
2. Iс-шараларды iске асыру орны: қала, аудан, ауыл.
3. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың мақсаты мен мiндеттерi (1 беттен аспайтын).
4. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға қатысушы өтініш берушінің және агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің қысқаша сипаттамасы (1 беттен аспайтын):
толық атауы;
инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстың сипаттамасы;
мамандар, олардың атқаратын жұмыс түрлерi туралы ақпарат (түйiндемесi және бiлiктiлiгiн растайтын құжаттары қоса берiлген);
осы бюджеттік бағдарлама шеңберiнде басқа жобалардың iске асырылуы туралы ақпарат.
Жеке тұлғадан өтiнiм ұсынылған жағдайда бiлiмi, жасы, қызметiнiң негiзгi түрлерi және жұмыс тәжiрибесi көрсетiлуi қажет.
5. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың негiздемесi: іс-шараларды iске асырудың маңызы мен қажеттiлiгi, оның Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің технологиялық даму деңгейiне ықпалының сипаттамасы және еңбек өнiмдiлiгi (1 беттен аспайтын).
6. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру шеңберiнде атқарылатын негiзгi жұмыстардың сипаттамасы:
өндiрiсте қолдану үшiн инновациялық жобаны орындау барысында сынақтан өткiзу және көрсетуге ұсынылатын нақты шешiмдер және технологиялар, нақты шаруашылықтың, (облыстың) қала, аудан, ауыл экономикасы үшiн іс-жүзіндегі мәнiн бағалауда қандай жұмыстар орындалатын болады. Әр жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерiн, ресурстардың қажеттiлiгiн, оның ішінде іс-шараны iске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектiсiнiң базасында ғылыми әзiрлеменi (технологияны) тарату және енгiзу жөнiндегi ғылыми ұйымның әдiснамасын көрсету қажет (2 беттен аспайтын).
7. Нәтижелiлiгі:
өтiнiш берушiнiң еңбек өнiмдiлiгiн және өндіріс тиімділігін және (облыстың) қала, аудан, ауыл экономикасын жақсартуға жасаған ықпалын бағалай отырып, нақты нәтижелер қамтылуы тиiс инновациялық жобаларды iске асыру жөніндегі іс-шараны іске асырудың нәтижелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерi;
инновациялық жобаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды iске асырудың экономикалық қолайлылығын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсатқа сәйкестігін негiздеу қажет (1 беттен аспайтын).
8. Экологиялық бағалау ұсынылып отырған технологиялардың Қостанай облысының қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына ықпалын бағалауды қамтуы тиiс (оң, бейтарап немесе жағымсыз ықпал). Жағымсыз ықпал жасаған жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн не iстелетiнiн көрсету қажет (1 беттен аспайтын).
9. Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларды ойдағыдай аяқтау үшін негiзгi тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөнiндегi шаралар (1 беттен аспайтын).
10. Инновациялық жобаның икемділігі:
инновациялық жобаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектiсі өндiрiсiнiң қаржыландыру аяқталғаннан кейiн орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларды сипаттау қажет (1 беттен аспайтын).
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға шығыстар сметасы
___________________________________________________________
(атауын көрсету)
мың теңге
№ |
Шығыс- |
Өлшем |
Бағасы |
Құны |
айлар бойынша |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||||
1. |
Жалақы |
|||||||||||||||
1.1 |
||||||||||||||||
2.1 |
||||||||||||||||
2. |
Iссапар |
|||||||||||||||
2.1 |
||||||||||||||||
2.2 |
||||||||||||||||
3. |
Тiкелей |
|||||||||||||||
3.1 |
||||||||||||||||
3.2 |
||||||||||||||||
4. |
Үстеме |
|||||||||||||||
Барлығы: |
Ескертулер:
1. Бюджет қаражатынан және өтiнiш берушiлердiң өз қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды (болған жағдайда) жеке көрсету.
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Инновациялық жобаны тарату және енгiзу жөнiндегi
ШАРТ нысаны
______________________________________________
Атауы
20___ж. "__" __________ № ___
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын ________________________
__________________________ атынан, Қағида негiзiнде әрекет ететiн ___
___________________________________________________________________
бiр тараптан, және бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, __________________________________________________________________
атынан, Жарғы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________
__________________________________________________________________
екiншi тараптан, Инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегi комиссияның 20__ жылғы "__" __________ № ___ шешiмiн басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты және мынадай келiсiмге келдi:
1. Шарттың мәні
1.1 Тапсырыс берушi 019 "Инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылатын агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы инновациялық жобаны енгiзу жөнiнде тапсырма бередi, ал Орындаушы оны енгiзу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Бағыты:
Тақырыбы бойынша:
1.2. Орындаушы ______________________________________________ ____________________________________________________________________
инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайлардында жұмыс орындауды:
_____________________________________________________________
1) ______________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
"______________________________________________" әзiрлеген және осы
Шарттың ажырамас бөлiгi болып саналатын ____________________________
_________________________________________________ инновациялық жобаға сәйкес мiндеттенеді.
1.3. Орындаушының қызмет көрсету мерзiмi – ____ жылдың iшiнде.
1.4. Төменде көрсетiлген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлiгi болып табылады:
осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген инновациялық жобаның сипаттамасы (техникалық ерекшелiгі);
Көрсетiлген қызметтердi (орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актiсi (осы Шарттың қосымшасы).
1.5. Жұмыстар Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында орындалған жұмыстар актiсіне қол қойылғаннан кейiн аяқталған болып есептеледi.
2. Бiлiктiлiк сипаттары бойынша инновациялық жобаның
сипаттамасы мен экономикалық көрсеткiштері
2.1. Қызмет көрсету бағыты:
2.2. Ғылыми-техникалық деңгейi (жаңалығы):
2.3. Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінде қолданылатын аясы.
2.4. Тарату мен енгiзудің соңғы нақты нәтижесi.
2.5. Тарату мен енгiзудің экономикалық тиiмдiлiгi.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Орындаушы:
3.1.1. _____________________________________________ инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларға сәйкес тиiсiнше сапада қызмет көрсетуге;
3.1.2. Осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде жұмыстарды толық көлемде орындауға;
3.1.3. Жұмыстарды орындау барысында Орындаушы техникалық тапсырмада немесе осы Шартта көзделген талаптардан ауытқыса, Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша барлық айқындалған кемшiлiктердi тегiн түзетуге;
3.1.4. Орындаушы 1.3-тармақта көрсетiлген мерзiмде Тапсырыс берушіге атқарылған жұмыстар туралы толық қорытынды есеп ұсынуға мiндеттi.
3.2. Тапсырыс берушi:
3.2.1. Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын, оның қызметiне (үдерістің барысына) араласпай тексеруге;
3.2.2. Атқарылған жұмыстардың актiсiне қол қойылғанға дейiн Тапсырыс берушiнiң осы Шартты орындаудан бас тартуы туралы хабарламаны алғанға дейiн атқарылған жұмыстардың бөлiгiне тең белгiленген бағаның бөлігін Орындаушыға төлей отырып, кез келген уақытта осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
4. Шарттың жалпы сомасы және төлеу шарттары
4.1. Осы Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдердi ескере отырып, қызметтер көрсетілуіне байланысты бүкiл шығыстардың құнын қоса есептегенде _____________ теңгені (жазбаша) құрайды.
4.2. Тапсырыс берушi Орындаушының жұмыстарын мынадай тәртiппен төлейдi:
осы Шарт Қазынашылық органдарында тiркелген сәттен бастап 5 (бес) банктiк күн iшiнде Тапсырыс берушi осы Шарт сомасының 30 % алдын ала төлейдi.
Бұдан кейiнгi төлеу нақты көрсетілген қызметтер бойынша осы Шарттың қосымшасына сәйкес, Орындаушы атқарған жұмыстарының шот-фактурасы мен көрсетілген қызметтің (орындалған жұмыстың) қабылдау-тапсыру актiсiн ұсынудың негізінде толығымен өтелген алдын ала төлемнен кейiн ай сайын жүргiзiледi.
4.3. Қаржыландыру көзi: Қостанай облысының жергiлiктi бюджетi.
4.4. Орындаушы және қосымша орындаушылар өздерiнде тиiстi бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және атқарылған жұмыстардың кезеңдерi бойынша нақты құнына талдау жасауды қамтамасыз етуге мiндет етедi.
5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртiбi
5.1. Орындаушы бекітілген инновациялық жобаларды iрiктеу Қағидаларының 2 және 3-қосымшалары бойынша, Инновациялық жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шараны орындау кезеңдерiнде ресiмдеу және тапсыруға тиiстi ғылыми-техникалық және өзге де құжаттаманы бере отырып, Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Тапсырыс берушiге инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша орындалған жұмыстары туралы аралық есеп ұсынуға мiндеттенедi.
5.2. Орындаушы Тапсырыс берушiге қорытынды есептi Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес ______ жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей беруге мiндеттенеді.
5.3. Орындаушы Тапсырыс берушiге, осы Шарттың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) қабылдау-тапсыру актісін______ жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсынады.
5.4. Жұмыстар мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс берушi мерзiмiнен бұрын жұмыстарды қабылдауға және төлеуге құқылы.
5.5. Егер жұмысты орындау барысында керi нәтиже алынатындығы немесе жұмыстарды бұдан әрi жүргiзудi жалғастыру мақсатқа сәйкес емес екенi анықталса, Орындаушы жұмысты тоқтатқаннан кейiн 5 күн мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге шұғыл түрде хабарлап, оны тоқтатуға мiндеттi.
Мұндай жағдайда Тараптар жұмысты жүргiзудi жалғастыра берудiң мақсатқа сәйкестігі және бағыттары туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
6. Тараптардың жауапкершiлiгі
6.1. Осы Шартта көзделген мiндеттерді орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте жауапкершiлiк тартады.
6.2. Екi тарап қол қойған жазбаша өзгерiстердi қоспағанда, Орындаушыға осы Шартқа толықтырулар және/немесе өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлмейдi.
6.3. Белгiленген мерзімге жұмыстарды орындамаған жағдайда Орындаушы бюджетке әрбiр мерзiмінен кешiктiрiлген жұмыс күнi үшiн осы Шарттың жалпы сомасының 0,03 % мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
7. Дауларды шешу тәртiбi
7.1. Орындаушының тарапынан осы Шартта көзделмеген бұзушылық анықталған жағдайда осы Шарт кез келген кезеңiнде бұзылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда осындай негiздері бойынша осы Шарттың бұзылуына байланысты Тапсырыс берушi Орындаушыдан шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
7.2. Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында осы Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келiспеушiлiк пен дауларды тiкелей келiссөздер жүргiзу барысында шешу үшiн олар барлық күш-қайратын жұмсауы тиiс.
7.3. Егер осындай келiссөздер басталғаннан кейiн 21 (жиырма бір) күн iшiнде тараптар осы Шарт бойынша өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенiң шешiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге мүмкін.
8. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары
8.1. Егер осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындамау Тараптар не болжап білмеген, не саналы шаралар арқылы болдырмай алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде осы Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерiлмейтiн күш мән-жайларының салдарынан пайда болса, онда Тараптар мұндай ішінара немесе толық орындамау үшiн жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайларына Тараптар ықпал ете алмайтын және олардың туындағанына жауапты болмайтын оқиғалар жатады (мысалы жер сілкіну, тасқын және тағы басқалар).
8.3. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайларына сілтейтін Тарап осындай мән-жайларының туындаған күннен бастап 10 (он) күн iшiнде олардың басталуы туралы басқа Тараптарды хабардар етуге және кез келген басқа Тараптың талабы бойынша құзыретті мемлекеттік орган берген куәландыру құжатын ұсынуға міндетті.
8.4. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайларына сілтейтін Тарап осындай мән-жайларының тоқталған күннен бастап 3 (үш) күн iшiнде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға болжамдалатын мерзімін көрсете отырып, олардың тоқталуы туралы басқа Тараптарды хабардар етуге міндетті.
8.5. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлар туындаған жағдайда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай мән-жайлар және оның салдарлар әрекет ететін уақытқа ұзартылады.
9. Өзге де жағдайлар
9.1. Осы Шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерінде екі жаққа бір данадан бiрдей заңды күшi бар екі данада жасалды.
9.2. Осы Шартқа сәйкес бiр Тарап екiншi Тарапқа қандай да бiр хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жолдайды, кейiн түпнұсқасы берiледi.
9.3. Осы Шартпен тікелей карастырылмағанның бәрі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi
Тапсырыс беруші: ________________ М.О. |
Орындаушы: ________________ М.О. (заңды тұлғалар үшiн) |
Инновацияны енгізу жөніндегі
20__ жылғы ________
№ __ Шартқа қосымша
Көрсетілген қызметтерді (орындалған жұмыстарды)
қабылдау-тапсыру актісі
20 __ ж. "__"_______
Біз, төменде қол қоюшылар, бір жағынан ____________ негізінде әрекет ететін ____________ атынан Тапсырыс беруші және екінші жағынан (Жарғы (Ереже) – заңды тұлғалар үшін) негізінде әрекет ететін бірінші басшы ____________ атынан ___________ Орындаушы, __________ № ______________ Шартына сәйкес Тапсырыс беруші 019 бюджеттік бағдарламасы бойынша мына қызметтерді "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі көрсетілетін" қабылдады деп осы Актімен растаймыз:
а) _______________________________________________
б) _______________________________________________
в) _______________________________________________
Атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) құны
_____________________________________________________________ құрайды
Сома санмен және жазбаша, валютаның атауы.
Барлық салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдердi қоса отырып.
Жұмыстар (қызметтер) сапалы орындалған және Шарттың талаптарын қанағаттандырады. Тараптардың өзара наразылығы жоқ.
_____________________ _______________________
(қолы) (қолы) М.О М.О. (заңды тұлғалар үшiн)
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Аралық есептер
1. Жалпы мәліметтер
Есеп беру күнi |
|
Өтiнiш берушiнiң атауы |
|
Шарттың нөмiрi мен күнi |
|
Қаржыландырудың мақсаты |
|
Қаржыландырудың сомасы |
|
Есептiлiк кезеңi |
|
Қол жеткiзiлген нәтижелер |
|
Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда) |
|
Қорғау құжатының нөмiрi мен берiлген күнi |
2. Инновациялық жобаны енгiзу бойынша қол жеткiзiлген нәтижелер
№ |
Серіктестiң атауы |
Шарттың атауы |
Шарттың нөмiрi және күнi |
Шарттың сомасы |
Шарттың мерзiмi |
Ақы төлеу шарттары |
3. Инновациялық жобаның нәтижелерiн одан әрi тарату жөнiндегi iс-шаралар
№ |
Әлеуеттi серіктестiң атауы |
Iс-шара |
Болжамды шығыстар сомасы |
Шарт жасасудың болжамды мерзiмдерi |
4. Инновациялық жобаның нәтижелерiн енгiзудiң нақты нысаны мен көлемдерi
Енгiзу нысаны |
Енгiзу көлемдерi (мың теңге) |
|||
1 |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің жаңа өндiрiсiн ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерiн енгiзу; |
|||
2 |
Жаңа агротехнологияны және/немесе қызмет енгiзудi ұйымдастыру; |
|||
3 |
Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру; |
|||
4 |
Агротехнологияларды енгiзудiң басқа да нысандары |
*қаржыландырудың ерекшелiктерiне байланысты толтырылады.
Қостанай облысының
агроөнеркәсіптік кешені
cаласында инновациялық жобаларды
iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Қорытынды есептер
1. Жалпы мәліметтер
Есеп беру күнi |
|
Өтiнiш берушiнiң атауы |
|
Шарттың нөмiрi мен күнi |
|
Қаржыландырудың мақсаты |
|
Қаржыландырудың сомасы |
|
Есептiлiк кезеңi |
|
Қол жеткiзiлген нәтижелер |
|
Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда) |
|
Қорғау құжатының нөмiрi мен берiлген күнi (бар болған жағдайда) |
2. Инновациялық жобаны енгiзу бойынша қол жеткiзiлген нәтижелер
№ |
Серіктестiң атауы |
Шарттың атауы |
Шарттың нөмiрi және күнi |
Шарттың сомасы |
Шарттың мерзiмi |
Ақы төлеу шарттары |
3. Инновациялық жобаның нәтижелерiн одан әрi тарату жөнiндегi iс-шаралар
№ |
Әлеуеттi серіктестiң атауы |
Iс-шара |
Болжамды шығыстар сомасы |
Шарт жасасудың болжамды мерзiмдерi |
4. Инновациялық жобаның нәтижелерiн енгiзудiң нақты нысаны мен көлемдерi
№ |
Енгiзу нысаны |
Енгiзу көлемдерi (мың теңге) |
||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
||
1 |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің жаңа өндiрiсiн ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерiн енгiзу; |
|||
2 |
Жаңа агротехнологияны және/немесе қызмет енгiзудi ұйымдастыру; |
|||
3 |
Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру; |
|||
4 |
Агротехнологияларды енгiзудiң басқа да нысандары |
*қаржыландырудың ерекшелiктерiне байланысты толтырылады.